2021 жылғы 7 қарашаға тағайындалған Атырау облысы Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы

2021 жылғы 7 қарашаға тағайындалған Атырау облысы Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының    28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-1-тармағына сәйкес                                  Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ауылдық округ әкіміне кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:

1) Теледидар және радио бойынша бағдарламалармен сөз сөйлеу, сондай-ақ мерзімді баспа басылымдарында 2 мақала жариялау– 170 000                 (бір жүз жетпіс мың) теңге сомасында белгіленсін;

2) Сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару - 17 000 (он жеті мың) теңге сомасында белгіленсін;

3) Көлік шығыстары - 30 000 (отыз мың) теңге сомасында белгіленсін;

4) Үй-жайларды жалға алу – 3 000 (үш мың) теңге теңге сомасында белгіленсін.

  1. Осы қаулы Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
  2. Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы осы қаулыны ауылдық округ әкіміне тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.

 

Облыстық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                  А.Айманакумов

 

Облыстық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                 А.Аманжулова

 

 

Атырау қаласы,

2021 жылғы 11 қазан,

№ 9

 

 

 

 

Дата публикации
14 октября 2021