«Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

 

Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 175 бұйрығына
3-қосымша

«Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленген және құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру рәсімін регламенттейді.
  2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

1) «электрондық үкіметтің» веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

2) біліктілік талаптары - өтініш берушінің және лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу қабілетін сипаттайтын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде де, оның жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңінде де қойылатын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштер жиынтығы;

3) лицензия - жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға лицензиар беретін бірінші санаттағы рұқсат;

4) лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға.

  1. «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге электрондық - цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы құжаттармен өтінішті жолдайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) нысанында баяндалған.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағымен анықталған.

Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтері, лицензия туралы, лицензиялық алым туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзы арқылы беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

  1. Санат беру және қайта ұйымдастыру себептері бойынша іздестіру қызметіне лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу және (немесе) алу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті осы Қағидалардың 5-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

2) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 136 бұйрығымен бекітілген бірыңғай біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне (бұдан әрі - біліктілік талаптары) сәйкестігін қарайды - 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және «жеке кабинетке» жолдайды.

3) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен қарау нәтижелері бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес дәлелді бас тартуды ресімдейді, қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды - 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

  1. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген жағдайларда іздестіру қызметіне лицензияны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары:

1) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

2) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен қарайды лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ресімдейді, қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды - 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

  1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай:

1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;

2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;

3) заңды тұлға-лицензиат «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес қайта ұйымдастырылған;

4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда) жағдайларда қайта ресімделуге жатады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 4) және 6) тармақшаларының күші дара кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері мекенжайының, «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілер көрсетіле отырып, лицензияға қосымшалар үшін объектісінің орналасқан жері мекенжайының өзгеруі «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болған жағдайларға қолданылмайды. Лицензиаттар мен лицензия объектісі мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
  2. Неғұрлым жоғары санаттағы құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия алған кезде төмен санаттағы құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензиялары жарамсыз деп есептеледі.
  3. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (қайтарып алу) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) басшысының атына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қаралуға жатады:

көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган - тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;

мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде.

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.:

1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

2) қосымша ақпарат алу.

Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

«Құрылыс-монтаждау
жұмыстарына лицензия беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша

«Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

«Электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде және санат бере отырып, лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, қайта ресімдеу - 5 жұмыс күні;

2) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген, заңды тұлға-лицензиатты бірігу нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресімдеу кезінде - 3 жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру және қайта ресімдеу, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

1) лицензия беру үшін - 10 айлық есептік көрсеткішті;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.

Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия алуға, қайта ресімдеуге, электрондық сұрау берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушілер - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезде:

жеке тұлға үшін - осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

заңды тұлға үшін - осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны, штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін инженер-техник жұмыскердің болуын және ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуының болуын растайтын құжаттармен қоса беріледі;

лицензиаттың немесе шетелдік тұлғалар өтініш берген жағдайда, І немесе ІІ санаттағы лицензия алу қажет болғанда,- біліктілік талаптарына сәйкес іске асырылған объектілер туралы растайтын құжат, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі;

филиал арқылы шетелдік тұлға өтініш берген жағдайда, І немесе ІІ санаттағы лицензия алу қажет болғанда, лицензияның немесе шет мемлекеттің шетелдік тұлғалар үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарына тиісті растамасы бар тиісті рұқсат беру құжатының көшірмесі, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі;

2) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген, заңды тұлға-лицензиатты бірігу нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресімдеген кезде:

жеке тұлға үшін - осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған нысан бойынша өтініш;

заңды тұлға үшін - осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған, нысан бойынша өтініш;

3) санат берілуіне байланысты лицензияны қайта ресімдеген кезде порталға:

жеке тұлға үшін - осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

заңды тұлға үшін - осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

лицензияның және лицензияға қосымшаның электрондық көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда);

осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі;

4) заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде, лицензияны қайта ресімдеген кезде:

заңды тұлға үшін - осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық нысан бойынша өтініш;

осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;

заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген бөліп шығарған заңды тұлғаның лицензияны бөлініп шыққан заңды тұлғаға қайта ресімдеуге келіскені туралы шешімінің электрондық көшірмесі;

Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтері, лицензия туралы, лицензиялық алым туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзы арқылы беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;

2) лицензиялық алым енгізілмеген;

3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

4) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;

5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;

6) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің: www.kds.miid.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

«Құрылыс-монтаждау
жұмыстарына лицензия беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша

Нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші

________________________________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

________________________________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

________________________________________________________________________________

(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтiң кіші түрінің (-лері) толық атауы көрсетiлсiн)

жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруiңiздi сұраймын Жеке

тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы

________________________________________________________________________________

(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

Электрондық пошта ________________________________________________________

Телефондары ______________________________________________________________

Факс _____________________________________________________________________

Банк шоты ________________________________________________________________

(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

________________________________________________________________________________

(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,

көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

______ парақта қоса беріліп отыр

Осымен:

көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және

оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту

мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен

айналысуға сот тыйым салмайтыны;

қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес және жарамды болып

табылатындығы расталады;

өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде

ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі

шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;.

