2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Атырау облысы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауынакандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы

2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Атырау облысы

ауылдық округтері әкімдерінің сайлауынакандидаттардың

республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының

мөлшерін белгілеу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегіКонституциялық заңының    28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-1-тармағына сәйкес Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ауылдық округ әкіміне кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:

1) Теледидар және радио бойынша бағдарламалармен сөз сөйлеу, сондай-ақ мерзімді баспа басылымдарында 2 мақала жариялау– 170 000 (бір жүз жетпіс мың) теңге сомасында белгіленсін;

2) Сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару - 17 000 (он жеті мың) теңге сомасында белгіленсін;

3) Көлік шығыстары - 30 000 (отыз мың) теңге сомасында белгіленсін;

4) Үй-жайларды жалға алу–3 000 (үш мың) теңге теңге сомасында белгіленсін.

  1. Осы қаулы Атырау қаласы және аудандық аумақтық сайлау комиссияларына жіберілсін.
  2. Атырау қаласы және аудандық аумақтық сайлау комиссиялары осы қаулыны тіркелген ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың назарына жеткізсін.

 

 

Облыстық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                  А.Айманакумов

 

 

Облыстық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                 А.Аманжулова

 

 

 

Атырау қаласы,

2021 жылғы 26 маусым,

№ 4

 

 

 

 

 

Дата публикации
01 июля 2021