Атырау облысы кәсіпкерлерінің назарына!

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары С.Айдарбековтың төрағалығымен «Бірыңғай есеп күні» өткізіледі.

Мақсаты – бақылау-қадағалау қызметін реформалауды жүзеге асыру аясында мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі заңнаманың міндетті талаптарын бұзуды жүйелі түрде алдын-алуды дамыту, тұрақты қауіпсіз қызметті іске асыру үшін кәсіпкерлердің және ұйымдардың құқықтық сауаттылығын жақсарту.

Өткізу нысаны –  бақылау және қадағалау органдарының олардың мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерін кәсіпкерлік субъектілерімен талқылау және бизнес-қауымдастықпен кері байланысты қалыптастыру бойынша өткізілетін кездесу.

Өткізу күні – 2021 жылғы 30 қыркүйек, сағат 11.00. (онлайн режим)

Қатысушылар:

  1. Мемлекеттік органдардан – бақылау және қадағалау органдарының, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)   Атырау облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті, сондай-ақ Атырау облысының прокуратура органдарының өкілдері;
  2. Бизнес-қоғамдастықтан – бизнес-қоғам өкілдері, облыстағы кәсіпкерлердің өңірлік палаталарының өкілдері, Атырау қаласы және аудан кәсіпкерлері;
Дата публикации
20 сентября 2021