2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған ауылдық округ әкімдерінің сайлауына дайындық туралы Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының баспасөз релизі
24 шілде 2021 жыл Атырау қ.
Облыста 18 округ бойынша 52 кандидат сайлау бюллетеньдеріне енгізілді. Олардың ішінде 24-і саяси партиялармен («NurOtan» - 15, «Ауыл» ХДПП - 5, «АDAL» саяси партиясы - 2, ҚХП – 2), 28-і өзін-өзі ұсынғандар.
3 округте – 2 кандидаттан (Атырау қаласы Қайыршахты а/о, Құрманғазы ауданы Сафон а/о, Теңіз а/о), 1 округте – 4 кандидат (Махамбет ауданы Сайрайшық а/о), қалған 14 округте – 3 кандидаттан бар.
Сайлау бюллетеньдері жалпы сайлаушылар санының бір пайызы артығымен дайындалды және сайлау округтеріне, учаскелерге жеткізілді. Сайлау бюллетеньдері орналасқан ғимарат мөрленген, ішкі істер органдарының күзетіне берілген.
Барлық 36 сайлау учаскелеріндегі дауыс беру пунктері Ортсайлаукомның қаулысымен бекітілген тиісті ережеге сәйкес жарақтандырылған.
Учаскелерде кандидаттар жөніндегі ақпараттық плакаттар бар. Стендтерде сайлау комисиясының құрамы, телефоны, жоғары тұрған комиссиялар туралы ақпараттар, прокуратура және сот органдары туралы ақпараттар, учаскелік сайлау комиссиясының қаулысымен бекітілген дауыс беру пунктінде болудың ережесі, сонымен қатар, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 маусымдағы №29 қаулысы ілінген.
Сайлау учаскелерінде COVID-19 короновирустық инфекцияның таралуының алдын-алу бойынша тиісті шаралар қаралған. Сайлау комиссияларының мүшелері маскалар, қолғаптар, санитайзерлермен қамтамасыз етілген.
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 маусымдағы №29 «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі қаулысына сәйкес сенім білдірілген адамдар, байқаушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері вакцинация паспортын немесе тапсырған күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттің теріс нәтижесін көрсетеді. Сайлау комиссиясының төрағасы сенім білдірілген адамдардың, байқаушылардың және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің орналасқан жерін әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, 1,5 – 2 метр қашықтықта айқындайды.
Дауыс беру кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдайлар жасалған. 36 сайлау учаскелерінің 33-де мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бұрыштар ұйымдастырылған және оларға арнайы кабиналар жасақталған, лупалар, аудиороликтер, трафареттер дайындалған.
Тиісті әкімдердің қолдары қойылып АКТ бойынша алынған сайлаушылар тізімінде 44 305 сайлаушы енгізілген.
Сайлау 41 елді-мекенде 36 сайлау учаскесін қамтиды.
Сайлау учаскелері құрылмаған 12 елді мекендерде дауыс беруді ұйымдастыру мәселесі шешілді.
Ең алыс орналасқан сайлау учаскелері Құрманғазы ауданының Асан ауылдық округінде аудан орталығынан 180 км қашықтықта арналасқан.
Жергілікті атқарушы органдармен электр энергиясын, байланыс, сумен жабдықтауды үздіксіз беру бойынша және өрт, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша сайлау учаскелері обьектілеріне мониторинг жүргізілді.
Дауыс беру 2021 жылғы 25 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де басталып, сағат 20.00-де аяқталады.
Сайлау қорытындыларын ауданның (қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы үш күн ішінде анықтайды.
Басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған ауылдық округтің әкімі болып сайланды деп есептеледі.
Ауданның (қаланың) аумақтық сайлау комиссиялары жеті күн ішінде сайланған әкімді тіркеуді жүзеге асырады.
Сайланған әкімнің өкілеттігі оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады.
Сайлау туралы ақпараттар тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылуда.
Сайлау учаскелері дауыс беруге дайын.
Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы
тел. 270256, 354461, 270969
интернет-сайт: atyrau.gov.kz
tic_atr_obl@saylau.kz, aotik2020@mail.kz