Атырау облысының әкімдігі, «Атырау облыстық кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, жұмыс берушілердің облыстық бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған ОБЛЫСТЫҚ КЕЛІСІМ

                                                                                                                                                                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атырау облысының әкімдігі, «Атырау облыстық кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, жұмыс берушілердің облыстық бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған

ОБЛЫСТЫҚ КЕЛІСІМ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атырау қ., 2021 жыл
Атырау облысының әкімдігі, «Атырау облыстық кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, жұмыс берушілердің облыстық бірлестігі арасындағы 2021 – 2023 жылдарға арналған

ОБЛЫСТЫҚ КЕЛІСІМ

 

I бөлім. Жалпы ережелер

 

  1. Атырау облысының әкімдігінің, «Атырау облыстық кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің, жұмыс берушілердің облыстық бірлестігінің өкілетті өкілдері (бұдан әрі – Тараптар), Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамасына сәйкес әрекет ете отырып:

Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау;

мемлекеттің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің әлеуметтік жауапкершілігі, өзара құрмет, сенім және олардың мүдделерін ымыраға келтіруге барынша қол жеткізу;

әлеуметтік әріптестік, оның ішінде еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды ұжымдық-шарттық реттеу;

жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау, еңбек ұжымдарында келісім мен тұрақтылықты сақтау үшін сындарлы өзара әрекет ету қағидаттарын тани отырып,

осы Атырау облысының әкімдігі, «Атырау облыстық кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, жұмыс берушілердің облыстық бірлестігінің арасындағы 2021 – 2023 жылдарға арналған Облыстық келісімді (бұдан әрі – Келісім) мынадай:

1) әлеуметтік әріптестік;

2) экономикалық саясат;

3) халықты жұмыспен қамтамасыз ету;

4) лайықты еңбек жағдайлары және еңбекақы төлеу;

5) әлеуметтік саясат;

6) Келісімді іске асыру және оның орындалуын қадағалау бағыты шеңберінде жасасты.

  1. Келісімде пайдаланылатын ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

 

II бөлім. Әлеуметтік әріптестік

 

  1. Тараптар жұмыскерлердің (жұмыскерлер өкілдерінің), жұмыс берушілердің (жұмыс берушілер өкілдерінің), мемлекеттік органдардың еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша мүдделерін келісуді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдауға уағдаласты.

 

Тараптар әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша міндеттемелерді қабылдады, олар мынаған бағытталған:

1) халықтың әл-ауқатын арттыру, қоғамдағы теңсіздікті азайту, экономиканы дамыту және жұмыспен қамтуды қолдау, азаматтық қоғамды қалыптастыру және Тараптардың мүдделерін қозғайтын басқа да мәселелер бойынша міндеттерді шешу үшін әлеуметтік әріптестікті қолдану саласын кеңейтуді көздейтін «Әлеуметтік әріптестік туралы» Заңды әзірлеуге ұсыныстар беруге қатысу;

2) кәсіптік одақтар бірлестігінің (қауымдастығының, одақтардың) және жұмыс берушілер бірлестігінің (қауымдастығының, одақтардың) өз мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау бойынша рөлін арттыру;

3) кәсіптік одақтар бірлестігінің (қауымдастығының, одақтарының) және жұмыс берушілер бірлестігінің (қауымдастығының, одақтарының) қызметіне араласпау, оларды құруға және жұмыс істеуіне кедергі болмау туралы заңнамалық және жалпыға бірдей танылған халықаралық нормалар мен қағидаларды сақтау;

4) Халықаралық еңбек ұйымының конвенциялары мен ұсынымдарына сәйкес Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі  облыстық комиссия (бұдан әрі – облыстық комиссия) туралы жаңа Ережені қабылдауды көздейтін облыстық комиссияны жаңғырту;

5) Облыстық комиссияның отырыстарында Тараптардың консультациялары мен келіссөздерін тұрақты өткізу, сондай-ақ еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша оның шешімдерін толық, уақтылы және сапалы орындау;

6) Тараптардың әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық актілердің салалық жобаларын әзірлеуге ұсыныстар беруді қамтамасыз ету;

7) еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелерін қарау кезінде Тараптар өкілдерінің Облыс әкімдігінің отырыстарына қатысуы;

8) ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдарын реттеу, оларды шешудің қолданыстағы тәртібін жетілдіру, сондай-ақ Атырау облысының ұйымдарында әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу практикасын дамыту;

9) жұмыскерлер мен жұмыс берушілер үшін еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіру, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек жанжалдарында консенсусқа қол жеткізу бойынша бірлескен семинарлар мен тренингтер өткізу;

10) өңірлік келісімдер жасасу, оларды кейіннен орындау тәжірибесіне мониторинг жүргізу және қорытындылау, сондай-ақ ұжымдық шарттар негізінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу үшін қадағалауды жүзеге асыру.

