Атырау қаласының тұрғындарымен кездесудегі ұсыныс-пікірлерді іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

 

Атырау қаласының тұрғындарымен кездесудегі ұсыныс-пікірлерді іске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

№

Мәселенің қысқаша мазмұны

Жауапты
орындаушылар

Орындау мерзімі

1.               

Екі құлағы жоқ болып туылған балаға бандаж түріндегі бас сүйегі арқылы еститін аппарат алып беру немесе демеушілік арқылы сатып алу үшін қаражатпен көмектесу

Орындалысы:Екі құлағы жоқ болып туылған бала – (Ж.Уахит 15.06.2025ж.т.) Cohler Baha 6 Max сүйек өткізгіш жүйесінің процессорын ауыстыру, дәлдеп келтіру үшін Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2026 жылғы 18 мамырда жолдама беріп, мемлекеттік сатып алу Порталы арқылы оң құлағына 4 500 000 теңге көлемінде қаражат бөлініп, есту аппараты орнатылды. Тапсырма орындалды.

Денсаулық сақтау басқармасы,

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

10.04.2026 жыл

 

2.               

Ауыз судан хлордың иісі шығатындықтан,                                          хлорсыз тазалау әдісін қолдану.

Орындалысы.

2024 жылдан бастап Атырау қаласы В. Белинский көшесі, 1А мекенжайында орналасқан су тазарту имараттарында Жайық өзенінен алынатын бастапқы суды тазарту үшін натрий гипохлоритін өндіретін электролиз қондырғысы орнатылып, пайдалануға берілді. Береке кентіндегі №5 сүзгі станциясында да 2025 жылдың мамыр айынан бастап Жайық өзенінен алынатын бастапқы суды тазарту мақсатында натрий гипохлоритін өндіретін электролиз қондырғысы орнатылды. Электролиз қондырғысының жұмысында ас тұзы қолданылады. Аталған нысандарда суды тазарту қауіпсіз реагенттерді қолдану, тұндыру және сүзгілеу әдістері арқылы жүзеге асырылады. Тазартылған су қалаға берілер алдында тұрақты түрде зертханалық бақылаудан өткізіліп, 13 көрсеткіш бойынша сынамаларға талдау жүргізіледі. Су сапасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы №26 және 2022 жылғы 24 қарашадағы №ҚР ДСМ-138 бұйрықтарының талаптарына сәйкес келеді. Аталған нысандарда бастапқы суды тазарту барысында сұйық хлор қолданылмайды. Тапсырма орындалды.

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы,

«Атырау су арнасы» КММ,

Атырау қаласының әкімдігі (жиын)

10.04.2026 жыл

3.               

Орфандық аурулығына байланысты қажетті дәрімен қамтамасыз етуді Облыстық мәслихат арқылы шешіп беру.

Орындалысы: Жергілікті бюджет қаражаты есебінен орфандық және онкологиялық аурулармен бірқатар науқастарды дәрілік препараттармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Аталған препараттар мәслихаттың тиісті шешімімен бекітіліп, қамтамасыз етіледі.  Бүгінгі күні маслихат шешімінің жобасы жасақталып, сараптамалық қорытынды алынып, маслихаттың кезекті/кезектен тыс отырысына ұынылуда. Орындалуда.

Денсаулық сақтау басқармасы (жиын)

 

2026  жыл аяғына дейін

4.               

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетін жаңа ғимаратқа көшіру

Орындалысы: Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы департаментін (бұдан әрі Департамент) әкімшілік ғимаратпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша тиісті шешім қабылданды. Алдағы уақытта, Атырау қаласының коммуналдық меншігіндегі Атырау қаласы, Махамбет Өтемісов көшесі, 72 мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 762,6 шаршы метр әкімшілік ғимаратқа Департаментті көшіру жоспарлануда. Орындалуда.

Мемлекеттік сатып алулар және коммуналдық меншік басқармасы (жиын)

10.04.2026 жыл

5.               

Тіл мүкістігі бар балаларға арналған жаңа мектеп салу мәселесін қарастыру

Орындалысы:  Атырау қаласында Самал шағын ауданында 3 га жер көлеміне 300 орындық интернаты бар 600 орындық №3 тіл мүкістігі бар мектеп-интернаттың құрылысына ЖСҚ әзірленуде. Орындалуда.

Білім беру басқармасы (жиын)

10.04.2026 жыл

6.               

Жайық жағасына балықшылар үшін қоқыс жәшіктері мен әжетхана қоюды сұрайды.

Орындалысы: Жайық жағасына балықшылар үшін бірнеше қоқыс жәшіктері қойылды және санитарлық талаптарға сәйкес емес болуына байланысты қоғамдық әжетханалар орнатуға мүмкіндік жоқ. Тапсырма орындалды.

Атырау қаласының әкімдігі

10.04.2026 жыл

7.               

«Ақжайық» қонақ үйі маңындағы «Цветы Атырау» дүкені орнын мемлекет мұқтаждығына алмауды сұрайды.

Орындалысы:

Атырау қаласы әкімдігінің 2026 жылы 10 ақпанда №199 қаулысымен 2025 жылғы 11 наурыздағы №616 «Вера Константиновна Щербаковаға берілген жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қауылысының күші жойылып, «Ақжайық» қонақ үйі маңындағы «Цветы Атырау» дүкенінің жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынбайтын болды. Тапсырма орындалды.

Атырау қаласының әкімдігі

10.04.2026 жыл

8.               

Мемлекет мұқтаждығына алынған көлікжайдың өтемақысына келіспейді, қайта қарауды сұрайды.

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының алдындағы мүсінді фонтан аумағында қалдыруды сұрайды

Орындалысы: Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы алдындағы мүсін бұрынғы орнында, фонтан аумағында қалдырылды. Тапсырма орындалды

Атырау қаласының әкімдігі

10.04.2026 жыл

9.               

Тұрғын үйлерді сүру жұмыстары тоқтап қалды. Бұзу уақытын тұрғындарға нақты айту мәселесі

Орындалысы: Ағымдағы жылға тұрғын үйлерді сүру жұмыстарына жергілікті бюджет есебінен қаражат көзі сұратылды. Сәйкесінше, ашық электрондық конкурс жарияланып, мердігер мекеме анықталып, қаражат көзі бөлінуіне қарай тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Орындалуда.

Атырау қаласының әкімдігі

15.01.2026 жыл

10.           

М.Ломоносов мектебіне жаңа ғимарат салу мәселесі

Орындалысы: «Атырау қаласындағы қолданыстағы  ескі ғимаратты бұза отыра орнына 900 орындық Ломоносов атындағы орта мектептің  құрылысын салу үшін ЖСҚ байламы» жобасын жасақтау жұмыстары аяқталды. Жобалаушы мекеме «Жастар-плюс» ЖШС. 

ҚНжЕ сәйкес, 900 орындық мектеп ғимаратының көлемі қолданыстағы мектептің жер теліміне сәйкес келмеуіне байланысты  жер телімі қосымша 1,77 гектарға кеңейтілді.  Қалалық әкімдік қосымша жер телімін заңдастыру мәселесін толықтай шешкеннен кейін, жоба жұмысы мемлекеттік сараптамаға жолданатын болады Орындалуда

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы,

Білім беру басқармасы,

Атырау қаласының әкімдігі (жиын)

10.04.2026 жыл

11.           

«Нұрсая» шағын ауданындағы 2016 жылы салынған балалар ойын алаңын жаңартып беруді сұрайды.

Орындалысы.

«Атырау қаласындағы тұрғын үйлер аулаларын абаттандыру (150 аула)» жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау аясында Нұрсая ықшам ауданы, №93, №95 және №96 тұрғын үйлердің аулаішілік абаттандыру жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда. Күні бүгінде жобалау жұмыстары аяқталу сатысында. Жобалау жұмыстары толықтай аяқталысымен, жоба сараптаманың қарауына ұсыну арқылы сараптаманың оң қорытындысы алынатын болады. Артынша, аяқталған жобаға жергілікті бюджеттен қаражат көзі сұратылу арқылы абаттандыру жұмыстары қолға алынады. Орындалуда.

Атырау қаласының әкімдігі

10.04.2026 жыл

12.           

«ТШО» ЖШС 2026 жылдан бастап газды АЖЭО-на «QazaqgazAimaq» мекемесі арқылы береді, сәйкесінше тариф  бағасы көтеріледі деген ақпарат бар. Осы мәселе қалай шешіледі? Орындалысы: Бүгінгі күні аталған мәселені шешу мақсатында ҚР Энергетика министрлігімен тиісті уәкілетті органдардың қатыстырылуымен жұмыс тобы құрылып, қаралуда. Қазіргі таңда коммуналдық қызметтер үшін тарифтердің көтерілуі бойынша мораторий белгіленіп, жалғасуда.

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

01.03.2026 жыл

13.           

1.    Электр жарығының өшуі жиі орын алады;

Орындалысы: Атырау шағын ауданы тұтынушылары «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі магистралді ӘЖ-10кВ Ф-151 «Д» желісі арқылы электр жарығымен қамтамасыз етіледі, барлығы 62 (алпыс екі) бірлік КТПН-10/0,4 кВ қосылған, оның ішінде заңды тұлға - 50 (елу), қалалық әкімдік теңгерімінде -12 (он екі). Ауа-райы қолайсыз, яғни қыс мезгілі боранды, көктем мезгілінде желді күндері болуына байланысты, магистралды ӘЖ-10кВ Ф-151«Д» электр желілері арқылы электр энергиясымен қамтамасыз етілетін заңды тұтынушылардың теңгеріміндегі техникалық күтімсіз тұрған 10/0,4кВ кернеудегі кешенді трансформаторлық стансаларында ақаулар табылуда. Атырау шағын ауданы тұтынушыларын тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етілуі үшін, қалалық әкімдікпен бірлесіп магистралді ӘЖ-10 кВ Ф-151«Д» желісіне Реклоузер құрылғысы орнатылды, оның артықшылығы:

 - аз уақыт ішінде желіні толық ажыратып, ақаулы бөлікті оқшаулау;

- электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру және апат аймағын шектеу;

- диспетчерлік басқару және SCADA жүйесін пайдалану.

 Сонымен қатар, 50 (елу) бірлік заңды тұлға теңгеріміндегі 10/0,4кВ кернеудегі кешенді трансформаторлық стансаларына тексеру жұмыстары атқарылып, ақау анықталған трансформаторлық стансаларына 17 нұсқама (предписания) берілді, оның ішінде бүгінгі күні 10 нұсқама (предписания) орындалды. Атырау шағын ауданындағы жеке тұлға және заңды тұлға тұтынушыларын бөлу мақсатында «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің хатына сәйкес 2026 жылғы 15 қаңтарда №-27-206. техникалық шарт берілді. Орындалуда.

2.    Қоқыс жәшіктерін жаңартып, көбейтуді және қоршауын салып беруді сұрайды;

Орындалысы: 2025 жылы қала әкімдігімен 500 дана қоқыс жәшігі алынып, қойылды, ағымдағы жылы да санитарлық тазалық жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында 500 дана қоқыс жәшігі сатып алынуда, қойылатын орындары белгіленуде. Сондай-ақ, аумақтағы 100 қоқыс алаңшасын жаңарту, көбейту, қоршау салу жоспарлануда. Орындалуда.

3.    Аялдамалар қажет;

Орындалысы: Қазіргі таңда жолаушылар шағымына байланысты аялдама қажет ететін орындар зерделену үстінде. Сонымен қатар, ауылдық округтер аумағында аялдамалар орнату жұмыстары тиісті ауылдық округ әкімдеріне тапсырылды. Атырау қаласы аумағында жаңа автобус павильондарын орнату және салу жұмыстарын ұйымдастыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Орындалуда.

