Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хабары

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының

хабары

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 24 сәуірге Кеңөзек ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.

Ауылдық округ әкімін сайлау жөніндегі сайлау округі құрылды.

2022 жылғы 24 сәуірге тағайындалған Атырау қаласы Кеңөзек ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.

Кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 26 наурызда басталады, 2022 жылдың 8 сәуірі, сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу 2022 жылғы 26 наурызда басталады, 2022 жылдың 13 сәуірі, сағат 18.00-де аяқталады.

Сайлау туралы ақпараттар тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-бетшелерінде орналастырылатын болады.

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-atyrau/activities/8629?lang=kk

 

 

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

тел. 270256, 354461, 270969

интернет-сайт: atyrau.gov.kz

tic_atr_obl@saylau.kz, aotik2020@mail.kz

Дата публикации
25 марта 2022