БЖЗҚ салымшысы зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) беру туралы шешім қабылдаған жағдайда алдымен өзінің жеке зейнетақы шотындағы жинақтарының жеткіліктілігін тексеріп алуы керек. Мұны enpf.kz сайтындағы жеке кабинет немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асыруға болады.
Зейнетақы жинақтары ИПБ-ға сенімгерлікпен басқаруға мына жағдайда;
- салымшының нақты зейнетақы жинақтарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспайтын мөлшерде; немесе
- өмір бойғы төлемдерді көздейтін сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған жағдайда, салымшының шотындағы міндетті зейнетақы жарналары немесе міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының қалдығынан аспайтын мөлшерде берілуі мүмкін.
Салымшы өзінің жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігіне көз жеткізгеннен кейін БЖЗҚ -ға жинақтарының белгілі бір бөлігін ИПБ-ға аудару туралы жазбаша өтінішті бере алады. Салымшыға сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқаннан кейін де жеке шотында қалған жинақтарын ИПБ-ға сенімгерлікпен беруіне болады. БЖЗҚ жеткіліктілік сомасынан асатын зейнетақы жинақтарының бір бөлігін салымшыдан өтініш келіп түскен күннен кейінгі отыз күнтізбелік күн ішінде ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруына аударуды жүзеге асырады. Салымшының зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі Ұлттық банктің басқаруында қала береді. Салымшының жеке зейнетақы шотындағы жинағының жалпы есебін БЖЗҚ жүргізеді.