«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі

                                                                                                                               

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі  Қазақстан аумағында 2019 жылдан бері Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде із-түзсіз жоғалған қазақ солдаттарының жерленген орындарын анықтау, снымен қатар батыр ата-бабалары туралы ақпараттарды беру үшін олардың туыстарын іздестіру бойынша жүйелі түрде іздеу, мұра,аттық-іздестіру жұмыстарымен айналысып отырған бірден-бір ұйым болып табылады. 

 

Іздеу қызметтерін жүзеге асыру үшін Instagram и Facebook әлеуметтік желілерінде сайттар жасақталып,

-https://www.facebook.com/groups/atamnyn.amanaty/

-https://www.facebook.com/groups/550248285564769/

-https://www.instagram.com/ata.amanaty/?hl=ru

осы сайттар арқылы іздестіру жұмыстарына Қазақстан және басқа елдерден барлық жанашыр адамдар: еріктілер мен іздеушілер тиімді тартылуды, сонымен қатар Екінші дүние жүзілік және Ұлы Отан соғысы жылдарынды із-түзсіз кеткендерді іздестіру бойынша өтінімдерді қабылдау жүзеге асырылады.  

2020 жылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша 3000-ға жуық өтінім түсті, және де бірлестіктің арқасында 600-ге жуық қазақстандық солдаттардың жерленген орындары анықталды, үш отбасы Будапешт, Венгрия, сонымен қатар РФ Волгоград қ., және РФ Санкт-Петербург қ. Солдаттардың жерленген орындарына барды. 

 «Atamnyn Аmanaty» қоғамдық бірлестігі 2020 жылы Ресейдің Мәскеу қаласында қоғамдық мемлекеттік  бастама «Горячее сердце-2020» наградасын алған және «Горячее сердце» белгісімен марапатталған Қазақстандық алғашқы ұйым болып табылады.  

Бір жыл ішінде бірлестік мәйіттері Ресей Федерациясы мен Украина жерінен табылған 5 жерлесіміздің сүйегін Отанға жеткізуге ықпал етті. 

2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында ел аймақтарында еріктілер топтары құрыла бастады. Бұл топтардың міндеттері ідеушілермен сүйектері табылған немесе жерленген жерлері анықталған солдаттар туралы ақпараттарды іздеу және оларды туыстарына беру болып табылады. 

Атырау облысында топ бастапқыда небәрі 5 адамнан құралса, қәзір олдардың қатары -7. Осы еріктілер тобының  күшімен  үлкен жұмыстар атқарылды, соның нәтижесінде тек наурыз-сәуір айларының өзінде 13 солдаттың туыстары табылды.  Алайда тізімде туыстары іздестіріліп жатқан  65 солдат тұр. Және де бұл тізімдер ай сайын жаңартылып, толықтырылп отырады. 

Солдаттардың туыстарын іздестіруде қиындықтар тудыратын себептердің бірі ол мұрағаттық құжаттарда солдаттардың қазақша есімдері мен тектері, олар майданға шақырылған елді-мекеннің атауларында қателіктердің көп болуында. Сонымен қатар,аудандарда, жергілікті жерлерде  қажетті ақпараттарды нақтылау мақсатында карточкаларымыз бен бейнетаспаларымызды жодайтын  еріктілер жетіспейді.   

Егер де біздің жұмыстарымызға облыстық және аудандық әскери комитеттер, аудандық әкідіктер ат салысса, біздің іздестіру жұмыстарымыздың алға басуы бұдан жақсы жедел және жеңілірек болар еді.  

Сондықтан барлық бей-жай қарамайтын  адамдарды жайбарақат өтіп кетпеулерін сұраймыз. бізге ерікті ретінде келуге немесе біздің тізімдерімізді таратуға көмектесуге шақырамыз. 

 

 

Атырау облысы бойынша еріктілер үйлестірушісі  Жаксимова Н.У.

+7 701 375 54 72

Дата публикации
26 апреля 2021