Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
2022 жылы тағайындалатын Атырау облысының аудандық маңызы
бар қала, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауында аудандық маңызы бар қала, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың республикалық бюджет қаражаттары есебінен өтелетін шығындарының көлемін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 33-бабының 1-1, 2-1-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 «Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 21 қаңтардағы отырысының №1 хаттамасы негізінде Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Облыстық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы А. Айманакумов
Облыстық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы А. Аманжулова
Атырау қаласы
2022 жылғы 28 қаңтар
№ 2
Атырау облыстық аумақтық сайлау
комиссиясының 2022 жылғы
28 қаңтардағы №2 қаулысына
1 қосымша
Халық саны 2000 адамға дейінгі ауылдық округтер әкімдерінің сайлауында кандидаттардың республикалық бюджет қаражаттары есебінен өтелетін шығындарының көлемі
1) баспа және/немесе желілік басылымдарда көлемі 0,1 баспа табақтан аспайтын екі мақала жариялау - 50 000 (елу мың теңге) теңге;
2) теледидардан бағдарламалармен сөз сөйлеу 15 минут (тікелей эфир немесе жазба) – 50 000 (елу мың) теңге;
3) радиодан бағдарламалармен сөз сөйлеу 10 минут – 10 000 (он мың) теңге;
4) үгіт материалдарын шығару - 40 000 (қырық мың) теңге;
5) үй-жайларды жалға алу – 5 000 (бес мың) теңге;
6) көлік шығыстары - 45 000 (қырық бес мың) теңге сомасында.
Атырау облыстық аумақтық сайлау
комиссиясының 2022 жылғы
28 қаңтардағы №2 қаулысына
2 қосымша
Халық саны 2001 адамнан 5000 адамға дейінгі ауылдық округтер әкімдерінің сайлауында кандидаттардың республикалық бюджет қаражаттары есебінен өтелетін шығындарының көлемі
1) баспа және/немесе желілік басылымдарда көлемі 0,1 баспа табақтан аспайтын екі мақала жариялау - 50 000 (елу мың теңге) теңге;
2) теледидардан бағдарламалармен сөз сөйлеу 15 минут (тікелей эфир немесе жазба) – 50 000 (елу мың) теңге;
3) радиодан бағдарламалармен сөз сөйлеу 10 минут – 10 000 (он мың) теңге;
4) үгіт материалдарын шығару - 50 000 (елу мың) теңге;
5) үй-жайларды жалға алу – 5 000 (бес мың) теңге;
6) көлік шығыстары - 55 000 (елу бес мың) теңге сомасында.
Атырау облыстық аумақтық сайлау
комиссиясының 2022 жылғы
28 қаңтардағы №2 қаулысына
3 қосымша
Халық саны 5001 адамнан асатын аудандық маңызы бар қала, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауында кандидаттардың республикалық бюджет қаражаттары есебінен өтелетін шығындарының көлемі
1) баспа және/немесе желілік басылымдарда көлемі 0,1 баспа табақтан аспайтын екі мақала жариялау - 50 000 (елу мың теңге) теңге;
2) теледидардан бағдарламалармен сөз сөйлеу 15 минут (тікелей эфир немесе жазба) – 50 000 (елу мың) теңге;
3) радиодан бағдарламалармен сөз сөйлеу 10 минут – 10 000 (он мың) теңге;
4) үгіт материалдарын шығару - 65 000 (алпыс бес мың) теңге;
5) үй-жайларды жалға алу – 5 000 (бес мың) теңге;
6) көлік шығыстары - 70 000 (жетпісмың) теңге сомасында.