 

III бөлім. Экономикалық саясат

 

  1. Тараптар халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру, сондай-ақ экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету бойынша орта мерзімді мақсаттарға қол жеткізу мақсатында экономикалық саясатты дамытуға бағытталған шараларды қабылдауға уағдаласты және өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

Атырау облысының әкімдігі:

1) салықтық-бюджет саясатын отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және импортты алмастыруды ынталандыруға бағыттау;

2) мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен шараларының атаулылығын кеңейту және арттыру;

3) бизнестің банктік кредиттеуге тәуелділігін төмендету үшін микрокредит беруді, факторингті, қор нарығының мүмкіндіктерін кеңейту арқылы банктік кредиттеуге баламаларды дамытуды қамтамасыз ету;

4) бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты жалғастыру, оның ішінде:

«Бизнеске арналған үкімет» қызметтер көрсетудің бірыңғай кеңсесі қағидаты бойынша мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының жаңа форматын кеңейту;

бизнес құру рәсімдерін оңайлату және әкімшілік кедергілерді қысқарту;

мемлекеттік реттеуді, оның ішінде салықтық әкімшілендіруді оңтайландыру және жұмсарту, нарыққа кіру және бизнесті жүргізу процестері бойынша кедергілерді азайту;

инфрақұрылымның қолжетімділігі мен сапасын арттыру;

мемлекеттік сатып алуға, квазимемлекеттік секторды сатып алуға және жер қойнауын пайдаланушылардың реттелетін сатып алуына қатысу бойынша отандық бизнес үшін қолжетімділікті кеңейту;

мемлекеттік-жеке меншік әріптестік құралдарын, оның ішінде фискалдық ынталандырулар, жеңілдіктер мен преференциялар арқылы кеңейту;

инвестициялық заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз ету;

мемлекеттің экономикаға тікелей қатысуын азайту;

ЭЫДҰ елдерінің озық практикасын қолдана отырып, квазимемлекеттік сектор мен жеке бизнес арасында бәсекелестік ортаны қалыптастыру;

«жасанды монополияларды бұзу» қағидаты бойынша заңнаманы жетілдіруге ұсыныстар беру, монополияларға көрсетілетін мемлекеттік қолдауды қысқарту, сондай-ақ баға белгілеудің және монополиялар қызметтері мен тауарларын жеткізу тізбектерінің ашықтығын қамтамасыз ету;

көлеңкелі экономиканың үлесін төмендету бойынша ынталандыру шараларын қолдану;

кәсіпорындарды жасанды банкроттыққа және рейдерлік басып алуға жол бермейтін заңнама нормаларын күшейтуге қатысу.

 

Тараптар бірлесіп:

1) салықтық әкімшілендіруді жеңілдету жөніндегі шараларды пысықтауға;

2) импортты алмастыруды ынталандыруға және отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға салық-бюджет саясатын дамыту шараларын қабылдауға;

3) мемлекеттік сатып алу жүйесінің, оның ішінде квазимемлекеттік сектордың ашықтығын қамтамасыз етуге;

4) ауыр бұзушылықтар бойынша жауапкершілікті қатаңдата отырып, болмашы құқық бұзушылықтарға «жұмсақ құқық» құралдарын неғұрлым кеңінен қолдануға көше отырып, бәсекелестікті дамыту жөніндегі проактивті мемлекеттік саясатты енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыруға;

5) озық практикалар мен ЭЫДҰ стандарттарын имплементациялау жөніндегі, сондай-ақ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын ұлттық және жаһандық деңгейлерде іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруға;

6) өңірлерде бәсекелестікті дамыту стандарттарының жүйесін  қалыптастыруға;

7) кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін, сапа менеджменті жүйелерін, корпоративтік басқару қағидаттарын және еңбек пен капиталдың өнімділігін арттыратын энергия үнемдеушіозық технологияларды ендіруде жәрдемдесуге уағдаласты.

