Мен телефон нөмірімді өзгерттім. Енді телефонымдағы БЖЗҚ қосымшасына кіргім келеді. Құпиясөзді сұрап, оны маған SMS хабарлама арқылы ескі нөміріме жібергендіктен бұл SMS келмейді. Сондықтан БЖЗҚ деректеріндегі телефон нөмірімді қалай ауыстыруға болады?
БЖЗҚ қосымшасына, enpf.kz сайтындағы «Жеке кабинетке» кірген кезде сіздің жеке ақпаратыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 57-бабына сәйкес, Қордың базасында тіркелген нөмірге ғана SMS-код жібереміз.
Жеке деректерді жаңартудың екі әдісі бар:
- enpf.kz сайтында «Электрондық қызметтер» бөлімінде «Деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу» бөлімшесін таңдап, электрондық-цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен парақшаға кіріңіз;
- БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесі арқылы.