ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Атырау қаласындағы Абай көшесінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ертең таңертең (06.06.2026) орталық көпір мен орталық айналма жол уақытша жабылатынын хабарлаймыз.

Осыған байланысты қоғамдық көліктердің қозғалыс бағыттарына уақытша өзгерістер енгізіледі. (Өзгертілген бағыттар сызбада көрсетілген).

Қала тұрғындары мен қонақтарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін көлік қозғалысы қалыпты режимде қайта жандандырылады.

Дата публикации
03 июля 2026