 

IV бөлім. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету

 

  1. Тараптар еңбек нарығын дамытуға және халық табысының өсуін арттыру үшін халықты тиімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған шаралар қабылдауға уағдаласты және өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

Атырау облысы әкімдігі:

1) жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша жағдай жасайды, оның ішінде:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, оның ішінде онлайн режимде;

- жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру;

- «Жас кәсіпкер» жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша  жағдайлар жасайды;

2) жұмыспен қамтамасыз етуге, жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеуге және қосымша жұмыс орындарын құруға бағытталған Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасын іске асырады;

3) жалдау мен жұмыспен қамтудың жаңа нысандарын дамыту және енгізу бойынша кешенді жұмыс жүргізеді;

4) білім беру жүйесін еңбек нарығының қажеттілігіне және оның даму перспективаларына сәйкес кадрлар даярлауға бағдарлайды;

5) жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен құзыреттер алу мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді;

6) әлеуметтік сақтандыру арқылы нәтижелі жұмыспен қамтуды ынталандыратын болады;

7) жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген адамдарды жұмыспен қамтуға ықпал ететін іс-шараларды жүзеге асырады;

8) шетелдік жұмыс күшін тартуды квоталау арқылы ішкі еңбек нарығын қорғайды;

9) жұмыс берушілерге мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жәрдем көрсетеді.

 

Жұмыс берушілердің облыстық бірлестігі:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттерін ұжымдық шарттарға және (немесе) салалық, өңірлік келісімдерге енгізу бойынша жұмыстарды жүргізеді;

2) халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп, жұмыс берушілерге қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жастар практикасын өткізу үшін жұмыс орындарын  хабардар етеді және жәрдемдеседі;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушілердің мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құруын қамтамасыз етеді;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының стандарттарын сақтай отырып, мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі квотаны орындау бойынша жұмыс берушілердің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етеді;

5) жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін мамандықтар бөлінісінде бос орындардың болуы туралы мәліметтерді және жұмыс орындарын болжамды құру туралы деректерді еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасына, оның ішінде «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы ұсынуды қамтамасыз етеді;

6) жұмыс берушілердің құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері (ұйым ішінде) болып табылатын заңды тұлғаларға (филиалдарға, өкілдіктерге және (немесе) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерге) қысқартылатын жұмыскерлердің ұқсас лауазым, тиісті біліктілік, мамандық немесе кәсіп, орындалатын жұмыстың күрделілігі, саны мен сапасы бойынша бар бос орындарға ауысуын жұмыс берушілерге қамтамасыз етеді;

7) халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және шарттарда «Бірінші жұмыс орны» жобасы шеңберінде жастарды бірінші жұмыс орнына жұмысқа орналастыруда жұмыс берушілерді хабардар етеді және жәрдемдеседі;

8) кандидаттардың біліктілігі тең болған кезде (жұмыскердің білім деңгейін, білімін, іскерлігін, кәсіптік дағдылары мен жұмыс тәжірибесін ескере отырып) қазақстандық мамандар үшін жұмыс берушілердің жұмысқа орналасуға басым құқық беруі арқылы шетелдік мамандарды біртіндеп қазақстандық мамандармен ауыстыру жөнінде шаралар қолданады және шетелдік мамандарды қазақстандық мамандармен біртіндеп ауыстыру жөнінде шаралар қолданады;

9) жастардың аға буыны жұмыскерлерінің тәжірибесі мен дағдыларын беру үшін тәлімгерлік бойынша жұмысты күшейтеді;

10) халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жұмыс берушілердің жұмыс орындарын сақтауын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

11) ұйымдарды қайта құрылымдау процесінде жұмыс берушілердің жұмыскерлерді жаппай босатуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.

 

Кәсіптік одақтардың облыстық бірлестігі:

1) бұқаралық ақпарат құралдарында жұмысшы кәсіптері мен мамандықтарын танымал етуді жүзеге асырады;

2) жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге қатысады.

