2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған округ әкімдерінің сайлауы кезеңіне Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін тағайындау туралы

 

2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған округ әкімдерінің сайлауы кезеңіне Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін тағайындау туралы


         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 20-бабы 12-тармағына сәйкес, Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 7 шілдедегі №44 хаты негізінде Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Махамбет ауданы Сайрайшық ауылдық округі әкіміне кандидат болып тіркелген Ж.Д. Пазуловтың өкілеттігін тоқтата тұру кезеңіне Қапанов Азат Салаватұлы Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалсын.
  2. Осы қаулы Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.




Атырау облыстық аумақтық

сайлау комиссиясының

төрағасы

  А. Айманакумов

 

Атырау облыстық аумақтық

сайлау комиссиясының

хатшысы


 А. Аманжолова




Атырау қаласы,

2021 жылғы 8 шілде,

№ 5

 

Дата публикации
08 июля 2021