|
24.12.2020-ғы № 378-ө шығыс хаты -ғы № 378-ө кіріс хаты |
Атырау қаласы город Атырау
Атырау облысы әкімінің жанындағы
әйелдер істері және отбасылық-
демографиялық саясат жөніндегі
комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 29, 37-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы №56 «Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 ақпандағы №138 «Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 ақпандағы №56 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» қаулысына сәйкес:
Облыс әкімі М.Досмұхамбетов
Атырау облысы әкімінің
2020 жылғы « » ________
№__ өкіміне
1-қосымша
Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамы
|
Хаменова Бақытгүл Қайыржанқызы |
- |
Атырау облысы әкімінің орынбасары, Комиссия төрайымы; |
|||
|
Әйтиева Нұрлы Тельманқызы |
- |
Атырау облыстық мәслихатының депутаты, «Атырау бизнес және құқық колледжі» жеке білім мекемесінің директоры, «Атырау әйелдері» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, Комиссия төрайымының орынбасары (келісім бойынша); |
|||
|
Жалмурзина Зәмзәгүл Хиданқызы |
- |
Атырау облысы әкімі аппаратының әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі бас инспекторы, Комиссия хатшысы. |
|||
|
Комиссия мүшелері: |
|
|
|||
|
Аман-Турлина Тамара Өтегенқызы |
- |
Мемлекеттік қызмет істерінің ардагері, комиссия кеңесшісі (келісім бойынша); |
|||
|
Асабаева Жаннат Уахитқызы |
- |
«Әлеумет плюс» этносаяси зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі (келісім бойынша); |
|||
|
Әдиева Альфия Даулетбекқызы |
- |
«4-билік Атырау журналистер одағы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі (келісім бойынша); |
|||
|
- |
Мемлекеттік қызмет істерінің ардагері, комиссия кеңесшісі (келісім бойынша); |
|||
|
Ғилажев Ринат Маратұлы |
- |
«Нұр Отан» Атырау облыстық партиясының «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы (келісім бойынша); |
|||
|
Дүсіпова Гүлзейнеп Сүйінғалиқызы |
- |
«Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау қалалық перзентханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері, Атырау қалалық мәслихатының депутаты; |
|||
|
Ермұқанов Нұржан Мақсотұлы |
- |
«БАЗИС-А» корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі президентінің кеңесшісі, Атырау облысы Әкелер кеңесінің төрағасы (келісім бойынша); |
|||
|
Есенғалиев Сатқан Ибрайұлы |
- |
Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы; |
|||
|
Қайров Әлібек Үмбетұлы |
- |
Атырау облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы (келісім бойынша); |
|||
|
Қалымбайұлы Ержан |
- |
Атырау облысы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы; |
|||
|
Қаражігітова Мария Жапаққызы |
- |
еңбек ардагері, комиссия кеңесшісі (келісім бойынша); |
|||
|
Қыстаубаева Әсия Баянқызы |
- |
Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы; |
|||
|
Мүрсәлиева Тасқира Қабиқызы |
- |
Мемлекеттік қызмет істерінің ардагері, комиссия кеңесшісі (келісім бойынша); |
|||
|
Мұхатаева Гүлжан Қадіржанқызы |
- |
«Алмас Семсер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Атырау облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы (келісім бойынша); |
|||
|
Нұржігітова Гүлбаршын Балқашқызы |
- |
«Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі (келісім бойынша); |
|||
|
Иманғалиева Айбаршын Тұқпатоллақызы |
- |
«Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемеге қарасты «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесі директорының орынбасары; |
|||
|
Сәдуақасова Гүлнар Манапқызы |
- |
Атырау облыстық мәслихатының депутаты, «Атырау облысы Білім беру басқармасының «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» Атырау музыка колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры; |
|||
|
Семғалиев Әлібек Аманжанұлы
|
- |
«Прикаспиан Петролеум Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Атырау облысы Азаматтық Альянсы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша); |
|||
|
Сулимова Маржангүл Құбиқызы |
- |
«ВАВҮ СІТҮ» мектеп-балабақша жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша); |
|||
|
Ташенова Айгүл Қуанышқызы |
- |
Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы (келісім бойынша); |
|||
|
Төлеева Фатима Набидоллақызы |
- |
«Фатима-групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, «Атырау облысының іскер әйелдері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жастар қанатының жетекшісі (келісім бойынша); |
|||
|
Шалабаева Нәсіп Хисметоллақызы |
- |
«Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы (келісім бойынша); |
|||
|
Шеркешбаева Бақыт Кеңесқызы |
- |
Атырау қалалық мәслихатының депутаты, С.Мұқашев атындағы политехникалық колледж директоры; |
|||
|
Ілиясова Жанар Оразқызы |
- |
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы. |
Атырау облысы әкімінің
2020 жылғы « »________
№__ өкіміне
2-қосымша
Атырау облысы әкімінің
2020 жылғы « »________
№__ өкімімен
бекітілген
Атырау облысы әкiмiнiң жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссия туралы ереже
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның басымдықтары мен ұсынымдарына сәйкес Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы №384 «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлығын (бұдан әрі-Тұжырымдама) және Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы және гендерлiк теңдiк мәселелерi жөнiндегi халықаралық шарттардың контексiндегi отбасы мен гендерлiк теңдiкке қатысты кешендi өңiрлiк (облыстық және қалалық) бағдарламаларды қалыптастыру;
