Фрилансер

Егер мен шарт бойынша жұмыс жасасам, міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) өзім төлеуім керек пе?? 

Егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт тараптарының бірі салық агенті (заңды тұлғалар, ЖК және жеке практикамен айналысатын адамдар) болып табылса, олар фрилансерлерге төленетін табыстардан міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асырады.

Егер сіз келісім-шартқа салық агенті болып табылмайтын жеке тұлға ретінде отырған болсаңыз, онда МЗЖ төлеу сіздің міндетіңіз емес, құқығыңыз болып табылады Яғни, сіз өз қалауыңыз бойынша МЗЖ-ны екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы әрі қарай БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотыңызға аудару үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының деректемелеріне аудара аласыз.

Егер сіз осы құқықты пайдаланатын болсаңыз, онда бұл зейнетақы жинақтарының сомасын ұлғайтуға ғана емес, сол арқылы базалық зейнетақы төлемінің неғұрлым жоғары мөлшерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өйткені, оны есептеу кезінде еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріледі.

Дата публикации
20 сентября 2021