«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қазандағы №232 «Атырау облысы бойынша ашық деректер интернет- порталында орналастыратын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3689 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Ә.Исақовқа жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі М.Досмұхамбетов