Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 26 мамырдағы
№ 149 бұйрығымен
бекітілген
«Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұнын мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі стандартта келтірілген.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ұсынылған құжаттардың толық болмауы және/немесе құжаттардың қолданылу мерзімінен шыққан фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қараудан бас тарту туралы қолхат береді.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 07.12.2020 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Комиссия құрамына ғылым және мәдениет қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, шығармашылық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, тарихшылар, сәулетшілер кіреді.
Комиссия мүшелері тақ саннан тұрады, олардың қатарынан төраға және төрағаның орынбасары тағайындалады.
Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссия отырыстарын өткізеді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.
Комиссия қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіруді, оның отырыстарының хаттамаларын дайындауды Комиссия мүшесі болып табылмайтын хатшы жүзеге асырады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 07.12.2020 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Егер отырысқа Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, Комиссия шешімі заңды деп есептеледі.
Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған отырысқа қатысқан Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 07.12.2020 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 07.12.2020 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелері Стандарттың 9-тармағында көрсетілген.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 07.12.2020 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өтініш көрсетілетін қызметті алушыдан портал арқылы келіп түскен жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызмет алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
«Мемориалдық тақталарды
орнатуға рұқсат беру»
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша
____________________________
(облыстың, жергілікті атқарушы
органы Нұр-Сұлтан, Алматы
және Шымкент қалалары)
Нысан
Өтініш
________________________________________________________________________________
мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беруіңізді сұраймын
________________________________________________________________________________
(атауы, сипаттама)
Орнату мақсаты: _________________________________________________________________
Орналасқан жері (мекенжай)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Өтініш беруші туралы мәліметтер:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(туған күні, азаматтығы, паспорт немесе жеке куәлік номері,
________________________________________________________________________________
берілген уақыты, тұрғылықты жері, байланыс телефоны немесе заңды тұлғаның реквизиттері)
Қосымша: _____ бетте.
________________________________________________________________________________
(өтінішке «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартының 8-тармағына сәйкес құжаттар қоса беріледі)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін
Өтініш берушінің қолы ________________ Мерзімі______________________________
Мөр қоятын орын (заңды тұлғалар үшін)
(бар болған жағдайда)
«Мемориалдық тақталарды
орнатуға рұқсат беру»
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 07.12.2020 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
«Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||
|
1. |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
облыстың, жергілікті атқарушы органы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары |
|
2. |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) қызмет берушінің кеңсесі; 2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz |
|
3. |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
30 (отыз) күнтізбелік күні |
|
4. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
электронды (жартылай)/ қағаз түрінде |
|
5. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
«Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларға (бұдан әрі - қағидалар) 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат немесе осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беруден дәлелді бас тарту |
|
6. |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
7. |
Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау және Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады. Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. |
|
8. |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
кеңсеге: 1) аса көрнекті тұлғаның сіңірген еңбегін және/немесе айрықша оқиғаның маңыздылығын, сондай-ақ аса көрнекті тұлғаның тұруын, жұмысын, болуын және мемориалдық тақта орнату болжанатын ғимаратта немесе құрылыста болған айрықша оқиғаны растайтын архивтік анықтама және/немесе архивтік құжаттың көшірмесі және/немесе архивтік үзінді және өзге құжаттар; 2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 77 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20310 болып тіркелген) Мемориалдық тақталар орнату қағидаларының (бұдан әрі – Мемориалдық тақталар орнату қағидалары) 6 және 7-тармақтарында көрсетілген мәліметтер мен талаптарды қамтитын мемориалдық тақтаның эскизі; 3) қасбеттерінде мемориалдық тақта орнату болжанатын ғимараттың немесе құрылыстың меншік иесінің (иелерінің) немесе өзге де заңды иесінің жазбаша келісімі; 4) қасбетінде мемориалдық тақтаны орнату қаралған ғимарат немесе құрылыстың республикалық және халықаралық маңыздағы тарих және мәдениет ескерткіші болып табылған жағдайда, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның келісуі. порталға: 1) аса көрнекті тұлғаның сіңірген еңбегін және/немесе айрықша оқиғаның маңыздылығын, сондай-ақ аса көрнекті тұлғаның тұруын, жұмысын, болуын және мемориалдық тақта орнату болжанатын ғимаратта немесе құрылыста болған айрықша оқиғаны растайтын архивтік анықтаманың және/немесе архивтік құжаттың және/немесе архивтік үзіндінің және өзге құжаттардың электрондық көшірмелері; 2) Мемориалдық тақталар орнату қағидаларының 6 және 7-тармақтарында көрсетілген мәліметтер мен талаптарды қамтитын мемориалдық тақта эскизінің электрондық көшірмесі; 3) қасбеттерінде мемориалдық тақта орнату болжанатын ғимараттың немесе құрылыстың меншік иесінің (иелерінің) немесе өзге де заңды иесінің жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі; 4) республикалық және халықаралық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші болып табылатын ғимараттың немесе құрылыстың қасбеттерінде мемориалдық тақта орнатылған жағдайларда уәкілетті органның келісімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі. |
|
9. |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) комиссияның теріс шешімі. |
|
10. |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. |
«Мемориалдық тақталарды
орнатуға рұқсат беру»
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Өтінішті қараудан бас тарту туралы қолхат
________________________________________________________________________________
облыстың, жергілікті атқарушы органы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының атауы
мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беруден бас тартады, атап айтқанда:
1) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі);
2) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі);
3) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі).
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
|
облыстың, жергілікті атқарушы органы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының уәкілетті лауазымды тұлғасы ________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
Мөрге арналған орын ___________________ (бар болған жағдайда) |
Толтыру күні: « »__________ 20 __ жылы
«Мемориалдық тақталарды
орнатуға рұқсат беру»
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беру
______ қаласы № _____ «___» _______ 20___ жылы
Өтініш беруші ___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы)
Өтініш берушінің деректері:________________________________________________________
(азаматтығы, паспорттың немесе жеке куәліктің нөмірі,
________________________________________________________________________________
оның берілген күні немесе заңды тұлғаның деректемелері)
________________________________________________________________________________
Өтініш берушінің қызмет түрі______________________________________________________
Комиссия шешімі негізінде
________________________________________________________________________________
(облыстың, жергілікті атқарушы органы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары)
___________________________________ № ____ от «___» __________ 20____ жылы
орнатуға рұқсат етіледі
________________________________________________________________________________
(мемориалдық тақтаның атауы)
________________________________________________________________________________
мекен-жайы бойынша
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(орналасқан жерініӊ мекен-жайы)
облыстың, жергілікті атқарушы органы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының
уәкілетті лауазымды тұлғасы
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөрге арналған орын
___________________
(бар болған жағдайда)
Толтыру күні: « »__________ 20 __ жылы
«Мемориалдық тақталарды
орнатуға рұқсат беру»
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Мемориалдық тақтаны орнатуға рұқсат беруден дәлелді бас тарту
________________________________________________________________________________
облыстың, жергілікті атқарушы органы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының
атауы мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беруден бас тартады__________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
«Мемориалдық тақталар орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартының 9-тармағында көзделген бас тарту негіздемесі көрсетіледі.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
|
облыстың, жергілікті атқарушы органы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының уәкілетті лауазымды тұлғасы ________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
Мөрге арналған орын ___________________ (бар болған жағдайда) |
Толтыру күні: « »__________ 20 __ жылы