2) Отбасы мүдделерін қорғау және Тұжырымдаманы iске асыру мәселелерi бойынша мемлекеттік, жергiлiктi атқарушы органдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара iс-қимыл жасау;
3) Атырау облысындағы әйелдердің жағдайы мен отбасылық-демографиялық ахуалды талдау, Қазақстан Республикасындағы гендерлiк және отбасылық-демографиялық саясаттың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу;
4) әлеуметтiк-экономикалық мәселелер бойынша өңiрлiк тұжырымдамалар мен бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу;
5) мыналарға:
әйелдердi басшы лауазымдарға, мәслихат депутаттарына ұсынуға, шешiмдер қабылдау деңгейiнде әйелдердiң 30% өкiлдiгi болуына;
халыққа гендерлiк бiлiм беру мен ағартуға, гендерлiк бiлiм беру жөнiнде оқу-әдiстемелiк әдебиет, ақпараттық бюллетендер, бағдарламалар, әдiстемелiк құралдар әзiрлеуге, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасауға, ата-аналарды әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігінің мәселелерi бойынша ағартуға, қыздарды техникалық мамандықтарға оқуға тартуға, әлеуметтiк-экономикалық бағдарламаларға гендерлiк көрсеткiштер енгiзуге;
экономикалық саладағы әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткiзуге, кәсiпкерлiктi дамытуға, әйелдердi шағын және орта бизнеске тартуға, отбасылық бизнестi дамытуға, экономикалық бiлiм беру орталықтарын ұйымдастыруға;
отбасы институтын нығайтуға, отбасы қатынастарында әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткiзуге;
отбасындағы және жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықты түп-тамырымен жоюға, әйелдер мен балалар трафигiне қарсы күрес жүргiзуге;
демографиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу;
6) халықтың денсаулығын, оның iшiнде ұрпақты болуын сақтау және нығайту, өмiр сүру сапасын арттыру проблемаларын зерделеу және ол бойынша ұсыныстар енгiзу;
7) Атырау облысының жергiлiктi атқарушы және өкiлдi органдарымен, орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiмен, заңды тұлғалармен, азаматтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық, жыныстар теңдігінің, отбасы және демография мәселелерi жөнiндегi конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысу;
8) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң, заңды тұлғалардың, азаматтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және халықаралық ұйымдардың Комиссияның құзыретiне кiретiн проблемалар жөнiндегi ұсыныстарын қарау, облыс әкiмiнiң тиiстi ұсынымдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның ұсыныстарын дайындау;
9) отбасы, жыныстар теңдігінің сақталмауы мәселелерiне қатысты азаматтардың өтiнiштерiн, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қарау болып табылады.
1) өзiнiң отырыстарында жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң, заңды тұлғалардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн және азаматтарды тыңдауға;
2) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнен және заңды тұлғалардан қажеттi құжаттар, материалдар мен ақпарат сұратуға және алуға;
3) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға және орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiне жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердi бұзу фактiлерi бойынша тексерулер мен қызметтiк тергеулер жүргiзу қажеттiгi туралы өтiнiш жасауға;
4) Атырау облысы әкiмдiгi мен әкiмiнiң жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерін қозғайтын кесiмдерiнiң жобалары бойынша ұсыныстар енгiзуге;
5) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттiк органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң және заңды тұлғалардың өкiлдерiн Комиссияның жүргiзуiне жатқызылған мәселелердi қарау үшiн комиссия отырыстарына шақыруға құқығы бар.
Комиссия төрағасының орынбасары болады.
Комиссияның сандық және жеке құрамын Комиссия төрағасының ұсынысы бойынша әкiм белгiлейдi.
Комиссия отырысы, егер оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса заңды болып саналады.
Комиссияның шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi.
1) Комиссияның қызметiн ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады;
2) Комиссия отырыстарының күн тәртiбiн жасайды;
3) Комиссияның отырыстарын шақырады және оларға төрайымдық етедi;
4) Комиссия мүшелерiнiң ішінен Комиссия отырысының күн тәртiбiне енгiзiлген мәселе бойынша баяндамашыны белгiлейдi;
5) тоқсан сайын әкiм мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия төрайымының алдында Комиссия жұмысының қорытындылары туралы есеп бередi;
6) оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн жауапты болады.
1) Комиссия отырыстарының күн тәртiбiн дайындайды;
2) Комиссия шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi және оны бақылайды;
3) Комиссия мүшелерiнiң және оның қызметiне тартылған мамандардың жұмысын үйлестiредi.
Результаты согласования
30.10.2020 19:30:55: Шагирова М. М. (Государственно-правовой отдел аппарата акима Атырауской области) - - cогласовано без замечаний
02.11.2020 14:53:36: Косанова А. А. (Аппарат акима Атырауской области) - - cогласовано без замечаний
05.11.2020 11:42:43: Джаржанов Б. М. (Аппарат акима Атырауской области) - - cогласовано без замечаний
05.11.2020 11:52:24: Исаков Б. А. (Аппарат акима Атырауской области) - - cогласовано без замечаний
06.11.2020 10:30:24: Хаменова Б. К. (Аппарат акима Атырауской области) - - cогласовано без замечаний
09.11.2020 09:43:17: Айдарбеков С. К. (Аппарат акима Атырауской области) - - cогласовано без замечаний
25.11.2020 13:40:06: Курмангалиева Г. У. (Аппарат акима Атырауской области) - - cогласовано без замечаний