Атырау қаласының Мәслихаты хабарлайды
Атырау қаласының Мәслихаты «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V Қазақстан Республикасы заңы және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы бұйрығына сәйкес, Атырау қалаcы қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеуге конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Жұмыс тобының сандық құрамы – 7(жеті) адам, оның ішінде мемлекеттік орган өкілі – 2, коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар өкілі – 5.
Құжаттар осы конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде қабылданады (28 қаңтар – 1 ақпан күндері аралығында).
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар төмендегідей құжаттарды ұсыну қажет:
1) осы Үлгілік ереженің 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы азаматтың өтініші;
2) кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;
3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсыныстар мына мекен-жайда қабылданады:
Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі 77а, №401 кабинет, электрондық пошта atyrau-maslihat@mail.ru, Байланыс телефондары: 87122 27-12-67, Атырау қаласы Мәслихатының аппараты.
Атырау қаласының Мәслихаты
|
|
Қоғамдық кеңес туралы |
|
|
Нысан |
|
|
Кімге _____________________ |
Өтініш
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
Мен осы өтініш арқылы "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ________________________________________________________
2) ________________________________________________________
3) ________________________________________________________
4) ________________________________________________________
5) ________________________________________________________
6) ________________________________________________________
7) ________________________________________________________
20___ жылғы "____" Өтініш берушінің қолы ___________