ұрметті Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары!
«Бейбарыс даңғылынан “Атырау–Астрахань” тас жолына дейінгі автомобиль жолының құрылысы» жобасы аясында құрылыс-монтаж жұмыстарының жалғасуына байланысты 2026 жылғы 23 шілдеден бастап көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Жабылатын жол учаскесі:
Самал ықшамауданындағы Басар Иманәлиев көшесінен “Атырау–Астрахань” тас жолына дейінгі жол бөлігі.
Жол учаскесі 10 күн мерзімге уақытша жабылады.
Айналма қозғалыс Бигелдинов, Тайманов және Әубекеров көшелері арқылы ұйымдастырылады.
Көлік жүргізушілерінен қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, айналма жолдарды пайдалануды сұраймыз.