4.    Рысмағамбетов көшесінің жартысында көше жарығы жоқ;

Орындалысы: Қазіргі таңда Рысмағамбетов көшесі толыққанды электр жарығымен қамтылды. Орындалды.

5.    Бұралқы иттер көп жүреді, осыған шара қолдануды сұрайды.

Орындалысы: Қазіргі уақытта бұралқы иттерді аулау жұмыстары 109 байланыс орталығына келіп түскен өтінімдерге сәйкес жүргізілуде. Орындалуда.

Атырау қаласының әкімдігі

01.03.2026 жыл

14.           

Тұрғын үйлердің ірге қабатында орналасқан кальян барды алдыртуды сұрайды; Тұрғын үйде тәулікке жалданатын пәтерлері өте көп, шара алуды сұрайды.

Орындалысы:

Полиция басқармасымен  (2025 жылғы 24 желтоқсанда ) «Baraq bar» лаундж-барының түнгі тыныштықты бұзып, тұрғындардың мазасын алуы туралы тұрғынның (Г.С. Утеуова, Нұрсая шағынауданы, Абулхайыр хан көшесі, 63/1- 1)  арызы бойынша жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп, «Baraq bar» лаундж-барына қатысты әкімшілік хаттама жасақталды. Тексеру барысында 2025 жылы                    24 желтоқсанда сағат 03:05 шамасында аталған мекеме тарапынан түнгі тыныштықты бұзу фактісі анықталып, яғни сағат 22:00-ден таңғы 09:00-ге дейін жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін әрекеттерге жол берілгені белгілі болды. Осыған байланысты мекеме Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тапсырма орындалды.

Атырау қаласының әкімдігі,

 Полиция басқармасы

01.02.2026 жыл

 

15.           

«Ескі әуежай» шағын ауданындағы ауыз су мәселесі,                         судың қысымы аз, судың құбырын ауыстыруды сұрайды;

Орындалысы: «Ескі әуежай» шағын ауданындағы ауыз су мәселесі бойынша қазіргі таңда су құбырларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде (мердігер «Бекболатовтар құрылыс компаниясы» ЖШС). Орындалуда

«Атырау су арнасы» КММ,

Атырау қаласының әкімдігі

01.02.2026 жыл

16.           

«Жерұйық» шағын ауданындағы КНС «Атырау СуАрнасы» мекемесіне қашан тапсырылады?

Орындалысы: Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен  Жерұйық шағын ауданындағы  иесіз кәріз сорғы станциясын  есепке алу үшін жылжымайтын мүлікке  құқықты мемлекеттік тіркеу бойынша тиісті рәсімдер жүргізілуде. Орындалуда

«Атырау су арнасы» КММ,

Атырау қаласының әкімдігі (жиын)

01.02.2026 жыл

17.           

«Нұрсая» ықшам ауданы Ақжарма көшесінің бойындағы үйінің алдындағы кәріз құдығына күніне 10-12 вакуум көлігі лас суды құйып кетеді, шара алуды сұрайды;

Ақжарма көшесінде 45 үйге жүргізілген электр энергия желісін «Атырау Жарық» мекемесі теңгеріміне алуды сұрайды;

«Сұңқар» ТҮК қасында қараусыз қалған ғимарат мәселесі.

Орындалысы:

«Нұрсая» ықшам ауданы Ақжарма көшесінің бойындағы үйінің алдындағы кәріз құдығын тексеру барысында вакуумдық көліктермен лас судың төгілу фактісі құбырлардың істен шығуы кезінде орын алғандығы анықталды. Алағы уақытта қайталанған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылатын болады.

Нұрсая ықшам ауданы Ақжарма көшесіндегі 45 үйге жүргізілген  ӘЖ-0,4 кВ электр желісі, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің теңгерімінде.

«Сұңқар» ТҮК қасында қараусыз қалған ғимарат орнына тұрғындар сұранысы негізінде  электр таратушы ғимарат салу (РП) үшін, қазіргі уақытта қалалық құрылыс бөлімі иесіз ғимаратты бұзып орнына жаңа электр таратушы ғимарат (РП) салынды. Орындалуда

Атырау қаласы Полиция басқармасы,

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Атырау қаласының әкімдігі (жиын)

01.02.2026 жыл

18.           

«Сарықамыс» шағын ауданы бойынша мектептің аумағындағы питомникті алдыртуды сұрайды;

Шағын аудандағы жол мәселесі, жол салуды сұрайды;

Қашан жеке тұрғын үй статусын алады;

Электр желісін жаңасына ауыстыру жұмысы үшін бір бағаны бекітуді сұрайды;

Қоқыс жәшіктерінің санын көбейтуді сұрайды;

«Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында салынған мектеп сапасыз, жасалатын жерлері өте көп. Осыны ескеруді сұрайды.

Орындалысы: Мектеп ғимаратына қарсы тұрған питомникті  басқа жерге ауыстыруға иесіне ұсыныс беріліп, келіссөздер жүргізілуде, мәселенің шешілуі көзделуде. 

Сарыөзек шағын ауданының автомобиль жолдары толықтай жол жабындысымен қамтылды. Осыған орай, бұрынғы жол жабындысы төселмеген автомобиль жолдарына жобалау-сметалық құжаттамалар жасақталып, жол жөндеу жұмыстары жасалатын нысандардың тізіміне енгізілетін болады.

Аталған саяжайға инфрақұрылым (жол, су, жарық және т.б) тарту жұмыстары Атырау қаласының бас жоспарына өзгеріс енгізіліп, елді мекен мәртебесі берілген соң жүзеге асырылады.

Мердігер «Айком» мекемесімен жаңа электр желісі жүргізілді, ал әр тұрғын техникалық шарт алып, үйлеріне өз күшімен тарту керек, әр үйдің ток нүктесінен арақашықтығы әр түрлі болуына, яғни  жұмыс ауқымдылығына қарай бір баға бекіту мүмкін емес.

2025 жылы қала әкімдігімен 500 дана қоқыс жәшігі алынып қойылды, ағымдағы жылы да санитарлық тазалық жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында 500 дана қоқыс жәшігін сатып алу жоспарланған, қойылатын орындары белгіленуде.

«Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында салынған мектепті тексеру барысында ақаулар анықталды. Кейбір жасалатын жұмыстардың күрделілігіне байланысты оқу процесіне кедергі келтірмеу үшін қалпына келтіру жұмыстары оқу кезеңі аяқталғаннан кейін «Каспий құрылыс ЛТД» ЖШС тарапынан жүргізіледі. Орындалуда.

Атырау қаласының әкімдігі (жиын)

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

01.02.2026 жыл

19.           

Қуандық деген кәсіпкердің футбол алаңы үшін беріп отырған 19х40 жер учаскесіне футбол алаңын салып беруді сұрайды.

Орындалысы: тұрғындардың сұранысы негізінде 2026 жылы  аталған мекенжайға кіші аяқ доп алаңын салу мүмкіндігі қарастырылуда. Орындалуда

Атырау қаласының әкімдігі

 

01.02.2026 жыл

20.           

«Жерұйық» шағын ауданы орталық кәріз жүйесіне қашан қосылады? Мал базарын қала сыртына көшіруді сұрайды

Орындалысы:

«Жерұйық» шағын ауданы орталық кәріз жүйесіне қосу жұмыстары бойынша, қазіргі таңда аталған мекенжай орталық кәріз жүйесін салу жұмыстарының жобасына енгізілді. Қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттамалары (ЖСҚ) жасақталуда. ЖСҚ аяқталғаннан кейін тиісті мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу үшін жолданады. Жобалар бойынша бас жобалаушы - «Стримлайн» ЖШС. Мал базарын қала сыртына, яғни Атырау-Доссор тас жолы маңына ауыстыру қаралуда. Орындалуда.

Атырау қаласының әкімдігі

01.02.2026 жыл

21.           

СМП шағын ауданындағы тұрғын үйлерді №6 үйдің кәріз желісіне қосуды сұрайды

Орындалысы:

Тұрғындар  «Атырауоблысысуарнасы» КМК-нан техникалық шарт алу  арқылы қосылу нүктесіне өз күшімен жүргізеді.

Тапсырма орындалды

Атырау қаласының әкімдігі

01.02.2026 жыл

22.           

«ARKANTOR» мердігер мекемесінің қаладағы тұрғын үйлерінің құрылыстары аяқталмаған, басқа аймақта  өз құрылыстарын жүргізіп отыр

Орындалысы:

Прокуратура, мердігер, салымшылар (тұрғындар) және жаңа инвестор арасында құрылысты одан әрі аяқтау туралы келіссөздер жүргізілуде. Орындалуда

Мемлекеттік сәулет құрылысы бақылауы басқармасы,

Атырау қаласының әкімдігі (жиын)

01.02.2026 жыл

23.           

Орындалысы:

«МВ таус» тұрғын үй кешенінің құрылысы жанар-жағар май стансасының санитарлық қорғау аймағында салынуына  байланысты тұрғын үй құрылысын заңсыз деп тану туралы сот шешімі қабылданды, қазіргі уақытта «Қазақойл» АҚ мен «МВ таус» пәтер иелері арасында келіссөздер жүргізілуде. Орындалуда

Мемлекеттік сәулет құрылысы бақылауы басқармасы,

Атырау қаласының әкімдігі (жиын)

01.02.2026 жыл

24.           

Береке ауылы Жаналы көшесінде газдың қысымы  төмен, газ құбырын салуды сұрайды

Орындалысы:

Алмалы ауылдық округі әкімдігімен округ бойынша, оның ішінде Жаңа құрылыс көшесіне инфрақұрылым желілерін тарту бойынша ЖСҚ жасақталып, мемлекеттік сараптаманың оң нәтижесі алынды. Қазіргі уақытта жұмысына қаржы сұратылуда. (661 млн 150 мың) Орындалуда

Энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Атырау қаласының әкімдігі (жиын)

01.02.2026 жыл

25.           

Мемлекеттік балабақша аз, бала саны көп, мемлекеттік балабақша салуды сұрайды;

Орындалысы: 2026 жылы жергілікті бюджет есебінен 920 орындық 4 балабақшаның құрылысы жүргізілуде. (Атырау қаласы Құрманғазы ауылы 280 орын, Талғайран ауылы 280 орын, Исатай ауданы Нарын ауылы 80 орын, Жылыой ауданы Болашақ ы/а 280 орын). Демеушілік есебінен 880 орындық 4 балабақша құрылысы жүргізілуде (Атырау қаласы Өрлеу ы/а 160 орын, «Жұлдыз-2» ы/а 280 орын, «Ақсай-2» ы/а 160 орын, Жылыой ауданы Шоқпартоғай ауылынан 280 орын) Орындалуда

Білім беру басқармасы (жиын),

Денсаулық сақтау басқармасы,

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

01.02.2026 жыл

26.           

Ерекше балаларға бейімделген ойын алаңдары «100 аула» және «150 аула» жобаларында қарастырылған ба;

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген жалдамалы пәтерлерді иелері жалдап қояды, осыны тексеруді сұрайды.

Ерекше балалардың тісін емдету және сүндетке отырғызу бойынша мәслихатпен қаражат бөлінуін сұрайды;

Мейрамхана немесе сұлулық салонына бару сияқты қызмет алу үшін инватакси қызметін ұсыну;

Орындалысы:

Ерекше балаларға бейімделген ойын алаңдары «100 аула» және «150 аула» жобаларында қарастырылмаған. Қала әкімдігімен қалада 3 мекенжайда мүмкіндігі шектеулі жаңдарға арнайы балалар ойын алаңдары салынып, халықтың қолданысына тапсырылды.

Мемлекет қорынан берілген пәтерлер жыл сайын тексеруде.