 

Тараптар бірлесіп:

1) XXI ғасырдың жоғары сапалы және талап етілетін дағдыларымен адами капиталды дамыту облыстың дамуының жаңа бағытының басым міндетіне айналады;

2) жұмыс күшінің еңбек ұтқырлығын қамтамасыз ету, өнімділігі төмен салаларда, экономиканың бейресми секторында жұмыспен қамтылғандарды және жұмыссыздарды қолдауға бағдарлауды сақтау, еңбек нарығының инфрақұрылымын жетілдіру және жұмыспен қамтудың икемді нысандарын ресімдеу арқылы қолда бар еңбек ресурстары өнімділігінің өсуіне жәрдемдесуге;

3) Атырау облысында халықты жұмыспен  қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ 2023 жылға қарай жұмыссыздық деңгейін 4,9%-дан аспайтын деңгейде сақтау жөніндегі жұмысты жүргізуге;

4) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты болжамдау, еңбек нарығы туралы хабардар ету жүйесін жетілдіруге;

5) экономика салаларын білікті кадрлармен қамтамасыз етуге;

6) еңбек ресурстарының сапасы мен әлеуетін арттыруға;

7) жұмыспен қамтудың жаңа құрылымын және жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіптік білім берудің білім сапасын жаңғыртуды ескере отырып, кадрлар даярлау бойынша жүйелі шаралар қабылдауға;

8) мынадай:

ұлттық біліктілік жүйесін дамытуға;

кәсіптік стандарттарды әзірлеуге;

ұлттық біліктілік шеңберін бекітуге;

реттелетін кәсіптер тізбесін әзірлеуге, қайта қарауға және бекітуге;

жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын және басшылар, мамандар мен қызметшілер лауазымдарының бірыңғай біліктілік анықтамалығын жаңғыртуға;

кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың салалық бағдарламаларын әзірлеуге;

кадрларды сертификаттау жүйесін қалыптастыруға;

кәсіптік бағдарлау жүйесін дамытуға;

жұмыстан босатылатын жұмыскерлерді өндірісішілік оқытуды және озыңқы кәсіптік оқытуды дамытуға;

кадрлардың кәсіби ұтқырлығы мәселелері бойынша консультациялар өткізуге қатысу;

9) экономика салалары бөлінісінде «Жаңа кәсіптер атласын» әзірлеуге, өзектілендіруге және қолдануға қатысуға.

10) «Еңбек жолы» республикалық конкурсын және «WorldSkills» кәсіби шеберлік чемпионатын өткізуге қатысуға уағдаласты.

 

V бөлім. Лайықты еңбек жағдайлары және еңбекақы төлеу

 

  1. Тараптар қолайлы, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасауға, гендерлік теңдікке, жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауға, жұмыскерлердің еңбек әлеуетін дамытуға, оның ішінде жұмыскерлердің өндірістік шешімдер қабылдауға қатысуы арқылы дамытуға бағытталған шаралар қабылдауға уағдаласты және өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

Атырау облысы әкімдігі:

1) мемлекеттік еңбек инспекторларының профилактикалық жұмысқа және еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алуға бағытталатын қызметін жетілдіреді;

2) қашықтықтан жұмыс істеуді реттеуді жетілдіру бөлігінде еңбек заңнамасына өзгерістер енгізу мәселесін қарауға қатысады;

3) жалпы үрдістерді анықтау және алдын алу шараларын қабылдау мақсатында өндірістік жарақаттануды, кәсіптік ауруды анықтау және талдау жөніндегі жаңа әдістер мен құралдарды енгізуді қамтамасыз етуге қатысады;

4) Атырау облысы аумағында төтенше жағдайлар басталған кезде жұмыс берушілердің (кәсіпорындардың, ұйымдардың) шығыстарын мемлекеттік бюджеттен ішінара субсидиялау (өтеу) мәселесін қарауға қатысады;

5) өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мәселесін қарайды;

6) қауіпсіз, экологиялық таза қоршаған ортаны құру, табиғи ресурстарды теңгерімді пайдалану жолымен өмір сүру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге қатысады;

7) әйелдердің еңбегін пайдалану шектелетін жұмыстар тізімінің күшін жою мәселесін қарауға қатысады;

8) еңбек қызметіне байланысты зиянды еңбек жағдайларында және жазатайым оқиғаларда жұмыс істейтін жұмыскерлердің статистикалық есептілігі мен оларды есепке алу жүйесін жетілдіруді қоса алғанда, еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау жай-күйінің мониторингі жүйесін дамытуды қамтамасыз етеді;

9) жұмыскерлердің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша ұйымдардың басқару органының отырыстарына жұмыскерлер өкілдерінің қатысуының халықаралық тәжірибесін зерделейді, қажетіне қарай заңнаманы өзгерту жөнінде ұсыныстар дайындайды.

