Қазіргі уақытта кейбір бизнес-субъектілері «Ашық» бағдарламасымен тесттік режимде жұмыс жасауда.
Арнайы QR-кодты алуға 21 өтініш келіп түсті. Соның ішінде 12 субъекті QR-кодты алды (5 фитнес орталық, 2 СПА орталық, 2 кинотеатр, 2 театр/филармония, 1 компьютерлік клуб).
Жалпы облыс бойынша 19 фитнес-орталық және йога орталықтары, 12 спа орталығы, 57 сауна және бассейндер, 12 компьютерлік клуб, 1 боулинг орталығы, 3 кинотеатр, 7 бильярд клубтары, 41 караоке, 170 банкет залы «Ашық» бағдарламасын қосады деп күтілуде.