Медициналық көмек пен әлеуметтік қолдаулар көрсетуде протездеу орталығын салу, ТМС аппаратын алу, ерекше балаларды сүндеттеу, бандаж бас сүйегі арқылы еститін аппарат алу, ДЦП балаларды емдейтін невропатологпен қамтамасыз ету, басқа да арнайы жетілдірілген аппараттар алу, арнайы аяқкиімдердің жеткіліксіздігі мәселелері қаралуда.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің м.а. «Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету» 2013 жылғы 1 қарашадағы  №859 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес, Инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесі төмендегіше белгіленген:

1.  Мүгедектігі бар адамның жұмыс орны;

2.  Мүгедектігі бар адамның оқу орны;

3.  Жергілікті өкілді және атқарушы органдар;

4.  Сот және прокуратура;

5.  Әлеуметтік инфрақұрылым объектілері;

6. Заң консультациялары;

7.  Нотариус;

8.  Медициналық мекемелер (жедел медициналық көмекті көрсету жағдайларын қоспағанда);

9.  Әуежай, теміржол  вокзалдары, автовокзалдар, теңіз және өзен порттары;

10.  Арнайы  әлеуметтік қызметтерді  көрсететін ұйымдар;

11.     Мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктері үшін массаж қызметтерін көрсететін ұйымдарОрындалуда

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы,

Денсаулық сақтау басқармасы,

Полиция департаменті,

Атырау қаласының әкімдігі (жиын)

01.02.2026 жыл

27.           

Теміржол вокзалынан әуежайға дейін тікелей жүретін қоғамдық көлік жоқ;

Орындалысы:

«Әуежай-теміржол вокзалы» бағыты бойынша күнделікті №21 8 автобус Самал мөлтек ауданы арқылы қатынайды. Теміржол вокзалынан әуежайға тіке қатынайтын автобус шығару басқа қоғамдық көліктер бағытымен қайталанып кетуіне байланысты тиімсіз деп танылды. Тапсырма орындалды.

Атырау қаласының әкімдігі (жиын),

Денсаулық сақтау басқармасы

01.02.2026 жыл

28.           

 

 

 

Есту қабілеті нашар баланы психикалық аурухананың есебінен шығарып беруді сұрайды

Орындалысы: Есту қабілетінің бұзылыстары бар балаларды психиатриялық қызметтің диспансерлік есебіне алу қолданыстағы клиникалық хаттамаларға сәйкес жүзеге асырылатынын хабарлайды.  Орындалуда.

Денсаулық сақтау басқармасы

01.02.2026 жыл

Құрманғазы ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныс-пікірлерді іске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

29.           

Азғыр өңіріндегі ауылдардың ауылішілік жолдарын уақытша шебен төсеп, ағымдағы жөндеу жүргізу.

Орындалысы: Аудан әкімдігімен тиісті басқармаға Сүйіндік ауылының ауылішілік жолы 9,6 км, Балқұдық ауылының ауылішілік жолы 6,5 шақырым ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті қаржыға сұраныс жолданды. Қазіргі уақытта мердігер мекемені анықтау және жұмыстарды бастау мақсатында  Мемлекеттік  сатып алу порталында конкурс жарияланды.

 Тапсырма орындалуда.

Құрманғазы ауданы әкімдігі

10.04.2026 жыл

30.          2

 «Сүйіндік» ЖШС-нің пайдаланылмай жатырған шұрайлы (жайылымы, құдығы бар) жерлерін де үкіметке қайтарып, халық игілігіне берудің мүмкіндігін қарастыру.

Орындалысы:

Сүйіндік ауылдық округіне қарасты «Сүйіндік асыл тұқымды қой зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Сүйіндік ауылдық босалқы жері қорынан 2008 жылы 154 000 га жайылым жер учаскесі берілген.

2018 жылы -20000 га жер қайтарылды.

2024 жылы аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, аталған серіктестіктің өз өтініші бойынша 134000 га жерінің ішінен 53737 га жайылым жер учаскесі Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 24 қазандағы№ 219қаулысымен ауданның босалқы жер қорына мемлекет меншігіне қайтарылды.

Сүйіндік асыл тұқымды қой зауыты меншігінде ауыл шаруашылығы мал есебіне сәйкес80263 га жайылым жер учаскесі өзіне қалдырылды.

Сүйіндік ауылдық округінің шаруа қожалық иелеріне ол жағдай бойынша толық ақпарат түсіндірілді. Қайтарылған ауыл шаруашылығы жайылым жер учаскелері конкурс негізінде ауыл шаруашылығы айналымына беріледі. Тапсырма орындалды.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы, Құрманғазы ауданы әкімдігі

(жиын)

 

10.12.2026 жыл

 

31.          3

Киіктердің көбейіп, жайылымдықты тоздыруына байланысты, шара қолдану үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс енгізу.

Орындалысы: Киіктердің көбейіп, жайылымдықты тоздыруына байланысты, шара қолдану үшін ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс енгізілді. Тапсырма орындалды.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

30.12.2025 жыл

32.          4

Сүйіндік ауылынан Азғыр өңіріне ортақ бір аурухана қалдырып, қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету.

Орындалысы: Қазіргі уақытта Азғыр өңірінде Сүйіндік ауруханасы жұмыс жасауда. Тапсырма орындалды.

Денсаулық сақтау басқармасы

Ақпан, 2026 жыл

33.          5

Азғыр өңіріне алынатын арнайы техникаларды (автокөтергіш (автовышка), К-700  тракторы, автогрейдер, ассинизатор т.б.) сенімгерлік басқаруға беріп, осы өңірде қалдыруды ұйымдастыру.

Орындалысы: Азғыр өңіріне қарасты Сүйіндік ауылдық округі әкімі аппаратының теңгерімінде: Камаз (ассинизатор), Трактор Белорус-80.1, Газ 3307-1012 (водавоз), АГП автокөтергіш арнайы техникасы бар. Осының ішінде АГП техникасы «Атырау Жарық» АҚ-ға сенімгерлік басқаруға берілген.

Азғыр ауылдық округі әкімі аппаратында: Трактор Белорус-80.1, Газ 3307-1012 (водавоз), Камаз (ассинизатор), Автоцистерна (водовоз), Трактор К700А. Осының ішінде Автоцистерна (водовоз) «Құрманғазы Су Арнасы» ЖШС-на, Трактор К700А «Құрманғазы жолдары» ЖШС-на сенімгерлік басқаруға берілген.

Асан ауылдық округі әкімі аппаратында: Трактор Белорус-80,1 шаруа қожалығымен меморандум жасақталған, Камаз (ассинизатор) «Құрманғазы Су Арнасы» ЖШС-да сенімгерлікте және Газ 3307-1012 (водавоз) техникасы бар.

Осы арнайы техникалардың барлығы жергілікті жерде қызмет атқаруда. Тапсырма орындалды.

Құрманғазы ауданы әкімдігі

Мамыр, 2026 жыл

34.          6

Қоянды топтық су құбырының жаңадан жасалған                                                6 су скважинасының қазіргі уақытта 3 ұңғымасы жасап тұр.

Қоянды су қорын барлау бойынша келісімшарт кепілдігі негізінде мердігермен жұмыстарды жүзеге асыру мәселесі қаралуда. Орындалуда.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

25.06. 2026 жыл

35.          7

Құрманғазы ауданы орталығынан Азғыр өңіріне электр желісін жүргізу.

Орындалысы: Құрманғазы ауданының Азғыр аймағы тұтынушыларын Ресей Федерациясынан тәуелсіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету, электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру және электр энергиясына жұмсалатын шығындарды азайту мақсатында «Ганюшкино» қосалқы станциясынан (Құрманғазы кенті) «Асан» қосалқы станциясына (Азғыр аймағы) дейін ұзындығы 205 км болатын 110 кВ әуе электр жеткізу желісін қосымша салу жоспарлануда. Жобаны іске асыру EPC-келісімшарты негізінде көзделуде.

Орындалуда.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

28.12.2025 жыл

36.          8

Әскери полигонның жерін мал жайылымы үшін пайдалану бойынша үш жақты меморандумға отыру мүмкіндігін қарастыру.

Орындалысы: Әскери полигонның жерін мал жайылымы үшін пайдалану бойынша үш жақты меморандум жасасу мүмкіндігін қарастыру жұмыстары жүргізілуде. Мәселе қарастырылуда.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы, Құрманғазы ауданы әкімдігі

(жиын)

01.02.2026 жыл

өзгеріссіз

37.          9

Сүйіндік ауылдық амбулаториясына анализ қабылдайтын лаборант маман қарастыру.

Орындалысы: Сүйіндік ауылдық амбулаториясында аптасына 1 рет анализ алу жұмыстары ұйымдастырылды. Тапсырма орындалды.

Денсаулық сақтау басқармасы

Қаңтар, 2026 жыл

38.          10

«Ауыл аманаты» бағдарламасы заңнамасының «бағдарлама арқылы мал алу үшін міндетті түрде жерің болуы қажет» деген бөлігіне қатысты жауапты мемлекеттік органға ұсыныс енгізу. Орындалысы: «Ауыл аманаты» бағдарламасы заңнамасының «Бағдарлама арқылы мал алу үшін міндетті түрде жерің болуы қажет» деген бөлігіне қатысты жауапты мемлекеттік органға ұсыныс енгізілді. Тапсырма орындалды.

 

 

 

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы

Қаңтар, 2026 жыл

Исатай ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныс-пікірлерді іске асыру жөніндегі              ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

39.           

Аққыстау ауылындағы кәріз желілері және имаратының құрылыс жұмыстарын жеделдетіп аяқтап,  іске қосылуын сұрайды.

Орындалысы:

Нысан құрылысы 2017 жылдың желтоқсан айында басталды. Жобаның шарт бойынша жалпы құны – 2 798,9 млн. теңге. Игерілгені – 2 661,5 млн.теңге. Қазіргі уақытта теңгерімге алушы мекеме тарапынан анықталған кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізілуде және бекітілген өндірістік кестеге сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейін нысанның құрылысын тапсыру жоспарлануда. Орындалуда

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

Желтоқсан, 2025 жыл

 

40.           

Аққыстау ауылы, Ынтымақ көшесіне автокөлік жолын салу мәселесі.

Орындалысы: Аққыстау ауылының ауылішілік автокөлік жолдарын қайта жаңғырту жобасы бойынша мердігер ұйым өз міндеттемелерін уақытылы орындамағандықтан, 2024 жылғы сәуірде келісімшарт бұзылды. Қазіргі таңда сот шешімдері негізінде қаражатты өндіру жұмыстары сот орындаушыларының бақылауында. Бұл бағытта уәкілетті органдармен бірлескен мониторинг жүргізіліп, бірқатар бұзушылықтар анықталды. Ынтымақ көшесіне асфальт төсеу жұмыстарын жаңадан іске асырылатын жол құрылысы жобалары аясында қарастыру жоспарлануда. Орындалуда.

Исатай ауданының әкімдігі

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

 

 

 

 

 

 

 

Шілде,  2026 жыл

 

41.           

Аудандық орталық аурухананың күрделі жөндеу  жұмыстарын жеделдетіп аяқтау.

Орындалысы: Аудандық орталық аурухананың күрделі жөндеуі аяқталды. Тапсырма орындалды.

Денсаулық сақтау басқармасы

Исатай ауданының  әкімдігі 

Қазан, 2025 жыл

 

42.           

Х.Ерғалиев ауылынан Махамбет ауданының Таңдай ауылына дейінгі автокөлік жолының құрылысын аяқтау.

Орындалысы: «Махамбет-Х. Ерғалиев» республикалық маңызы бар автожолдың жалпы ұзындығы 45 км құрайды.«Махамбет-Х.Ерғалиев»   автомобиль   жолын орташа жөндеу бойынша   0-10және   35-45   шақырым учаскелері толықтай аяқталып,   көлік қозғалысы қамтамасыз етілді.  