 

Жұмыс берушілердің облыстық бірлестігі:

1) жұмыс берушілердің еңбекті қорғауды басқару жүйесін жаппай енгізуіне жәрдемдеседі;

2) жұмыс берушілердің кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы қағидаларды, нормалар мен стандарттарды сақтауына және жұмыс берушілердің қажетті ресурстарды (материалдық, кадрлық, техникалық және т. б.) бөлуіне жәрдемдеседі;

3) жұмыс берушілердің әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін іске асыру үшін, оның ішінде келісімдер мен ұжымдық шарттар шеңберінде жағдайлар жасауына ықпал етеді;

4) жұмыс берушілердің жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі алдын алу шаралары кешенін, оның ішінде:

өндірістік жарақаттанудың алдын алу;

ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді мерзімді медициналық қарап-тексеруден және зерттеп-қараудан өткізу;

кәсіптік тәуекелдерді басқару тетіктерін өндірістік практикаға енгізу шараларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

5) жұмыс берушілердің жалақыға және міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдарға арналған қаражатты өзге мақсаттарға пайдалануына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;

6) ұқсас және біліктілігі бірдей жұмыстарды орындау кезінде шетелдік және отандық жұмыскерлер арасында еңбекақы төлеу саласында жұмыс беруші тарапынан кемсітушілікке жол бермеуді қамтамасыз етеді.

 

Кәсіптік одақтардың облыстық бірлестігі:

1) салалық және өңірлік үшжақты келісімдерде және ұжымдық шарттарда бекітілген талаптарда және тәртіппен Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізуді жандандырады;

2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестердің жұмысын, оның ішінде еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға тексерулер жүргізуі бөлігінде жандандырады;

3) ұжымдық-шарттық қатынастарды, сондай-ақ отандық кәсіпорындарда жасалған электрондық еңбек шарттарын тарату жөніндегі ақпараттық науқандарды жүргізеді;

4) еңбек ұжымдарында өндірістегі жазатайым оқиғалардың, жарақаттар мен аурулардың ауқымы мен салдарын талдамалық баяндамалар дайындау арқылы түсіндіреді.

 

Тараптар бірлесіп:

1) 2021 жылы Халықаралық еңбек ұйымы ұсынатын Лайықты еңбек тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жол картасын әзірлеуге қатысады;

2) әзірленген ұсыныстарды кейін уәкілетті мемлекеттік органдарға практикалық іске асыру үшін жібере отырып, Облыстық комиссияның, оның жұмыс топтарының, өңірлік комиссиялардың отырыстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттану, кәсіптік ауру жай-күйі мәселелерін қарауға қатысады;

3) 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша:

әйелдер мен ерлер үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерін;

ана мен баланы қорғауды, әйелдерді әлеуметтік қолдауды, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы гендерлік проблемаларды шешуді;

балаларды күтумен және олардың тәрбиесімен айналысатын ерлер мен әйелдерге тең қолдау көрсетуді;

әйелдер мен ерлердің еңбекақысындағы теңдікті;

басқару функцияларын жүзеге асыратын әйелдердің үлесін кеңейтуді қамтамасыз ететін шаралар қабылдауға қатысады;

4) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша:

еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласында олардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге;

өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасауға;

жастардың оң қоғамдық бастамаларын қолдау және ынталандыруға бағытталған шараларды қабылдауға;

5) балалар еңбегінің ең нашар түрлерін тиімді жоюға бағытталған ұлттық саясатты сақтауға және іске асыруға жәрдемдесуге;

6) еңбекті қорғауды басқару жүйесі нәтижелілігінің төменде көрсетілген:

өндірістік жарақаттану деңгейін (1000 адамға шаққанда жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті) 2023 жылға қарай 0,26-ға дейін азайту;

ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлес салмағын (ірі және орта кәсіпорындар арасында) 2023 жылға қарай
94,2%-ға дейін ұлғайту;

зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлердің үлес салмағын 2023 жылға қарай 20%-ға дейін қысқарту көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі шараларды іске асыруға қатысуға;

