2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Атырау облысында ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу бойынша Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының баспасөз релизі

2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Атырау облысында ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу бойынша

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының баспасөз релизі

 

25 маусым 2021 жыл                                                                               Атырау қ.

 

А.ж. 25 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңға және сайлау мәселелері бойынша басқа да заңнамалық актілерге қол қойды.

Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын дайындау және өткізу аудандар мен қалалардың аумақтық сайлау комиссияларының ерекше құзыреті.

Қазақстан Республикасының Сайлау туралы Конституциялық заңына сәйкес сайлауды аумақтық сайлау комиссиялары кемінде 40 күн бұрын тағайындайды және өз қызметін атқарып отырған әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 10 күн бұрын өткізеді.

Әкімнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, сайлау тағайындалған күннен бастап бір ай ішінде тағайындалады және бір ай мерзімде өткізіледі.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Атырау облысы бойынша Атырау қаласы және аудандарының аумақтық сайлау комиссиялары 2021 жылғы                       25 шілдеге ауылдық округтер әкімдерін сайлауды тағайындады:

Атырау қаласында:

  1. Дамбы ауылдық округі;
  2. Қайыршақты ауылдық округі.

 

Жылыой ауданында:

  1. Қосшағыл ауылдық округі;
  2. Қара Арна ауылдық округі.

 

Индер ауданында:

  1. Жарсуат ауылдық округі;
  2. Көктоғай ауылдық округі.

 

Исатай ауданында:

  1. Аққыстау ауылдық округі.

 

Құрманғазы ауданында:

  1. Ақкөл ауылдық округі;
  2. Асан ауылдық округі;
  3. Кудряшов ауылдық округі;
  4. Орлы ауылдық округі;
  5. Сафон ауылдық округі;
  6. Теңіз ауылдық округі.

 

Қызылқоға ауданында:

  1. Қызылқоға ауылдық округі.

 

Махамбет ауданында:

  1. Ақжайық ауылдық округі;
  2. Есбол ауылдық округі;
  3. Бейбарыс ауылдық округі;
  4. Сарайшық ауылдық округі.

 

Сонымен, облыста Атырау қаласы және 6 ауданда 18 ауылдық округ әкімдерін сайлау тағайындалған.

Қалалар мен аудандардың аумақтық сайлау комиссияларының:

1) Ауылдық округтердің, ауылдардың, кенттердің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері құрылды;

2) 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған ауыл және ауылдық округ әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарлары бекітілді.

Кандидаттарды ұсыну 2021 жылдың 26 маусымынан басталады, 2021 жылдың                             9 шілдесі, сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидаттар келесі тәсілдер бойынша ұсынылуы мүмкін:

1) саяси партиялар өз мүшелері арасынан ұсынады. Бұл ретте саяси партия бір сайлау округінде бір ғана кандидат ұсынуға құқылы;

2) дауыс беруге құқығы бар тиісті округ сайлаушыларының жалпы санының кемінде 1%-ның қолдарын жинауды қамтамасыз ете отырып, өзін-өзі ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

3) егер ұсыну аяқталатын күнге екіден кем кандидат ұсынылса, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі ұсынады.

Ауылдық округ әкімі болып сайлану үшін Қазақстан Республикасының азаматының жасы 25-ке толған, іс-әрекетке қабілетті, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес, соттылығының және сыбайлас жемқорлық бойынша қылмысы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері болмауы керек.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда, дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының кемінде бір пайызы дауысының қолдауына ие болуы тиіс. Сайлаушыларды қолдау олардың қолдарын жинаумен куәландырылады.

Кандидаттарды тіркеу 2021 жылғы 26 маусымда басталады және 2021 жылғы 14 шілдеде жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

Кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған кезден, яғни сайлау күніне дейін 10 күн бұрын 2021 жылғы 14 шілдеде басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі 2021 жылғы 24 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 00-де аяқталады.

Сайлау қорытындыларын ауданның (қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы үш күн ішінде анықтайды.

Басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі болып сайланды деп есептеледі.

Ауданның (қаланың) аумақтық сайлау комиссиялары жеті күн ішінде сайланған әкімді тіркеуді жүзеге асырады.

Сайланған әкімнің өкілеттігі оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады.

Сайлау туралы ақпараттар тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.

Сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орындары, сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ақпараттар облыстық, аудандық газеттерге және atyrau.gov.kz интернет-сайтына жарияланатын болады. 

 

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

тел. 270256, 354461, 270969

интернет-сайт: atyrau.gov.kz

tic_atr_obl@saylau.kz, aotik2020@mail.kz

 

Дата публикации
25 июня 2021