Мен Қазақстанда уақытша жұмыс істейтін Ресей азаматымын, ерікті зейнетақы жарналарын аудара аламын ба және оны қалай жүзеге асыруға болады?

Мен Қазақстанда уақытша жұмыс істейтін Ресей азаматымын, ерікті зейнетақы жарналарын аудара аламын ба және оны қалай жүзеге асыруға болады?

Иә, әрине. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы 20.12.2019 жылғы Келісімнің 3-бабына сәйкес, ЕАЭО елдері азаматтарының зейнетақы құқықтары зейнетақы жарналары есебінен сол өзіңіз жұмыс істейтін елдің азаматтарына тиесілі шарт пен тәртіпте қалыптастырылады. 

 Осы Келісімнің 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында зейнетақы жарналарына БЖЗҚ-дағы ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЕЗЖ) да жатады.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 1 мамырынан бастап БЖЗҚ-ға келіп түскен алғашқы ЕЗЖ – ЕЗЖ есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын ашуға негіз болып табылады. ЕЗЖ мөлшері мен мерзімділігін салымшы өз ырқымен белгілейді.

Бұл ретте ЕЗЖ пайдасына жасалатын жеке тұлғаны сәйкестендіру ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (Аты-жөні, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылады, ал барлық қажетті мәліметтер: жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері, БЖЗҚ-ның өзге де мәліметтері мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алынды.

БЖЗҚ-ға ЕЗЖ төлеуді екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - ЕДБ) немесе «Қазпошта» АҚ  арқылы жүзеге асыруға болады. Кейбір ЕДБ жарналарды онлайн (мобильді қосымша немесе өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы) аудару мүмкіндігін ұсынады.

БЖЗҚ сайтында егжей-тегжейлі ақпаратпен танысуға болатынын хабарлаймыз. https://www.enpf.kz/ru/services/depositors/ipa/vpc.php)  .

 

 

Дата публикации
13 апреля 2022