Мен екінші жыл зейнеткермін, бірақ жақында мен қайтадан кішігірім жұмыс таптым. Енді менің жұмыс берушім менің жалақымның 10%-ын БЖЗҚ-ға аудара ма деген сұрақ туындады. Өйткені, мен сіздерден зейнетақы төлемдерін алып жүрмін ғой.

Жоқ, жұмыс беруші сіз үшін БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын аудармайды. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 2-тармағының ережелеріне сәйкес зейнеткерлік жасқа толған тұлғалар БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.

Дата публикации
16 июня 2021