Жеке тұлға _________ _______________________________________________________

(қолы)                                   (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________

«Құрылыс-монтаждау
жұмыстарына лицензия беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша

Нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші

________________________________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

________________________________________________________________________________

(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның)

толық атауы, орналасқан орны, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның

бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе

өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

________________________________________________________________________________

(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн)

________________________________________________________________________________

________________________________ жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға

қосымшаны беруiңiздi сұраймын Заңды тұлғаның мекенжайы ___________________________

(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше

атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

Электрондық пошта ________________________________________________________

Телефондары ______________________________________________________________

Факс _____________________________________________________________________

Банк шоты ________________________________________________________________

(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

________________________________________________________________________________

(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,

көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

______ парақта қоса беріліп отыр.

Осымен:

көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және

оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту

мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен

айналысуға сот тыйым салмайтыны;

қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес және жарамды болып

табылатындығы расталады;

өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде

ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі

шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

Басшы _____________ ______________________________________________________

(қолы)                        (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________

«Құрылыс-монтаждау
жұмыстарына лицензия беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
4-қосымша

Нысан

Инженер-техник жұмыскерлер туралы мәліметтер

Инженер-техник жұмыскерлер туралы мәліметтер (сұрау салынған санатқа қарамастан

лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны алған кезде, сондай-ақ лицензияны

І санатқа қайта ресімдеген кезде толтырылады)

1) Жеке сәйкестендіру нөмірі_________________________________________________

2) Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)_____________________________________

3) Лауазымы ________________________________

4) Инженер-техник жұмыкердің аттестатының болуы ____________________________

________________________________________________________________________________

(аттестаттың нөмірі мен берілген күнін көрсету)

Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы мәліметтер (сұрау салынған санатқа

қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны алған кезде, сондай-ақ санат

бере отырып, лицензияны қайта ресімдеген кезде толтырылады)

5) Өндірістік базаның мекенжайы _____________________________________________

__________________________________________________________________________

6) Ауданы _________________________________________________________________

7) Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәліктің нөмірі _________________________

__________________________________________________________________________

8) Жалға алу туралы шарттың нөмірі ___________________________________________

9) Жалға алу туралы шарттың нөмірі мыналармен жарақталған: (болған жағдайда, «Х»

белгісін қою қажет) Өтініш берілген жұмыс түрлерін, лицензияланатын қызмет түрінің кіші

түрін орындау үшін қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен және үй-жайлармен ________

Еңбек шарттарына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен _____

________________________________________________________________________________

Өзге талаптар (лицензия алған және лицензияны І және ІІ қайта ресімдеген кезде толтырылады)

10) Жұмыс тәжірибесі _______________________________________________________

11) Іске қосылған объектілер _________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

12) Пайдалануға беру актілерінің және орындалған жұмыстар актілерінің

деректемелері ___________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

Материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы мәліметтер (сұрау салынған

санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны алған кезде толтырылады)

13) Атауы _________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

14) Өлшем бірлігі __________________________________________________________

15) Пайдалану мерзімі _______________________________________________________

16) Сипаттамасы (маркасы, қуаты)_____________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

17) Ескертпе _______________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

«Құрылыс-монтаждау
жұмыстарына лицензия беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
5-қосымша

Нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші

________________________________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

________________________________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

________________________________________________________________________________

(қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы)

______________________________________________________ жүзеге асыруға

20___ жылғы « »___________ № _____________, _______________ берілген,

(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген

күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы)

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны

(керектің асты сызылсын)

мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті ұяшыққа Х қою қажет):

1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі _________

2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______

3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгеруі _________

4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және хабарламалар

туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат

үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы

бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ________

5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе

лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның

орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _______

6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _______

7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ________

8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы _________________________________

__________________________________________________________________________

(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

Электрондық пошта ________________________________________________________

Телефондары ______________________________________________________________

Факс _____________________________________________________________________

Банк шоты ________________________________________________________________

(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

__________________________________________________________________________

(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,

көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар нөмірі)

______ парақта қоса беріліп отыр.

Осымен:

көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және

оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту

мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен

айналысуға сот тыйым салмайтыны;

қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес және жарамды болып

табылатындығы расталады;

өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде

ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі

шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

Жеке тұлға ____________ ____________________________________________________

(қолы)                                   (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________

«Құрылыс-монтаждау
жұмыстарына лицензия беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
6-қосымша

Нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші

________________________________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

________________________________________________________________________________

(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның)

толық атауы, орналасқан орны, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның

бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе

өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

__________________________________________________________________ жүзеге асыруға

(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің (-лері) толық атауы)

20___ жылғы « » _____________ № ____________, _____________ берілген, (лицензияны және

(немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және

(немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және

(немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын)

мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті ұяшыққа Х қою қажет):

1) заңды тұлға-лицензиат «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан

Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):

бірігу ____

қайта құру ____

қосылу ____

бөліп шығару ____

бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы

2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____

3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____

4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және хабарламалар

туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат

үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы

бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____

5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе

лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның

орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ____

6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ____

7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____

8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

Заңды тұлғаның мекенжайы

________________________________________________________________________________

(шетелдік заңды тұлға үшін - елі, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,

көше атауы, үй/ғимарат нөмірі (стационарлық үй-жайлар))

Электрондық пошта ________________________________________________________

Телефондары ______________________________________________________________

Факс _____________________________________________________________________

Банк шоты ________________________________________________________________

(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

________________________________________________________________________________

(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,

көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

______ парақта қоса беріліп отыр.

Осымен:

көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және

оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту

мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен

айналысуға сот тыйым салмайтыны;

қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес және жарамды болып

табылатындығы расталады;

өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде

ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі

шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

Басшы _____________ ______________________________________________________

(қолы)                                   (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _______________

Дата публикации
24 августа 2021