«Үздік ауыл әкімі» конкурсына қатысушы үміткерлердің арасында өткізілген сауалнама қорытындылары туралы ақпарат

 

«Үздік ауыл әкімі» конкурсына қатысушы үміткерлердің арасында өткізілген сауалнама қорытындылары туралы ақпарат

 

Қазақстан Мемлекеттік қызмет істері агенттінің Төрағасы А.Жайылғанова бектікен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі  2021 жылға арналған жол картасы аясында  «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсын өткізу бойынша іс-шаралар жоспарының                        7-тармағын іске асыру мақсатында Атырау облысы әкімі аппаратының Әдеп жөнінлегі уәкілі Ф.Т.Ахметовамен  конкурсқа қатысушы үміткерлердің арасында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарының негізінде 14 сұрақтан тұратын сауалнама жасақталды.

Жалпы алғанда, респонденттер Кодекс бойынша жақсы білімдерін көрсетті.

Сауалнама қорытындысы келесідей: Махамбет ауданы Жалғансай ауылдық округінің әкімі Ғ.Ғ.Мырзағали барлық сұрақтарға дұрыс жауап берді. (10 балл), Құрманғазы ауданы Азғыр ауылдық округінің әкімі Ж.Жаманқұлов           14 сұрақтың 13-іне дұрыс жауап берді. (9 балл), Құрманғазы ауданы Жаңаталап ауылдық округінің әкімі О.С.Тәжібаев 14 сұрақтың 12-сіне дұрыс жауап берді.         (8 балл), Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округінің әкімі Р.А.Тажиденова, Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округінің әкімі С.Ж.Баселов 14 сұрақтың 11-іне дұрыс жауап берді.  (7 балл),  Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округінің әкімі С.А.Салықов 14 сұрақтың 8-іне дұрыс жауап берді. (5 балл).        

 

Атырау облысы әкімі

аппаратының

Әдеп жөніндегі уәкілі                                                                         Ф.Т.Ахметова

Дата публикации
12 августа 2021