Шамамен үш жыл бұрын мен ресми жұмысқа тұрдым, онда бірнеше ай жұмыс істегеннен кейін жұмыстан кетуге тура келді. Осыдан кейін менің ресми жұмысым болмады, сондықтан БЖЗҚ-ға ешқандай аударымдар жасаған жоқпын, енді Қордағы менің аздаған жинағым «күйіп кетуі» мүмкін бе, соны білгім келеді?

Сіздің зейнетақы жинақтарыңыз олардың сомасына қарамастан сіздің меншігіңіз болып табылады және сіздің жеке зейнетақы шотыңызда зейнеткерлік жасқа толғаныңызға дейін немесе оларды төлеу үшін өзге де негіздер туындағанға дейін сақталады. Жеке зейнетақы шоттарындағы ақша БЖЗҚ-да мерзімсіз сақталатынын және оның нақты қолданылу мерзімі жоқ екенін есте ұстаған жөн. Сонымен қатар, оларға үнемі инвестициялық табыс есептеледі. Ол шоттағы қаражатқа апта сайын, олар таусылғанға дейін есептеледі, яғни сіз зейнеткерлікке шығып, төлемдерді ала бастасаңыз да, қалған жинақтарға инвестициялық кіріс есептелуін жалғастыра береді.

Сондай-ақ мемлекет алушының зейнетақы төлемдерін алуға құқығы туындаған кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген қаражаты мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік беретінін атап өткіміз келеді («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабы).

Дата публикации
05 августа 2021