ӨҢІРЛІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖЕҢІМПАЗ АНЫҚТАЛДЫ.
«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының Атырау облыстық деңгейдегі комиссиясының отырысы онлайн форматта өткізілді.
Аталған конкурсқа Атырау облысының 6 ауыл әкімдері, атап айтқанда, Жылыой ауданы Қосшағыл, Исатай ауданы Қамысқала, Махамбет ауданы Жалғансай, Құрманғазы ауданы Азғыр және Жаңаталап, Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.
Өңірлік конкурстық комиссиясының отырысында ауылдық округ әкімдерімен жеке әңгімелесу жүргізіліп, олардың жобалық жұмыстары мен мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтауы мәселелері, жергілікті әкім жұмысының тиімділігіне халықтың қанағаттану деңгейін анықтайтын сауалнама қорытындысы қаралды.
Нәтижесінде, ауылдық округ әкімдерінің арасынан өңірлік конкурсының жеңімпазы болып Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округі әкімі Рафигат Ануарбековна Тажиденова танылды.
Сәйкесінше, конкурстық комиссия шешіміне сәйкес, «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауына Р.А.Тажиденова Атырау облысының атынан қатысатын болады.
Атап өту қажет, аталған конкурстың мақсаты – жұмыста жоғары тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу болып табылады.