Анонс

Анонс



Ү.ж. 22-23 ақпанда Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің Атырау облысына жұмыс сапары болады.

Жұмыс сапары шеңберінде:

1) ү.ж. 23 ақпанда сағат 11.00-де Ортсайлауком Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің саяси партиялардың, ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен сайлау процесі мәселелері бойынша кездесуі жоспарланып отыр.

Кездесудің өтетін орны: Атырау қ., Нұрсая-3 орамы, Абай атындағы Атырау қаласының оқушылар орталығы.

2) ү.ж. 23 ақпанда сағат 16.00-де Атырау облысының жастарымен кездесу жоспарлануда.

Кездесудің өтетін орны: Атырау қ., Студенттер даңғылы 212, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті (Kh. Dosmukhamedov Atyrau State University).

Аталған іс-шараларға БАҚ-ты аккредиттеу 2022 жылғы 22 ақпан сағат 19.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) +7 775 333 77 85; +7 701 777 97 93; +7 (7122) 27 09 69 телефондары арқылы жүргізіледі.



ҚР Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz

 

Дата публикации
21 февраля 2022