Құрметті Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Медицина қызметкерлері күніне орай Атырау қаласында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Қозғалыс – бұл өмір» атты веломарафон ұйымдастырылады.
Веломарафон бағыты Сұлтан Бейбарыс даңғылы бойындағы «ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекетінен басталып, Атырау облыстық инфекциялық ауруханасына дейін жалғасады.
Іс-шараға денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері, сала ардагерлері және жастардан құралған шамамен 200-ге жуық адам қатысады деп жоспарлануда.
Осыған байланысты 2026 жылғы 14 маусым күні сағат 08:30–11:00 аралығында көрсетілген бағыт бойынша жол қозғалысы уақытша шектелетінін хабарлаймыз.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жол бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.