7) облыс кәсіпорындарын «VizionZero» халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының бағдарламасына қосу жөніндегі ақпараттық науқанды жалғастыруға;

8) жұмыс беруші экономикалық дәрменсіз (банкрот) болған жағдайда жұмыскерлердің ақшалай өтемақы алуға құқықтарын қорғау жөнінде шаралар әзірлеу және қабылдау үшін консультациялар өткізуге;

9) кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құруға, сондай-ақ олардың тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдесуге;

10) облыстың кәсіпорындарында:

қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша тапсырыс берушіден мердігерге дейін сатылы бақылауды;

еңбекті қорғау мен қауіпсіздігінің қазіргі заманғы стандарттарын енгізу жөніндегі жұмысты жүргізуге;

11) еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға келісімдерде, ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актілерінде айқындалатын мөлшерде, бірақ жалақының ең төмен мөлшерінен кем емес ай сайынғы қосымша ақыны жүзеге асыру мәселесі бойынша консультациялар өткізуге, сондай-ақ жұмыс берушінің және (немесе) кәсіптік одақтардың қаражаты есебінен мамандандырылған білім беру ұйымдарында олардың жыл сайынғы оқуын өткізуге қатысады.

 

VI бөлім. Әлеуметтік саясат

 

  1. Тараптар әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шараларды олардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін жағдай жасау және мынадай әлеуметтік шешімдер қабылдау және іс-шаралар өткізу жолымен қабылдауға уағдаласты.

 

Тараптар әлеуметтік саясатты дамыту жөніндегі міндеттемелерді қабылдады, олар мынаған бағытталған:

1) 2021 жылы еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақының шекті мәнін ұлғайту мәселесін қарауға қатысу, қажетіне қарай қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс дайындау;

2) Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарына сәйкес, оның ішінде табысы аз азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруды көздейтін ең төмен мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды және әлеуметтік қамсыздандыру нормаларын кезең-кезеңімен арттыру жөнінде шаралар қабылдауға қатысу;

3) азаматтарға міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің кепілдік берілген түрлерін қамтамасыз ету;

4) экономиканың өсуін және бюджеттік мүмкіндіктерді ескере отырып, ең төмен әлеуметтік стандарттарды халықаралық баламаларға кезең-кезеңімен жақындату жөнінде шаралар қабылдауға қатысу;

5) әлеуметтік төлемдерді цифрландыру шеңберінде азаматтың «Әлеуметтік әмияны» цифрлық платформасын енгізуге қатысу;

6) «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері бойынша жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 461 бұйрығымен бекітілген жұмыс тобы шеңберінде 2021 жылы жұмыскерлердің өмір сүру сапасын жақсарту үшін мынадай:

- ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің зейнеткерлікке ерте шығуы туралы;

- ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыс орнында денсаулығы кенеттен нашарлаған кезде жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау туралы;

- кәсіпорындағы еңбек өтіліне байланысты жұмыс берушінің жұмыскердің уақытша еңбекке жарамсыздығына әкеп соққан алып келген денсаулығына келтірілген зиянды өтеуі кезінде сараланған тәсілді қолдану туралы;

- жұмыс берушінің жұмыскерге (оның заңды өкіліне) өндірістегі жазатайым оқиға немесе кәсіптік ауру нәтижесінде келтірілген зиянның бір жолғы өтемін төлеуі туралы;

- жұмыскердің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдердің мөлшерін (регрестік төлемдер) тиісті біліктілігі (лауазымы) бойынша кәсіпорындағы (ұйымдағы) орташа жалақының өсуіне бара-бара арттыру туралы мәселелерді қарауға қатысу;

7) әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу;

8) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін кеңейту және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын ұйымдастыруға жәрдемдесу;

9) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің жобасын әзірлеуге белсенді қатысу;

10) мүгедектігі бар жұмыскерлердің өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік қолдауды күшейту, сондай-ақ олардың қоғамға кірігуі үшін тең жағдайлар жасау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

11) ерікті зейнетақы, медициналық, әлеуметтік сақтандыру жүйелерін дамыту.