Одан бөлек,   10-35   шақырым жолдың   11   шақырым жолына асфальт жабындысы төселді. Мердігер мекеме көзделген жұмыс көлемінің 35% орындады. Мердігер мекеме мен тапсырыс беруші арасында жол конструкциясын өзгеруге қатысты келіспеушіліктер орын алып, жол-құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Мердігер мекеме сотқа талап арыз беріп, сот мердігер мекемнің талабын ішінара қанағаттандырды. Сот шешіміне сәйкес сараптамаға жобаны түзету енгізу рәсімдері жүргізілуде. Сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, жұмыстар жалғасады. Орындалуда.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

2025 жыл аяғына дейін Қызыл үй елді мекеніне жол тарту мәселесі.

 

43.           

«Прогресс» ЖШС қосалқы мердігер мекемесінің жұмысшылар алдындағы берешектерінің өтеп беру мәселесі.

Орындалысы: Аталған мекеменің банкрот деп танылуына байланысты берешектер өтелмеді. Тапсырма орындалды.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті

(келісім бойынша)

2025 жыл аяғына дейін

44.           

Батыс Қазақстан облысының тәжірибесін зерделеп, шөп таситын жүк көліктерінің жолда жүру рұқсатын (габарит) алу. Орындалысы: Батыс Қазақстан облысының тәжірибесін зерделеп, шөп таситын жүк көліктерінің жолда жүру рұқсатын (габарит) алу бойынша Атырау облысы көліктік бақылау инспекциясына хат жолданды. Тапсырма орындалды.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы

Полиция департаменті (келісім бойынша)

 Көліктік бақылау инспекциясы

 (келісім бойынша)

2025 жыл аяғына дейін

45.           

Тұщықұдық ауылында 280 орындық балабақша құрылысын салу бойынша ЖСҚ жасақтап, құрылысын бастау.

Орындалысы:  Тұщықұдық ауылы тұрғындарының сұранысы бойынша 280 орындық балабақша құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттама демеушілік негізде жасақталуда. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алу  2026 жылдың І жартыжылдығына жоспарлануда. Орындалуда

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

Исатай ауданының  әкімдігі 

Шілде, 2026 жыл

46.           

Құм өңіріндегі мал ауруының көбею себебін анықтау. Орындалысы:  2025 жылы Исатай ауданы бойынша бруцеллез ауруын анықтау мақсатында жылдық жоспар бойынша қан сынамасы толықтай ветеринариялық зертханаға жеткізіліп тексерілді. Нәтижесінде бруцеллезге зерттелген жануарлардан мүйізді ірі қара - 3 бас оң нәтиже анықталып, санитариялық сойылып жойылды. Санитариялық союға тапсырылған жануарлардың иелеріне жергілікті бюджеттен    193 518 тг өтемақы төленді. Тапсырма орындалды.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы

Қыркүйек, 2025 жыл

 

47.           

 «Атырау - Дина Нұрпейісова»  бағытындағы теміржол пойызының жүру уақытын қайта қарастыру.

Орындалысы: Экономикалық тұрғыдан тиімсіздігіне байланысты «Атырау - Дина Нұрпейісова»  бағытындағы пойыз тоқтатылды. Тапсырма орындалды.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Қыркүйек, 2025 жыл

 

48.           

Тұщықұдық ауылындағы жазғы су құбыры Күнбатыс көшесінің кейбір тұрғын үйлеріне жетпей қалған.

Орындалысы: 2025 жылдың қыркүйек айында Тұщықұдық ауылының Күнбатыс көшесінің кейбір тұрғын үйлеріне жазғы су желісінің жүргізілмей қалу мәселе зерделеніп, аталған тұрғын үйлерге мердігер мекеме «Гранд Мастер» ЖШС-нің  көмегімен жазғы су желісі жүргізілді. Көтерілген мәселе толығымен шешілді. Тапсырма орындалды.

Исатай ауданының  әкімдігі 

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

Желтоқсан, 2025 жыл

 

49.           

Нарын құмы өңіріне интернет байланысын тарту мәселесі. Орындалысы: «Kcell» АҚ Нарын ауылында 3G және 4G стандарттары бойынша мобильді кең жолақты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Нарын ауылында «Транстелеком» АҚ-ның тарапынан талшықты-оптикалық желісі орнатылған. Қазіргі таңда интернет провайдері мен инвесторлар арасында үй шаруашылықтарына дейін талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ арасындағы келісім аясында «Жоғары жылдамдықты қолжетімділікті ауылдық елді мекендерде талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы қамтамасыз ету» жобасы жүзеге асырылады. Жоба аясында 2026–2027 жылдары талшықты-оптикалық байланыс желісінің (ТОБЖ) көлік ортасын жобалау және салу, сондай-ақ халық пен заңды тұлғаларға байланыс қызметтерін ұйымдастыру үшін оптикалық тарту желісін салу жоспарланып отыр. Атырау облысы бойынша 43 елді мекенді қамту көзделген. Оның ішінде Нарын ауылдық округі бойынша Жаңа-Жанбай ауылын қамту жоспарға енгізілген.

Сонымен қатар, облыстың шалғай елді мекендерінде жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мақсатында «Starlink» спутниктік жабдықтарын орнату жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, Исатай ауданы, Нарын ауылдық округіне қарасты Мыңтөбе елді мекені қамтылды. Тапсырма орындалды.

Цифландыру және архивтер басқармасы

Желтоқсан, 2025 жыл

 

50.           

Қызыл үй елді мекеніне жол тарту мәселесі.

Орындалысы: Қызылүй ауылына кірме жолының сметалық құжаттамасы дайындалды (жобалық құны 1,6млрд.тг.) Қазіргі таңда  мердігер мекеме «Казкомсервис» ЖШС аудандық маңызы бар Қызылүй ауылына кірме жолға орташа жөндеу жұмыстарын бастады. Жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Орындалуда.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Исатай ауданының  әкімдігі 

Желтоқсан, 2025 жыл

 

51.           

Жолаушылар тасымалы қызметімен айналысатын жеке кәсіпкерлердің (такси қызметі) заңдылыққа сәйкес жұмыс жасауын қадағалау.

Орындалысы: 2025 жылы ауылішілік және ауданішілік (ауылдардың арасына) такси қызметтерінің қымбаттауы нәтижесінде тұрғындардың көптен қозғап жүрген жолаушылар тасымалы тамыз айынан бастап аудан орталығы Аққыстауда ауылішілік 3 бағытта күн сайын және аудан орталығынан Тұщықұдық, Х.Ерғалиев, Жанбай, Нарын және Исатай, Зинеден ауылдарына ауыларалық жолаушылар үшін тасымалы «БатысТехИнвест» ЖШС арқылы тесттік режимде іске қосылды. Жолаушылар тасымалы қолайлы болуы үшін аудан орталығы Аққыстау ауылына қоғамдық көліктерге арналған 10 дана аялдама орнатылды, ағымдағы жылы ауылдық округтерге аялдамалар кезең кезеңімен орнатылатын болады. Тапсырма орындалды.

Исатай ауданының  әкімдігі 

Полиция департаменті (келісім бойынша)

Мемлекеттік кірістер департаменті

 (келісім бойынша)

Қазан, 2025 жыл

 

52.           

Нарын құмы өңірінде қасқыр аулау жұмысын ұйымдастыру.

Орындалысы: Табиғатта қасқырлар санын азайту іс шараларын жүзеге асыру мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы қарастыру жоспарланған болатын. Алайда, Атырау облысының мамандандырылған прокуратурасының 2026 жылғы 28 қаңтардағы  №2-0509-26-00101 ұсыным хатына сәйкес аталған жұмысқа бюджет қаражатын негізсіз бөлу және мемлекеттік органдардың қызметін өзге заңды тұлғаға жүктеу заңсыз болып табылатындығы көрсетілген. Осыған байланысты  қазіргі уақытта  жұмыстар тоқтатылды. Тапсырма орындалды.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Исатай ауданының  әкімдігі 

2025 жыл аяғына дейін

53.           

Облыстағы төрт түлік мал азығына қажетті жеммен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау.

Орындалысы: 2025-2026 жылдарға арналған мал қыстатуға қажетті 605,0 тонна ірі сабақты мал азығының 608,5 мың тоннасы (100,6%) дайындалды. Биылғы жылға қажетті 44,5 мың тонна құрама жемнің 34,4 мың тоннасы сатып алынды (77,3%). Қажетті құрама жемнің қалған бөлігі жыл бойына қажеттілікке байланысты қосымша сатып алынады. 1 рулонның орташа бағасы 8 000 – 13000 тг, Жем бағасы: кебек 1 кг 100-116 тг, арпа 108-140 тг, бидай 120-140 тг. Тапсырма орындалды.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы

2025 жыл аяғына дейін

54.           

Өңірде дала өртіне қарсы жұмыстарға қажетті арнайы техника (К-704) қажеттілігі туындауда.

Орындалысы: Ауданда дала өртіне қарсы жұмыстарға арнайы техника сатып алу мақсатында Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне тиісті қаражат бөлініп, тасымалдаушы «Ю мастер» ЖШС анықталды. Арнайы техниканы 60 күнтізбелік күнде жеткізу күтілуде.  Орындалуда. 

Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Исатай ауданының  әкімдігі 

Маусым, 2026 жыл

55.           

Шегірткеге қарсы улау препараттарының құрамын зерделеу қажет.

Орындалысы: Зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы фитосанитариялық іс-шаралар Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің                  2020 жылғы 19 наурыздағы № 100 бұйрығы негізінде шегіртке тектес зиянкестерге қарсы фитосанитариялық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін химиялық препараттарға биологиялық тиімділікті анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Пестицидтердің биологиялық тиімділігі – қолданылған препараттың зиянды организмдерді (зиянкестер, ауру қоздырғыштар, арамшөптер) жою немесе олардың санын азайту дәрежесін көрсететін негізгі көрсеткіш.

Биологиялық тиімділікті анықтаудың мақсаты

Препараттың әсер ету күшін бағалау

Ұсынылатын мөлшерінің дұрыстығын тексеру

Бағалау мерзімі

Инсектицидтер: 3, 7, 14 тәуліктен кейін

Фунгицидтер: аурудың даму қарқыны бойынша

Гербицидтер: 10–20 күннен кейін

Биологиялық тиімділік деңгейі

90–100 % – өте жоғары тиімді

70–89 % – тиімді

50–69 % – орташа тиімді

50 % төмен – тиімсіз

Аталған іс-шараларды ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы жүргізеді. Тапсырма орындалды.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы,

Облыстық аумақтық инспекция

(келісім бойынша)

2025 жыл аяғына дейін

56.           

Аудан аумағымен өтіп жатқан каналдардың түбін тереңдетуді сұрайды.

Орындалысы:3 нысан  бойынша «Жасқайрат» - ұзындығы 8,8 шақырым, «Мартыши» - ұзындығы 20,4 шақырым, «Есиркеп» - ұзындығы 4,5 шақырым,)Аталған каналдарға  2020-2021 жылдары жасақталған ЖСҚ мерзімі өтіп кетуі себепті, «Табиғат» КМК-сы, жөндеу жұмыстарынөз күшімен жүргізілуде (арналарын шөгінді құм мен өскін қамыстардан механикалық тазалау жалдарын қалпына келтіру).

Атап айтқанда 2025-2026 жылы 23,2 шақырымның жөндеу жұмысы орындалды:

«Жасқайрат» каналы бойынша – 0,7 шақырым;

«Мартыши» каналы бойынша – 18 шақырым;

«Есиркеп»  каналы бойынша – 4,5 шақырым. Орындалуда.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

«Табиғат» КМК

 Исатай ауданының  әкімдігі 

2026 жыл аяғына дейін

57.           

