2022 жылғы 24 сәуірге тағайындалған Кеңөзек ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша кандидаттардың тіркелуі туралы
Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының
баспасөз релизі
13 сәуір 2022 жыл Атырау қ.
Атырау қаласында барлығы 4 кандидат ұсынылды: олардың ішінде 1–і саяси партиямен, 3-і өзін-өзі ұсынғандар.
Ағымдағы жылдың 13 сәуір сағат 18.00-дегі жағдаймен 3 кандидат тіркелді, олардың ішінде: 1-і саяси партиямен, 2-і өзін-өзі ұсынғандар.
Тіркеуге қажетті құжаттардың толық болмауына байланысты 1 кандидат тіркеуден бас тартылды.
Орташа бәсекелестік 3 құрады.
Барлық тіркелген кандидаттар тіркеу куәліктерін алды, сайлау бюллетендеріне енгізілді.
Тіркелгендердің ішінде 3-і ерлер немесе 100%.
Барлық кандидаттарда жоғары білімі бар.
Мамандықтары бойынша: мұғалімдер - 2, заңгер - 1.
Мемлекеттік қызметшілер - 3.
Орташа жас – 45 құрайды.
Кандидаттарды тіркеу туралы хабарлар аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетшесі мен жергілікті баспа БАҚ-да жарияланды.
Ұсыну мен тіркеу кезеңінде сайлау комиссияларына өтініштер түскен жоқ.
Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы
тел. 355255
интернет-сайт: atyrau.gov.kz