 

VII бөлім. Келісімді іске асыру және оның орындалуын қадағалау

 

  1. Тараптар осы Келісім экономика салаларындағы ағымдағы фискалдық саясатты ескере отырып, экономика, еңбек, жұмыспен қамту және жұмыскерлер үшін әлеуметтік кепілдіктер саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын іске асыру жөніндегі келісілген іс-қимылдар мен шараларға бағытталған әлеуметтік әріптестіктің базалық құжаты болып табылатынына келісті және оның тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында төмендегілер туралы уағдаласты:

1) Келісімге қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде Келісімді іске асыру және оны одан әрі қарау мен облыстық комиссияның отырысында бекіту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

2) Келісімде жазылған уағдаластықтарды іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде шаралар қабылдау;

3) Тараптардың әрқайсысы Келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге бастамашылық жасауға құқылы, олар барлық тараптардың өзара келісімі бойынша қабылданады, Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын хаттамамен ресімделеді және оларға қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылғаннан кейін ол ресми жариялануға тиіс. Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары оларға қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде енгізілген өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға сәйкес келтіріледі;

4) Келісімді іске асыруға қатысты мәселелер жөніндегі облыстық комиссияның шешімдері осы Келісімді іске асыру нысандарының бірі болып табылады;

5) Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын мониторингтеу негізінде Облыстық комиссия туралы ережеде айқындалған тәртіппен Келісімнің орындалуын қадағалауды жүзеге асыру;

6) өңірлік (қалалық, аудандық) келісімдер осы Келісіммен салыстырғанда жұмыскерлердің жағдайын нашарлатпауға тиіс;

7) Тараптардың әрқайсысы өңірлік деңгейлерде келісімдерді әзірлеуге және қабылдауға қатысатын байқаушылар тобына енгізу үшін өз өкілдерін айқындайды және бұл туралы қалған тараптарды хабардар етеді;

  1. 9. Кәсіптік одақтардың облыстық бірлестіктері өз өкілеттіктері шеңберінде кәсіптік одақтардың кәсіптік одақ мүшелері болып табылмайтын жұмыскерлердің мүдделерін, кәсіптік одақ мүшелері үшін жасалған талаптар секілді, олардың жазбаша өтініштері негізінде білдіруіне жәрдемдесетін болады.
  2. Келісімнің күші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, облыс аумағында орналасқан жіберуші Тараптың жұмыскерлеріне, жұмыскерлеріне, кәсіптік одақтар бірлестіктеріне (қауымдастықтарына, одақтарына), жұмыс берушілер бірлестіктеріне (қауымдастықтарына, одақтарына), жұмыс берушілерге, сондай-ақ қабылдаушы Тарапқа, оның ішінде есептік тіркеуден өткен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарына және (немесе) өкілдіктеріне қолданылады.
  3. Тараптар осы Облыстық келісімнің ережелерін, оның ішінде өңірлік (қалалық, аудандық) келісімдердің және (немесе) ұжымдық шарттардың нормаларын орындау арқылы жүзеге асырады.
  4. Тараптар өңірлік келісімдерге (қалалық, аудандық) өзгерістер мен толықтырулар енгізуі немесе Облыстық келісімге сәйкес жаңаларын жасасуы қажет.
  5. Келісімнің орындалуын және әлеуметтік әріптестіктің барлық Тараптарының жауапкершілігін бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  6. Осы Келісім оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және Облыстық келісім қабылданғанға дейін қолданылады.
  7. Атырау облысы әкімдігі келісімге қол қойылғаннан кейін оны Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына орналастырады.
  8. Атырау облысы әкімдігі Келісімнің іске асырылу барысы туралы ақпаратты жинақтауды және талдауды жүзеге асырады, оны өзінің ресми Интернет-ресурсында орналастырады.
  9. Келісім Атырау қаласында 2021 жылғы «__» _________Тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде 3 данада жасалды.

 

Осы Бас келісімге мыналар қол қойды:

 

 

Атырау облысы әкімдігі атынан:

 

Атырау облысы әкімінің

бірінші орынбасары

С.К. Айдарбеков

 

 

___________________

 

 

 

 

Кәсіптік одақтардың облыстық бірлестігі атынан:

 

«Атырау облыстық кәсіподақтар Орталығы

аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы

І.Ұ. Баймұханов

 

 

___________________

 

 

 

 

 

Жұмыс берушілердің облыстық бірлестігі атынан:

 

Атырау облысы кәсіпкерлері мен жұмыс

берушілер Одағының директоры

А.А. Сапарова

 

 

___________________

 

 

 

 

 

Дата публикации
23 июня 2021