2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы бойынша кандидаттардың ұсынылуы туралы
Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының
баспасөз релизі
10 шілде 2021 жыл Атырау қ.
2021 жылдың 9 шілдесі сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды.
Облыста 18 сайлау округі бойынша 73 кандидат ұсынылды, олардың ішінде 39-ы (53,4%) – саяси партиялармен, 34-і (46,6%) – өзін-өзі ұсынғандар.
Саяси партиялар 18 сайлау округі бойынша кандидаттар ұсынды: оның ішінде «Nur Otan» – 15 кандидат, «Ауыл» ХДПП – 5 кандидат, «Ақ жол» ҚДП – 3, «ADAL» саяси партиясы – 6, ҚХП – 7 кандидат, ЖСДП – 3 кандидат.
Орташа бәсекелестік 4 адамды құрайды.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың белгіленген заңнамаларға сәкестігін анықтау және оларды тіркеу шаралары жүруде, бұл шаралар 2021 жылғы 14 шілдеде, сағат 18.00-де аяқталады.
А.ж. 10 шілдесіндегі жағдаймен 54 кандидат тіркелді (74%).
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 - бабы, 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеудің қорытындылары туралы ресми ақпараттар БАҚ-да жарияланатын болады.
Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы
тел. 270256, 354461, 270969
интернет-сайт: atyrau.gov.kz