«Атырау-Астрахань» тас жолының Атырау қаласына кіреберіс бөлігінің күрделі жөндеу жұмыстарын жеделдетіп аяқтауды сұрайды.

Орындалысы: «Атырау-Астрахань» автомобиль жолының Атырау қаласына кіре беріс бөлігін қайта жаңғырту жұмыстары 55% аяқталды. Орындалуда.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Атырау қаласының әкімдігі

Маусым, 2026 жыл

58.           

Аққыстау ауылында орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінің (аудандық білім бөліміне қарасты «Барыс» клубы) күрделі жөндеу құрылысын аяқтау үшін қажетті шараларды ұйымдастырсын;

Орындалысы: Дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінің күрделі жөндеуін жалғастыру үшін 308 719 мың теңге қаржы қажеттілігі бар. Жұмыс 35% аяқталды. Жобалау-сметалық құжаттамасы түзетіліп, сараптамадан өтті. Қазіргі уақытта күрделі жөндеуге бюджеттік сұраныс жолданды. Орындалуда.

Білім беру басқармасы

Исатай ауданының  әкімдігі 

2025 жыл аяғына дейін

59.           

Аққыстау ауылының 4-кезеңдегі автокөлік жолының құрылысын бастау үшін алдағы облыстық мәслихат сессиясында қаржы бөлу мәселесін қарастыру.

Орындалысы: Аққыстау ауылында 4-кезеңдегі жаяу жүргіншілер жолдары бар 12,1 шақырым ауылішілік автомобиль жолдарын салу (Мердігер «АКТИВ-А» ЖШС, жоба құны 3 млрд 390 млн теңге) жұмыстары басталды. Бюджеттен 100,0 млн тг қаражат бөлініп,  1 шақырым шамасында автомобиль жолдары жасалды. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылы аяқтау жоспарланған (облыстық бюджеттен - 1,5 млрд тг). Орындалды.

Исатай ауданының  әкімдігі,

Экономика және қаржы басқармасы,

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Қыркүйек, 2025 жыл

 

60.           

Аққыстау ауылындағы құрылысы аяқталмаған
3 қатарлы 60 пәтерлік үш үйдің қазіргі жағдайына байланысты «ҚазҚСҒЗИ» АҚ («Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми – зерттеу және жобалау институты» АҚ) мен келісімшарт арқылы зерделеу жұмыстарын жүргізу.

Орындалысы: Құрылыстың мердігері – «Дан-Строй-База-ЛТД» ЖШС. Авторлық қадағалаушы мекеме – «СпецСтройСогласование» ЖШС. Техникалық қадағалаушы мекеме – «КЦУП» ЖШС. Мердігер мекеме «Дан-Строй-База-ЛТД» ЖШС келісімшарт талаптарын толық орындамағандықтан, Исатай аудандық құрылыс бөлімі тарапынан оны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану, тұрақсыздық айыппұлын өндіру және келісімшарт міндеттемелерін орындауды міндеттеу туралы сотқа талап арыз берілді. Сот шешімдерімен мердігер мекемеден тұрақсыздық айыппұлдары өндіріліп, келісімшарт бойынша кепілдік жарна мемлекет кірісіне қайтарылды. Кейін 2024 жылғы қазан айында келісімшарт біржақты тәртіппен бұзылды. Қазіргі уақытта жоба авторы «СпецСтройСогласование» ЖШС-мен жобалау-сметалық құжаттамаға түзету жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, тұрғын үйлердің іргетастарында анықталған ақауларға байланысты «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-мен нысанға толық техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Техникалық сараптама қорытындысына сәйкес нысан бойынша алдағы жұмыстарға қатысты нақты шешім қабылданатын болады.         

Тапсырма орындалды.

Исатай ауданының  әкімдігі, 

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы,

 Экономика және қаржы басқармасы

2025 жыл аяғына дейін

61.           

Исатай ауылындағы электр желісі құрылысының жобасын облыстық бюджеттік комиссияда қарау.

Орындалысы: Исатай ауылындағы электр желісі құрылысының жобасы бойынша облыстық бюджеттік комиссияға әкімдік тарапынан ұсыныс берілді. 2026 жылғы 500,0 млн тг қаржы бөлінді. Қазіргі кезде құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. 2026 жылдың аяғына дейін толықтай аяқталу жоспарлануда. Орындалуда.

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

Экономика және қаржы басқармасы,

Исатай ауданының әкімдігі

Қазан, 2025 жыл

 

62.           

Аққыстау ауылындағы өрт сөндіру депосы құрылысының жобасына түзету енгізу жұмыстарын жеделдету.

Орындалысы: Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттамасына түзетулер енгізіліп, облыстық бюджеттік комиссияның шешімінен кейін сараптамаға ұсыныс беріледі. Сараптаманың оң қорытындысын алынғаннан кейін, мердігерді анықтау үшін тендерлік рәсімдер жүргізілетін болады. Орындалуда.

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы,

Исатай ауданының  әкімдігі 

Қазан, 2025 жыл

 

63.           

Исатай ауданында жедел жәрдем стансасына ғимарат салу мәселесі.

Орындалысы: Исатай аудандық ауруханасы ғимараты күрделі жөндеу жұмысы аяқталды, ауруханаға қарасты емхана ғимаратынан жедел жәрдем станциясына қажетті орынжай бөлінді. Тапсырма орындалды.

Денсаулық сақтау басқармасы,

Исатай ауданының әкімдігі 

2025 жыл аяғына дейін

64.           

Аққыстау ауылындағы орталық стадионның орнына дене шынықтыру - сауықтыру спорт кешенін салу үшін ЖСҚ жасақтап, құрылысын бастауды ұйымдастырсын.

Орындалысы: Аққыстау ауылындағы орталық стадионның орнына дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенін салуға демеушілік негізде жобалаушы мекеме «ПроектСтройИнжиниринг» ЖШС-мен жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, 2026 жылғы 03 маусымдағы №OEXP-0040/26 сараптаманың оң қорытындысы алынды. Тапсырыс беруші – «Исатай аудандық құрылыс бөлімі» ММ. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы бөлу үшін тиісті бюджеттік өтінім жолданды.

Исатай ауданының  әкімдігі, 

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

Шілде, 2026 жыл

65.           

 «Атырау-Астрахань» тас жолының Х.Ерғалиев ауылы тұсындағы автокөлік көпірінің астынан адам өткелін (проход) жасау.

Орындалысы: Хамит Ерғалиев ауылында салынған «Атырау-Астрахань» трассасы бойындағы жаңа автокөлік көпірінің астынан Ұ.Сабыров көшесінің тұрғындары үшін жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы 2025 жылдың күз айында басталды. Жұмыс 70-80%-ға орындалды. Көпірге қарай жаяу жүргінші жолын салу, сырлау,  абаттандыру жұмыстары жасалады. Тапсырма орындалды.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ (келісім бойынша)

2025  жыл аяғына дейін

Жылыой ауданының

 тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныс-пікірлерді іске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

66.           

Ауданның мүмкіндігі шектеулі азаматтарына «Қамыскөл» шипажайына жолдама беруді қарастыру.

Орындалысы: Мүмкіндігі шектеулі азаматтар шипажай-курорттық емді әлеуметтік қызметтер порталынан өздері таңдайды. Осыған байланысты «Қамыскөл» шипажайы Әлеуметтік қызметтер порталына тіркелуі қажет. Әлеуметтік қызметтер порталына тіркелу жұмыстары жүргізілуде. Алайда шипажай құрылғыларының сатып алынған жүкқұжаты (накладной) жоқ болуына байланысты тиісті құжаттары қабылданбады. Порталға тіркелу қажеттігі түсіндірілді. Тапсырма орындалды.

Денсаулық сақтау басқармасы,

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Жылыой  ауданы әкімдігі

01.02.2026 жыл

 

67.           

Құлсары қаласы «Болашақ» ықшам ауданына 5G интернет байланысын орнату.

Орындалысы: «Болашақ» ықшам ауданында 5G стандарты байланысын орнату мақсатында телекоммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің құрылысына жер телімі бөлінді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2026 жылғы мамыр айында бастау жоспарланған болатын. Алайда мердігер ұйымның анықталмауына байланысты жұмыстарды бастау мерзімі ағымдағы жылдың шілде айына ауыстырылды. Қазіргі уақытта тиісті ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Орындалуда.

Цифрландыру және архивтер басқармасы,

Жылыой  ауданы әкімдігі

01.04.2026 жыл

68.           

Б.Ербосынов көшесін жабайы шөптерден  тазарту жұмыстарын жүргізу.

Орындалысы: Құлсары қаласы Б.Ербосынов көшесін жабайы шөптерден тазарту жұмыстары жүргізілді. Тапсырма орындалды.

Жылыой  ауданы әкімдігі

31.12.2025 жыл

69.           

 «Болашақ», «СМП-615», «Мереке» ықшам аудандарына көше жарығын жүргізу.

Орындалысы: Құлсары қаласы «СМП-615», «Береке» ықшам аудандары көшелері мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында «Құлсары қаласы көше жарығы құрылысы» жобасы тізіміне енгізілген. Қазіргі таңда «Батыстранзит» АҚ-мен келісімшарт жасақталып, құрылыс жұмыстары басталды.

«Болашақ» ықшам ауданына көше жарығын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақтау жоспарға енгізілді. Орындалуда.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы,

Жылыой ауданы әкімдігі

01.10.2026 жыл

70.           

Күрделі жөндеуден өткен Теміржол вокзалын қабылдау жұмыстарын жүргізу.

Орындалысы: Күрделі жөндеуден өткен Теміржол вокзалын қабылдау жұмыстары жүргізілді. Орындалды.

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ, Атырау магистральдық желі бөлімшесі (келісім бойынша)

Жылыой ауданы әкімдігі

01.03.2026 жыл

71.           

Ауыл шаруашылығы саласын  қолдау бағытында субсидия бөлу.

Орындалысы: Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында жыл сайын республикалық және жергілікті бюджеттерден тиісті қаражат бөлінеді. Мемлекеттік қолдау шаралары өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және балық шаруашылығы салаларын қамтиды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелерін енгізуге, су үнемдеу технологияларын қолдануға және өндірістік инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешеннің инвестициялық жобаларын іске асыруға инвестициялық субсидиялар ұсынылады. Фермерлер мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау көрсетілу бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі. Орындалуда.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы

01.02.2026 жыл

72.           

Қоғамдық Кеңес төрағасына қатысты тиісті шаралар қабылдау.

Орындалысы: Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы Жылыой аудандық мәслихатының 2025 жылғы 20 наурыздағы №97 өкімімен бекітілді.  Сайланған кеңес мүшелері өздерінің арасынан Құлбаев Бекет Бағытжанұлын төраға сайлады.  Әлеуметтік желіде тарап жүрген жұмысшылар мен Б.Құлбаевтың арасында болған келіспеушіліктерге байланысты  Б.Құлбаевтың  депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Қазіргі уақытта Б.Құлбаевпен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Тапсырма орындалды.

Жылыой ауданы әкімдігі

01.02.2026 жыл

Индер ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында тұрғындардан түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

73.           

Индер ауданының өндірістік потенциалын арттыру мақсатында «Индер-Мақат» теміржолын күрделі жөндеуден өткізу.

