Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 6 мамырдағы
№ 111 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 22 қаңтардағы
№ 19 бұйрығымен
бекітілген
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің қағидалары
1-Тарау. Жалпы ережелер
2-Тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі
Процестің сипаттамаларын, нысанын, мазмұнын және көрсету нәтижесін, сондай-ақ «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметін ұсынудың ерекшеліктері ескерілген өзге мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі стандартта мазмұндалған.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініштерді қабылдау, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраныстың қабылданғандығы туралы мәртебе жіберіледі.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
Комиссияның теріс қорытындысы болған жағдайда, жауапты орындаушы белгіленген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауаптың жобасын әзірлейді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер стандарттың 9-тармағында көрсетілген.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
«Мәдени құндылықтарды
уақытша әкету құқығына куәлік
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызметін көрсетудің
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
____________________________
(облыстардың, Нұр-Сұлтан,
Алматы және Шымкент
қалаларының жергілікті
атқарушы органы)
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) немесе заңды
тұлғаның атауы)
ӨТІНІШ
Келесі мәдени құндылықтарды
1) ______________________________________________________________
2) _______________________________________________________________
(атауы, сипаттама, саны)
уақытша әкету құқығына куәлік беруді сұраймыз.
Әкету мақсаты: __________________________________________________
(орналасқан жері және елдің атауы)
3) _____________________________________________ __________________
(сипаты, тауар коды ЕАЭС СЭҚ ТН *21 бөлімінің 97 тобы)
4) _______________________________________________________________
(ЕАЭС СЭҚ ТН *қолданылатын өлшем бірліктері)
5) _______________________________________________________________
(саны)
Көрсетілетін қызметті алушының деректері:
_______________________________________________________________
(туылған күні, азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №,
_________________________________________________________________
берілген күні, тұратын жері, байланыс телефондары, жеке немесе заңды тұлға туралы
деректемелер)
____________________________________________________________________
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген ақпараттық жүйелердегі мемлекет қорғайтын құпия болып табылатын ақпараттарды пайдалануға келісім беремін.
Көрсетілетін қызметті алушының қолы _________ Күні ___________
* Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифі
«Мәдени құндылықтарды
уақытша әкету құқығына куәлік
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызметін көрсетудің
қағидаларына
2-қосымша
|
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметінің стандарты |
||
|
1. |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
|
2. |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудың әдістері |
www.elіcense.kz, www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталдары. |
|
3. |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің мерзімі |
Көрсету мерзімі – 5(бес) жұмыс күні; Ұсынылған құжаттардың толық еместігі кезінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту – 2 (екі) жұмыс күні. |
|
4. |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны |
Электрондық (толық автоматтандырылған) |
|
5. |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі |
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап. |
|
6. |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін. |
|
7. |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. 2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақытыа яқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру келесіжұмыс күнінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мекенжайлары мен орындары: 1) көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында; 2) порталда орналастырылған. |
|
8. |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; 2) уақытша әкетілейін деп жатқан мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттың немесе мәдени құндылықтың меншік құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері; 3) заттардың орналасу мақсаты мен шарттары туралы келісімшарттың электрондық көшірмесі (шет тіліндегі келісімшартқа қазақ және (немесе) орыс тіліндегі аудармалары қоса беріледі); 4) сараптамаға жататын заттың беттік және сыртқы жақтары көрсетілген электрондық түрлі-түсті фотосуреттері (2 дана); 5) заңды тұлғалар үшін – сұрау салуға қоса тіркелетін, уақытша әкету кезеңіне мәдени құндылықтардың сақталуы үшін белгілі бір адамға жауапкершілік жүктеу туралы ұйым басшысы бұйрығының электрондық көшірмесін. |
|
9. |
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) куәлік алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; 2) комиссияның теріс сараптама қорытындысы; 3) әкетілетін мәдени құндылықтардың, оларды қалпына келтіру мақсатында уақытша әкету жағдайларын қоспағанда, қанағаттанарлықсыз физикалықжай-күйі; 4) мәдени құндылықтардың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздестіруде болуы; 5) «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағында көрсетілген мәдени құндылықтарды уақытша әкету мақсаттарына сәйкес келмеуі. |
|
10. |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін, ескерілген өзге талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті ЭЦҚ-сы болған жағдайда, электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы алыстан қол жеткізу режимінде, көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы «1414» арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
«Мәдени құндылықтарды
уақытша әкету құқығына куәлік
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызметін көрсетудің
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
____________________________
(облыстардың, Нұр-Сұлтан,
Алматы және Шымкент
қалаларының жергілікті
атқарушы органы)
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына
КУӘЛІК
қаласы ______ № "___"_______ 20___ ж.
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы)
(азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №,
_________________________________________________________________
оның берілген күні немесе заңды тұлғаның деректемелері)
_________________________________________________________________
қорытындысы (облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың
жергілікті атқарушы органы)
_____________________________________ № ______ 20______ ж. "_____"__________
_________________________________________________________________
(мәдени құндылықтың атауы)
_________________________________________________________________
_______________________________________________________________ мақсатында
_________________________________________________________________
(орналасқан жері және елдің атауы)
_________________________________________________________________
20____ ж. "___"_____________ 20__ж. "___"______________ мерзіміне
Қазақстан Республикасынан тыс уақытша әкетуге рұқсат беріледі.
Уәкілетті тұлға _________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты және қызметі)
Мөр үшін орны Қазақстан Республикасы
(заңды тұлға үшін) кеден органдарының белгісі
* Еуразиялық экономикалық одақ Кеңесінің Шешімімен бекітілген Еуразиялық
экономикалық одақтың сыртқы экономикалық тауар номенклатурасы.