Қандай электрондық қызметтер бар? Індетке байланысты тағы бір рет жүзбе-жүз хабарласқым келмейді.

  1. Қандай электрондық қызметтер бар? Індетке байланысты тағы бір рет жүзбе-жүз хабарласқым келмейді.

          БЖЗҚ-ның барлық қызметтерінің 90% астамы қазір электрондық форматта көрсетіледі. Мысалы, enpf.kz сайтындағы жеке кабинетке тіркелу арқылы бірқатар қызметтерді алуға, зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді бақылауға, шарттардың деректемелерін толықтыруға және т. б. көптеген қызметтерді іске асыруға болады. Сіз бұл сервисті электрондық цифрлық қолтаңба арқылы немесе ЖСН мен парольді енгізу арқылы пайдалана аласыз. Сондай-ақ, 1 немесе 2 топтағы мүгедектік мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беріп, төлемге және (немесе) көшуге қатысты өтініштің мәртебесін бақылау және тағы басқа қызметтерге де еш қиындықсыз қол жеткізуге болады.

         Қордың  enpf.kz сайты үнемі жаңартылып отырады, онда жаңа қызмет түрлері пайда болуда.  Мысалы, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, алушыларға ыңғайлы болу және уақыттарын үнемдеу мақсатында Қор БЖЗҚ-да кемінде бес жыл жатқан, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан және оларға есептелген инвестициялық табыс есебінен зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-ның корпоративтік сайтындағы жеке кабинет арқылы қашықтықтан тағайындау туралы өтініш беру мүмкіндігін іске асырды.

         Осылайша, enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру қызметі БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары:

         - міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен: мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

         - ЕЗЖ есебінен:

         50 жасқа толған адамдарға;

          мүгедектігі бар адамдарға;

           ЕЗЖ сомасы және оларға есептелген инвестициялық табыс шегінде зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-да кемінде бес жыл болған алушыларға ұсынылады.

           Өтініш беру үшін алушылардың электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы қажет. «БЖЗҚ» АҚ-да тіркелген төлем алуға өтініштің орындалу мәртебесін enpf.kz сайтында да «Электрондық сервистер» бөліміндегі «Менің төлемдерге/аударымдарға өтініштерім» қызметінің көмегімен қадағалауға болады.

           Өтініш беру үшін ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, Жеке кабинетте авторлану, содан кейін «Қызметтер» бөлімінде «Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру» қызметін таңдау, одан әрі тиісті құжаттарды ЭЦҚ-мен толтыру және қол қою қажет.

           БЖЗҚ өтінішін өңдеу мәртебесін сайттағы жеке кабинеттің «Қызметтер» бөліміндегі «Менің төлемдерге / аударымдарға өтініштерім» қызметі арқылы оңай қадағалауға болады.

           Салымшы сайтта болжамды зейнетақы калькуляторын пайдалана отырып, болашақ зейнетақы төлемдерін өз бетінше есептей алады. Ол Қазақстанның көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі шеңберіндегі зейнетақының барлық құрамдауыштарын қамтиды: мемлекеттік базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы (немесе ортақ), сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы.

            Ол үшін «Болжамды калькулятордағы» барлық жолдарды толтыру қажет: туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақтар сомасы және т. б. Егер сіз enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте тіркелген болсаңыз, калькулятордағы өрістер автоматты түрде толтырылады және болашақ зейнетақыны есептеу екі-үш рет басу арқылы жүзеге асырылады.

           Сондай-ақ, Жеке кабинеттегі «Зейнетақы калькуляторында» жеткіліктілік шегінен асатын және тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде алуға қолжетімді сома немесе инвестициялық портфельді басқаратын компанияларға аударым туралы ақпарат қолжетімді.

           Шоттың жай-күйін қадағалауға, зейнетақы жүйесінің барлық жаңалықтары туралы білуге, зейнетақы жарналарының түскені туралы push-хабарлама алуға және т.б. көптеген қызметтерді біз жоғарыда атап өткен БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасынан да алуға болады.

           Қор көрсететін қызметтердің көпшілігін www.egov.kz электрондық үкімет сайтынан да электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) не бір реттік парольді пайдалану арқылы алуға да болады. ЭЦҚ-ны электрондық үкімет порталынан онлайн арқылы алуға болады.

           Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар үшін «Одноклассники», «Facebook», «В контакте», «Twitter» және «Instagram» сияқты танымал платформаларда БЖЗҚ-ның парақшалары әрдайым белсенді түрде қызмет етеді, онда сіздер өздеріңізді қызықтыратын сұрақтарды қоя аласыздар.

 

Дата публикации
03 ноября 2021