Орындалысы: «Мақат-Индербор» желісінің меншік иелерімен оны «Көлік сервис орталығы» АҚ балансына беру мәселесі бойынша:

 1) 16.04.2025 жылы «Атырау техникалық байқау компаниясы» ЖШС атына айыппұл тұрақсыздық айыбын төлеу және мүлікті қайтару туралы талаппен сотқа дейінгі талап жіберілді. 2)13.06.2025 ж. «Атырау «ӘКК» АҚ «Атырау Техникалық байқау компаниясы» ЖШС-на ұзындығы 175 390 метр болатын, 670,2 млн. теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбын өндіріп алатын «Мақат-Индер» теміржол желісі түріндегі мүлікті қайтару туралы сотқа талап арыз берді;

3) 27.06.2025 ж. Сот ісін жүргізуге талап қоюды қабылдауды және азаматтық іс қозғауды (оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарау (тараптарды шақырмай) айқындады;

 4) 2025 жылғы 18 шілдеде Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Атырау «ӘКК» АҚ-ның іздестіру өтінішін қанағаттандырды. Орындалуда.

Жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасы,

Индер ауданы әкімдігі

01.06.2026 жыл

өзгеріссіз

74.           

Елтай ауылынан заманауи мәдениет үйін салу;

Орындалысы: Мәдениет үй 2013 жылы күрделі жөндеуден өтті. Ғимарат 1974 жылы (200 орындық) пайдалануға берілген, яғни ескіруіне байланысты жаңа ғимаратты қажет етеді. Қазіргі уақытта жер телімін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Орындалуда.

Құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасы,

Индер ауданы әкімдігі

01.11.2026 жыл

75.           

Аудан орталығынан заманауи оңалту орталығын салу

Орындалысы: «SCS Инжиниринг» ЖШС (мердігер ұйымы) 2021 жылдың 31 наурызында Индербор кенті, Ш.Уәлиханов көшесі №15 мекенжайында орналасқан әкімшілік ғимаратты күрделі жөндеу жұмыстары бойынша «Индербор кенті әкімінің аппараты» ММ-мен келісімшарт жасаған. Шартқа сәйкес жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі — 2021 жылғы 19 қараша (ұзақтығы 7 ай). Алайда мердігер ұйым шарт талаптарын толық орындамағандықтан, «SCS Инжиниринг» ЖШС жосықсыз қатысушы деп танылды.

Қазіргі уақытта:

• «Құрылысты техникалық сүйемелдеу бюросы» ЖШС тарапынан ғимаратқа техникалық тексеру жүргізіліп, сараптамалық қорытынды алынды;

• жобаға қажетті түзетулер мен өзгерістер енгізу үшін сметалық құжаттамалар Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясына жолданды;

• жұмыстардың орындалу деңгейі 90–95% құрайды.  Орындалуда.

Құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасы,

Индер ауданы әкімдігі

01.07.2026 жыл

76.           

Индер ауданы бойынша мал қорымдарының қалыпты жұмыс жасауын ұйымдастырып, қажеттілігіне қарай құрылымдық өзгерістер (конструкция) енгізе отырып, жөндеу жұмыстарын жүргізу

Орындалысы: Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының «Индер аудандық ветеринариялық стансасы» ШЖҚ КМК мекемесінің теңгерімінде 7 типтік мал қорымдары Индер ауданы әкімінің 2025 жылдың 17 желтоқсандағы №275 қаулысына сәйкес Индер аудандық құрылыс бөлімінің теңгеріміне берілді. Нысанның жай күйін анықтау мақсатында зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін зерделуші мекемемен келісімшарт жасақталуда. Орындалуда.

Құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасы,

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы, Индер ауданы әкімдігі

01.06.2026 жыл

Махамбет ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында тұрғындардан түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

77.           

Ақтоғай ауылының ауылішілік көшелеріне түнгі жарық шамдарын орнату мақсатында жоба жасақтап, ұсыныс енгізсін.

Орындалысы: Ақтоғай ауылының 12 шақырым көше жарығы құрылысын жүргізуге мердігер мекеме «Атырау құрылыс 2050» ЖШС-мен келісімшарт 2025 жылдың желтоқсан айында жасақталды. Жоба құны 294 026,0 мың теңге. 2026 жылға құрылыс жұмыстарын бастау үшін 250 000,0 мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары басталып, құрылыс алаңын дайындау жұмыстары атқарылып, бағаналарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2026 жылғы желтоқсан. Орындалуда.

Махамбет ауданы әкімдігі

01.10.2025 жыл

78.           

Махамбет ауылдық округіне қарасты «Өткел» мөлтек ауданының тұрғындарын көшіру жұмыстарын, яғни заңға сәйкес тұрғын үйінің бағаланған құнын өтеу немесе басқа тұрғын үймен қамтамасыз етуді ұйымдастырсын;

Орындалысы: Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) және аудандық архивтен алынған тұрғын үйлер мен жер учаскелеріне қатысты мәліметтер негізінде материалдар дайындалып, Әкімшілік сотқа жолданып, қазіргі уақытта сотта қаралуда. Орындалуда.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы,

Махамбет ауданы әкімдігі

31.12.2025 жыл

79.           

B.B.NURA ЖШС-мен хабарласып, «Махамбет аудандық аурухана» ШЖҚ КМК-нан берілген арнайы бөлменің жөндеу жұмыстарын аяқтап, «Гемодиализ» еміне қарсы аппаратпен қамтамасыз етсін;

Орындалысы: Махамбет аудандық ауруханасы ғимаратынан «B.B.NURA» ЖШС-на гемодиализ кабинетін ашу мақсатында 3 бөлме жалға берілді. Қазіргі уақытта нысанды іске қосу үшін қажетті дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде: ғимараттың ішкі өлшемдері алынып, косметикалық жөндеу жұмыстары жоспарланды. Жөндеу жұмыстары бюджеттік қаражаттың түсуіне қарай кезең-кезеңімен басталатын болады. Сонымен қатар, бөлмелерді арнайы медициналық мақсатқа бейімдеу шаралары қолға алынған. Гемодиализге қажетті негізгі аппараттар мен қосалқы жабдықтарды сатып алу процесі жүріп жатыр. Су тазарту жүйесіне арналған сүзгілер мен мембраналарға тапсырыс берілген, су сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында заманауи арнайы жүйе орнатылады. Барлық техникалық шешімдер жобалық-сметалық құжаттамалар аясында келісіліп, жұмыстар санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес жүргізілуде. Орындалуда.

Денсаулық сақтау басқармасы

31.12.2025 жыл

80.           

Арнайы науқастарға берілетін дәрілер қорының болуы, уақытылы келуін және науқастарға мерзімінде берілуін қамтамасыз етсін;

Орындалысы: Азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарлы түрде және уақытылы жүргізілуде. Арнайы есепте тұрған науқастар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы №75 бұйрығына сәйкес тізімге енген дәрілік препараттармен толық көлемде қамтамасыз етіліп отыр.

Сонымен қатар, орфандық (сирек) аурулары бар науқастар жергілікті бюджет қаражаты есебінен қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етілуде. Тапсырма орындалды.

Денсаулық сақтау басқармасы

Үнемі

81.           

Махамбет ауылындағы 3 қатарлы көп пәтерлі тұрғын үйлерді күтіп ұстау мақсатында тұрғын үй иелерімен бірлесіп КМК (көппәтерлі үйлердің меншік иелері кооперативі) құру мүмкіндігін қарасын;

Орындалысы: Қазіргі уақытта аудан әкімдігі тарапынан Махамбет ауылындағы 3 қатарлы көппәтерлі тұрғын үйлерді күтіп ұстау мақсатында КМК құруға тұрғындарға және жеке кәсіпкерлерге ұсыныс беріліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Тапсырма орындалды.

Махамбет ауданы әкімдігі

31.12.2025 жыл

82.           

Жалғансай ауылына жүргізіліп жатырған жол құрылыс жұмыстарының уақытылы аяқталуын қамтамасыз етсін;

Орындалысы: Жалғансай ауылының ауылішілік жолдарының негізгі қабаты салынып, қазіргі уақытта жоба бойынша асфальт жабындысы толықтай төселді. Жоба бойынша  жолдың жалпы ұзындығы 9,6 шақырым. 2026 жылғы 5 мамырда  «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалы арқылы жол-құрылыс материалдарының сынамалары алынды.  Сынақ нәтижесінде Ақжайық және Отаров көшелерінде  ұсақ түйіршікті асфальтбетон қоспасы талапқа сай келмеуі анықталды. Кемшіліктер қалпына келтірілгеннен кейін қабылдау-тапсыру жұмыстары жүргізілетін болады. Жобаны жүзеге асырып жатырған мердігер мекеме «АтырауИнжСтрой» ЖШС.  Орындалуда.

Махамбет ауданы әкімдігі

01.12.2025 жыл

83.           

Ақтоғай ауылындағы дәрігерлік акушерлік пунктінің дәрігер мамандары еңбек демалысына шығып немесе т.б себептермен жұмыста болмаған жағдайда, орнына «Махамбет аудандық аурухана» ШЖҚ КМК-нан білікті дәрігерлермен қамтамасыз етсін;

Орындалысы: Махамбет ауданы бойынша  елді мекендердің тұрғындарына сапалы, білікті медициналық көмек көрсету мақсатында жылжымалы консультациялық-диагностикалық көмекпен қамту бойынша 1 жылжымалы кешен қызмет жасап тұр. Жылжымалы консультациялық-диагностикалық кешен құрамында хирург, гинеколог, отоларинголог, дерматолог, психолог, невропатолог, педиатр, онколог, кардиолог мамандар қарап,тексеру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар жылжымалы кешен құрамында рентген (флюрография) жұмыс істейді. 2025 жылға  арналған Махамбет ауданына қарасты елді мекендерді арнайы бекітілген кесте бойынша 1 жылда 4-5 рет  қарап, тексеру жұмыстары үнемі жүргізіліп отыр. Тапсырма орындалды.

Денсаулық сақтау басқармасы

Үнемі

84.           

Ақтоғай ауылының кірме жолының құрылыс жұмыстарын бақылауға алып, сапалы әрі уақытылы аяқталуын қамтамасыз етсін;

Орындалысы: Ақтоғай ауылының 2,152 шақырым кірме жолын күрделі жөндеуге 217 203,0 мың теңге қаражат бөлініп жұмыстары басталған болатын (жоба құны 517 603,0 мың теңге). Алайда 2024 жылы соңғы қабаты қыс мезгілінде төселген себепті, жазғы уақытта асфальт жабындысының бүлінуі байқала бастады. Қазіргі уақытта асфальт жабындысы толықтай қайта төселініп, жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілді. Нысан «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалының сынақ нәтижесінен өткеннен кейін қабылдау жұмыстары жүргізіледі. Жобаны жүзеге асырып жатырған мердігер мекеме «Team Development» ЖШС. 2026 жылға жоба бойынша 24 877,0 мың теңге қаржысы қалды. Орындалуда.

Махамбет ауданы әкімдігі

 

                               

01.12.2025 жыл

85.           

«Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалының тұрғын үй кезегінде әр аудан бөлінісінде кезекте тұрған азаматтардың тізімі мен кезектілігі және кезектілікпен беріліп жатырған адамдар туралы мәліметті аудан әкімдіктеріне ұсынсын;

Орындалысы: Әр аудан бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың тізімі мен кезектілігі туралы ақпарат orken.otbasybank.kz  сайтына жарияланған. Бұл жөнінде қала және аудандар әкімдіктеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Орындалды.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

«Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалы (келісім бойынша)

 

Әр апта сайын

Мақат ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында тұрғындардан түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

86.           

Ескене, Таскескен елді мекендері тұрғындарын Атырау қаласына көшіру мәселесі бойынша бірлескен комиссия құрып, зерделеу жұмыстарын жүргізіп, тиісті ұсыныс енгізу.

Орындалысы: Мақат ауданы әкімдігі тарапынан елді мекен тұрғындарын Атырау қаласына көшіру мәселесі бойынша аудандық комиссия құрылып, зерделеу жұмыстары жүргізіліп,  2026 жылдың 5 мамыр күні облыс әкімдігіне хат жолданды. Тапсырма орындалды.

Энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (жиын),
Мақат ауданы әкімдігі,
Атырау қаласы әкімдігі

01.06.2026 жыл

87.           

Аппатты деп танылған және барак типтес тұрғын үйлерді жою мақсатында тұрғын үйлер салу үшін тиісті қаражат бөлу жұмыстарын ұйымдастыру.

Орындалысы: Аудандағы аппатты деп танылған және барак типтес тұрғын үйлерді жою мақсатында тұрғын үйлер салу үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен 1,780 млн.теңге қаражат бөлінді. Орындалды.

Мақат ауданы әкімдігі, Экономика және қаржы басқармасы (жиын),
Энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

25.12.2025 жыл

88.           

Аудандағы қалған көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттері мен төбе шатырларының құрылыс жұмыстарына тиісті қаржы бөлу жұмыстарын ұйымдастыру.

Орындалысы: Аудандағы қалған көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттері мен төбе шатырларының құрылыс жұмыстарына облыстық бюджет қаражаты есебінен 398 млн.теңге қаражат бөлінді. Орындалды.

Мақат ауданы әкімдігі,
Экономика және қаржы басқармасы (жиын),
Энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

01.03.2026 жыл

89.           

Мақат кентіне кәріз желілерін жүргізу мәселесі  бойынша ЖСҚ жасақтауға тиісті қаржы бөлу.

Орындалысы: Мақат кентіне кәріз желілерін жүргізу мақсатында ЖСҚ жасақтауға облыстық бюджет қаражаты есебінен 30 млн.теңге қаражат бөлінді. Орындалды.

Мақат ауданы әкімдігі, Экономика және қаржы басқармасы (жиын),
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы,
Энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

01.04.2026 жыл

90.           

Мақат кентіне жазғы су құбырын жүргізу үшін ЖСҚ жасақтауға тиісті қаржы бөлуге.

Орындалысы: 2026 жылға бюджетті қалыптастыруда бұрын басталған жобаларды аяқтауға және жалғастыруға басымдық берілді. Жаңа жобаларды қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, өңірлік стандарттар жүйесіне және бюджеттің мүмкіндігіне байланысты қаралатын болады. Орындалуда.

Мақат ауданы әкімдігі, Экономика және қаржы басқармасы (жиын),
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы,
Энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

01.04.2026 жыл

91.           

Мақат кентінен Жастар орталығын салу үшін тиісті қаражат бөлу жұмыстарын ұйымдастыру.

Орындалысы: 2026 жылға бюджетті қалыптастыруда бұрын басталған жобаларды аяқтауға және жалғастыруға басымдық берілді. Жаңа жобаларды қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, өңірлік стандарттар жүйесіне және бюджеттің мүмкіндігіне байланысты қаралатын болады. Орындалуда.

Мақат ауданы әкімдігі,
Экономика және қаржы басқармасы (жиын),
Ішкі саясат басқармасы

25.12.2025 жыл

92.           

Мақат кентіне «Келешек мектеп», «Бином» мектептерінің үлгісінде мектеп салу үшін ЖСҚ жасақтау жұмыстарын ұйымдастыру.

Орындалысы: Мақат ауданы Мақат кентінде 600 орындық мектептің құрылысын салу үшін ЖСҚ байламына жобалау есебі дайындалып, Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасына 2025 жылғы 15 қазанда бюджеттік өтінім жолданды. 2026 жылға бюджетті қалыптастыруда бұрын басталған жобаларды аяқтауға және жалғастыруға басымдық берілді. Жаңа жобаларды қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, өңірлік стандарттар жүйесіне және бюджеттің мүмкіндігіне байланысты қаралатын болады. Орындалуда.

Мақат ауданы әкімдігі, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (жиын), Экономика және қаржы басқармасы,
 Білім беру басқармасы

01.06.2026 жыл

93.           

Мақат кентіндегі №2 бастауыш мектебінің жапсарлас ғимаратының ЖСҚ-на түзетулер енгізу.

Орындалысы: Мақат кентіндегі №2 бастауыш мектебінің жапсарлас ғимаратының ЖСҚ-на түзетулер енгізу жұмыстары жүргізілуде.Орындалуда.

Мақат ауданы әкімдігі, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (жиын), Білім беру басқармасы

01.03.2026 жыл

94.           

Доссор кентінен жаңадан мәдениет үйін салу үшін ЖСҚ жасақтау жұмыстарын ұйымдастыру.

Орындалысы:  Республикалық және жергілікті бюджеттердің оңтайландыру және экономикалық өсім беретін жобаларға басымдық беру мақсатында ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі №792 қаулысымен мәдениет ұйымдарының жаңа объектілерін салуға бюджет қаражатын бөлуге 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін мораторий енгізілді.

Мақат ауданы әкімдігі, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (жиын), Экономика және қаржы басқармасы,
 Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы

01.06.2026 жыл

95.           

Доссор кентінен заманауи үлгідегі аурухана салу үшін ЖСҚ жасақтау жұмыстарын ұйымдастыру.

Орындалысы: Доссор селолық ауруханасында күндізгі стационар (20 төсек) және стационарлық көмек (18 төсек) қызметі қамтамасыз етілген. Доссор кентінен 30 км қашықтықта орналасқан аудан орталығы Мақат кентінде типтік үлгіде салынған ауысымына 250 науқасты қабылдайтын емхана қызмет көрсетеді және 50 төсек стационарлық көмек ұйымдастырылған.

          Мақат ауданы Мақат кентінде 50 төсек аудандық аурухана салу үшін  ЖСҚ жасақтауға қаржы қаралып, 2026-2027 жылдары іске асыру жоспарлануда. Орындалуда.

Мақат ауданы әкімдігі, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (жиын), Экономика және қаржы басқармасы,
Денсаулық сақтау басқармасы

01.06.2026 жыл

96.           

Мақат кентінен заманауи үлгідегі Өнер мектебін салу үшін ЖСҚ жасақтау жұмыстарын ұйымдастыру.

Орындалысы: Мақат кентінен 250 орындық Өнер мектебін салу үшін ЖСҚ жасақтауға облыстық бюджеттен  қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Орындалуда.

Мақат ауданы әкімдігі, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (жиын), Экономика және қаржы басқармасы,
 Білім беру басқармасы

01.06.2026 жыл

97.           

«NCOC» компаниясының әлеуметтік-инвестициялық жобалары аясында қаралатын қаржыны, алдын ала жолданған ұсыныстарға сәйкес толық қолдау шараларын ұйымдастыру.

Орындалысы: Мақат ауданында «NCOC» компаниясының әлеуметтік-инвестициялық жобалары аясында Мақат кентінің орталық алаңын қайта жаңғырту және Мақат кентіндегі №2 бастауыш мектебін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Орындалуда.

Мақат ауданы әкімдігі, Экономика және қаржы басқармасы(жиын),
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

01.12.2026 жыл

98.           

Мақат кентіндегі 13 шақырым болатын жол құрылысына тиісті қаражат бөлу жұмыстарын ұйымдастыру.

Орындалысы:

13 шақырым болатын жол құрылысына қажетті қаржыны облыстық мәслихаттың кезекті сессиясынан бөлуді қажет етеді. Орындалуда.

Мақат ауданы әкімдігі, Экономика және қаржы басқармасы (жиын),
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

25.12.2025 жыл

99.           

Мақат кентіне 4,5 шақырым болатын кірме жолды жөндеу жұмыстарына тиісті қаражат бөлу.

Орындалысы:

2026 жылға бюджетті қалыптастыруда бұрын басталған жобаларды аяқтауға және жалғастыруға басымдық берілді. Аталған жобаны іске асыру 2027-2028 жылдарға жоспарланған.Орындалуда.

Мақат ауданы әкімдігі, Экономика және қаржы басқармасы (жиын),
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

25.12.2025 жыл

100.       

Сағыз өзеніне шлюздер салу мәселесі бойынша ЖСҚ жасақтау.

Орындалысы:

Сағыз өзенінің барлық ұзындығы 511 км. Оның ішінде Атырау облысындағы ұзындығы 359 км құрайды.

Сағыз өзенінің Сағыз ауылдық округі жерінде лимандық жерлерге су шығару үшін және Мақат ауданының территориясында жайылымдық жерлерді суландыру үшін су реттегіш шлюздер салу бойынша Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен жобалау жұмыстары қаралуда. Орындалуда.

Мақат ауданы әкімдігі,
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (жиын),
Экономика және қаржы басқармасы,
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, «Табиғат» КМК

01.06.2026 жыл

101.       

Аудандағы орнатылып жатырған бейнебақылау камералары үшін Мақат аудандық Полиция бөлімінен Жедел басқару орталығын салу мәселесі бойынша тиісті қаржы бөлу.

Орындалысы: Бүгін де аудандық полиция бөлімі ғимаратының ішінен Жедел басқару орталығына арналған арнайы бөлме қарастырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар толық аяқталғаннан кейін қажетті техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, пайдалануға беріледі. Орындалды.

Мақат ауданы әкімдігі,
 Атырау облысы Полиция департаменті (келісім бойынша), Экономика және қаржы басқармасы (жиын)

25.12.2025 жыл

102.       

Мақат кентіне заманауи үлгідегі өрт сөндіру бөлімшесінің құрылысына тиісті қаражат бөлу жұмыстарын ұйымдастыру.

Орындалысы: Мақат кентінен заманауи үлгідегі өрт сөндіру бөлімшесін салу жөнінде зерделеніп жұмыстар жүргізілуде. Орындалуда.

Мақат ауданы әкімдігі,
 Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті (келісім бойынша),
Экономика және қаржы басқармасы (жиын),

Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы

25.12.2025 жыл

103.       

«Атырау-Алматы» бағытына қатынайтын жолаушылар поездының Мақат станциясына тоқтауын ұйымдастыру.

Орындалысы: 2025 жылғы 14 желтоқсаннан бастап «Атырау-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызы Мақат станциясына тоқтап, қазіргі таңда аудан тұрғындары тұрақты қатынайды. Орындалды.

Мақат ауданы әкімдігі, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (жиын),
 «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ Атырау магистралдық желі бөлімшесі (келісім бойынша)

01.03.2026 жыл

Қызылқоға ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында тұрғындардан түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

104.       

Миялы және Сағыз ауылдарындағы мектептердің ауласынан спорт алаңдарының құрылысын салу.

Орындалысы:

Аудандық құрылыс бөлімімен аудан бойынша 5 мектептің аумағына спорт алаңын салуға ЖСҚ дайындалды.

Оның ішінде:

-   Ы. Шөреков атындағы орта мектебі (Миялы а.)

Сараптама қорытындысы 01.04.2025 ж. № ALTS-0055/25. Жоба құны – 220442,0 мың теңге;

-   Б. Аманшин атындағы орта мектебі (Миялы а.)

Сараптама қорытындысы 01.04.2025 ж. №ALTS-0053/25. Жоба құны – 69482,0 мың теңге;

-   Х. Досмұхамедов атындағы орта мектебі (Миялы а.)

Сараптама қорытындысы 01.04.2025 ж. № ALTS-0054/25. Жоба құны – 194657,0 мың теңге;

-   №9 орта мектебі (Сағыз а.)

Сараптама қорытындысы 01.04.2025 ж. № ALTS-0051/25. Жоба құны – 105281,0 мың теңге;

-   Кенбай орта мектебі (Сағыз а.)

Сараптама қорытындысы 01.04.2025 ж. № ALTS-0052/25. Жоба құны – 178233,0 мың теңге;

Құрылыс жұмыстарын бастау үшін облыстық нақтылау бюджетінен 2026 жылы қаржы сұратылуда.

Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі, Экономика және қаржы басқармасы; Білім беру басқармасы (жиын); Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы;

Энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.

2025-2026 жыл

105.       

Миялы ауылының маңында орналасқан 5 зиратқа қоршау жұмыстарын жүргізу.

Орындалысы:

Миялы ауылының (Байсеу, Еспақмола, Сақал ата, Бәйгетөбе, Ескі Бекет зираты) маңындағы зираттарды қоршау жұмыстары.
Жоба құны – 456 747,0 мың теңге. Сараптама қорытындысы 25.11.2025 жылы №ASAR-0704/24. 2026 жылға 456 747,0 мың теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алулар жүргізілуде. Мердігер мекеме - «Trendim KZ» ЖШС. Қазіргі таңда келісімшарт жасасу жұмыстары жүргізілуде.

Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі (жиын), Экономика және қаржы басқармасы, Энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.

2026 жыл

106.       

Миялы ауылының 3-мөлтек ауылына ауылішілік жол салу.

Орындалысы:

Миялы ауылындағы ауылішілік жолдарын күрделі жөндеу бойынша Жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. 27.12.2024 ж. № ACЭК-0022/24 сараптаманың оң қорытындысы алынды. 2026 жылға құрылыс жұмыстарын бастауға Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыныс берілді. 2026 жылға бюджетті қалыптастыруда бұрын басталған жобаларды аяқтауға және жалғастыруға басымдық берілді. Аталған жобаны іске асыру 2027-2028 жылдарға жоспарланған.  Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі (жиын), Экономика және қаржы басқармасы,

 Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.

2025-2026 жыл

107.       

Миялы-Сағыз тас жолының аралығын толық қамтитын ұялы байланыс желісін орнату.

Орындалысы: Байланыс саласындағы «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының іс-шаралар жоспарының №9-тармағын орындау мақсатында облыс әкімдігі, «КСЕЛЛ» АҚ және аудан әкімдіктерінің қатысуымен республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын мобильді кең жолақты интернетпен қамту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Аталған бағытта Жылыой, Қызылқоға және Махамбет аудандарының аумағында барлығы 5 антенналық-діңгектік құрылымды (АДҚ) орнату жоспарланған, қазіргі уақытта тиісті жұмыстар іске асырылуда.

Сонымен қатар, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының екінші кезеңі аясында 2027 жылға дейін облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын мобильді кең жолақты интернетпен қамту көзделген. Осыған байланысты Миялы–Сағыз автомобиль жолын интернет желісімен қамту мәселесі жобаның екінші кезеңінде қарастырылатын болады.

Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі, Экономика және қаржы басқармасы,

Цифрландыру және архивтер басқармасы (жиын).

2026 жыл

108.       

Жангелдин ауылына жаңадан мәдениет үйін салу.

Орындалысы:

Жоба құны – 1 858 664,0 мың теңге. Мердігер «ГТЭС-Строй» ЖШС. 2026 жылға 500,0 млн.тг бөлінді. Құрылыс жұмыстары басталды. Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі (жиын), Экономика және қаржы басқармасы; Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.

2026-2027 жыл

109.       

Жамбыл, Қызылқоға, Көздіғара, Мұқыр ауылдық округі әкімі аппараттарына жаңа ғимарат беру.

Орындалысы:

ҚР Үкіметінің «Жоспарлау кезінде бюджет қаражатын жекелеген шығыстарға бөлуге және бюджетті атқару кезінде жекелеген шығыстар бойынша қалыптасқан үнемдеуді дербес пайдалануға мораторий» енгізу туралы қаулысына сәйкес жаңа ғимараттар сатып алу тоқтатылды. Объективті тұрғыда жауап берілді.

Қызылқоға ауданы әкімдігі (жиын),

Экономика және қаржы басқармасы.

2026-2027 жыл

110.       

Қаракөлден-Миялыға және Қаракөлден-Қарабауға дейінгі аралыққа жаңа тоқ желілерін тарту.

Орындалысы: «Қызылқоға ауданындағы №35 «Райгородок» қосалқы станциясынан №37 «Н. Аралов» атындағы және                         №39 «Қарабау» қосалқы станциясына дейін ашық тарату құрылғысын кеңейтумен 35кВ әуе желісінің құрылысына ЖСҚ дайындау» жобасы дайындалуда. Жобалаушы «Игілік Стройпроект» ЖШС. Жобалау жұмыстары 2026 жылдың шілде айында аяқталады. Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі,

Экономика және қаржы басқармасы;

Энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (жиын).

 

2026 -2028 жыл

111.       

Миялы ауылынан аурухана құрылысын салу.

Орындалысы: Миялы ауылынан 75 төсектік аурухана емханасымен салуға бастапқы құжаттары дайындалды (жер таңдау актісі, мемлекеттік жер актісі, СТЖ). Жобалық жұмыстарды жүргізу мәселесі қаралуда. Аудандық аурухана ғимаратына 2026-2027 жылдарға күрделі жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланып, ағымдағы жылға 80% қаржы бөлінді. Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі, Экономика және қаржы басқармасы, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (жиын),  Денсаулық сақтау басқармасы.

2026-2027 жыл

112.       

Миялы ауылынан трансформаторлық станса (қосалқы станса) құрылсын салу.

Орындалысы: Қызылқоға ауданы әкімдігімен Миялы ауылынан трансформаторлық станса (подстанция) құрылысын салу қажеттілігі зерттелуде. Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (жиын).

 

2026-2028 жыл

113.       

Ауданда жаңадан құрылған «Қызылқоға Сервис» мекемесінің қызметі тездетіп басталса.

Орындалысы:«Қызылқоға Сервис» мекемесі құрылды.
2026 жылдан бастап Мемлекеттік сатып алу порталына тіркеу үшін төлемдер жасалды. 2026 жылдың 1 қаңтар айынан бастап мекеме Миялы және Сағыз ауылдарындағы тазалық жұмыстарын жүргізіп бастады. Орындалды.

Қызылқоға ауданы әкімдігі (жиын),

Экономика және қаржы басқармасы;

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы;

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.

2025-2026 жыл

114.       

Тайсойған ауылынан жаңа балабақша құрылысын салу.

Орындалысы:

ЖСҚ-ға жасақталуда, жобалаушы «Архдизстрой» ЖШС. 2026 жылы ЖСҚ сараптамадан өткізіліп, Облыстық экономика және қаржы басқармасынан қаражат сұратылатын болады.  Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі, Экономика және қаржы басқармасы; Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (жиын).

2026-2027 жыл

115.       

Сұлтан-Уәйіс атаның басына газ желісін тарту.

Орындалысы:

2025 жылдың қараша айында Тайсойған ауылындағы Сұлтан-Уәйіс атаның басына газ желісі тартылды. Орындалды.

Қызылқоға ауданы әкімдігі (жиын), Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.

2026 жыл

116.       

Тайсойған ауылындағы саябаққа жеңіл жөндеу жұмысын жүргізу (брусчатка төсеу, жарық шам орнату т.б.).

Орындалысы:

2026 жылы аудандық бюджеттен 37 млн 490 000 тг., қаржы бөлінді. Конкурс жариялау үшін Облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасына ұсыным жолданды. Жөндеу жұмыстары 2026 жылы жүргізіледі.

Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі (жиын), Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.

2026 жыл

117.       

Мұқыр ауылынан өнер мектебі мен балабақша құрылысын салу.

Орындалысы:

Мұқыр ауылынан балабақша және өнер мектебін салу бойынша Облыстық құрылыc, сәулет және қала құрылысы басқармасына ұсыныс берілді. Аудандық әкімдіктің тарапынан қажетті құжаттар басқармаға берілді. Орындалуда

Қызылқоға ауданы әкімдігі, Экономика және қаржы басқармасы,

 Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (жиын)

2026-2027 жыл

118.       

Мұқыр ауылының кіре беріс жолын жарықтандыру және бейне бақылау камерасын орнату (Атырау-Ақтөбе тас жолының Мұқыр ауылының тұсы, Қазавтожол арқылы жүзеге асыру).

Орындалысы:

ЖСҚ дайындауға қаражат сұрау үшін жобалау іздестіру жұмыстары дайындалуда. Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі, Атырау облыстық полиция департаменті,

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (жиын),

«Қазавтожол» ҰК АҚ Атырау облыстық филиалы

2026 жыл

119.       

Қаракөл, Қоныстану ауылдарынан балабақша құрылысын салу.

Орындалысы:

2026 жылға бюджетті қалыптастыруда бұрын басталған жобаларды аяқтауға және жалғастыруға басымдық берілді. Аталған жобаны іске асыру 2027-2028 жылдарға жоспарланған. Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі,

Экономика және қаржы басқармасы, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (жиын),

Білім беру басқармасы.

2026-2028 жыл

120.       

Ғ.Сланов атындағы орта мектепке жаңа автобус алып беру.

Орындалысы:

2026 жылға Мұқыр орта мектебі мен Ғ.Сланов атындағы орта мектептерге жаңа автобус алу үшін Облыстық білім беру басқармасына және мәслихат сессиясында қарау үшін бюджеттік өтінім жолданды. Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі, Экономика және қаржы басқармасы, Білім беру басқармасы (жиын).

2026 жыл

121.       

Тайсойған ауылының интернет желісін күшейту.

Орындалысы: 2025 жылы Тайсойған ауылындағы абоненттердің интернетке сапалы қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында сымсыз радио қатынас құрылғысы қондырылып қолданыста жұмыс істеуде. Ағымдағы жылы қолданыстағы абоненттерді талшықты-оптикалық байланыс желіжолына ауыстыру жоспарына сәйкес интернет қызметінің жылдамдығы 8 Мбит/с-тан 100-500 Мбит/с дейін көтеріледі. Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі, Цифрландыру және архивтер басқармасы (жиын).

2026 жыл

122.       

Жасөспірімдер және учаскелік полиция инспекторларының Тайсойған ауылында тұрақты тұрып қызмет етуін қамтамасыз ету.

Орындалысы:

Тайсойған ауылында 2025 жылдың қараша айынан бастап учаскелік полиция инспекторы тұрақты қызметке тағайындылды. Орындалды.

Қызылқоға ауданы әкімдігі,

Атырау облыстық полиция департаменті (жиын).

2025-2026 жыл

123.       

Ғ.Сланов атындағы орта мектепке музыкалық аспаптар алу.

Орындалысы:

2026 жылға қажетті 5 домбыра мен 1 баян алуға сұраныс берілді. Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына ұсыныс берілді.  Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі; Экономика және қаржы басқармасы, білім беру басқармасы (жиын).

2026 жыл

124.       

Миялы ауылы Ы.Алтынсарин көшесіне толық автокөлік жолын салу мәселесі.

Орындалысы:

Ы.Алтынсарин көшесіне толық тас жол төсеу үшін ЖСҚ жасақтау жоспарлануда.  Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі (жиын), Экономика және қаржы басқармасы; Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.

2026-2027 жыл

125.       

Миялы ауылынан ірі компаниялардың (Нефтэк, Qazaq Oil, PromGaz, Helios) жанар-жағармай құю бекеті салынса.

Орындалысы: Қызылқоға ауданы бойынша жанар-жағармаймен «Qazaq oil» мекемесінің 1 бекеті, «Сабиров Б», «Сабытаев», «Ермеков», «Таласбаев Ж»  қамтамасыз етуде. Қосымша бекеттер салу бойынша ұсыныстары қарастырылуда. Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (жиын).

2026-2027 жыл

126.       

Сақал Ата қауымы басындағы түнек үйге ауыз су құбырын тарту мәселесі.

Орындалысы:

2025 жылдың қараша айында Сақал Ата зиратының басындағы түнек үйге ауыз су құбыры тартылды. Орындалды.

Қызылқоға ауданы әкімдігі (жиын), Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.

2026 жыл

 

Дата публикации
24 июня 2026