Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының
9-бабына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақы мөлшері айқындалсын.
- «Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С. Шәпкенов
Атырау облысы әкімдігінің
2026 жылғы « »_________
№_________қаулысына
қосымша
Атырау облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақы мөлшері
- Көтермелеудің түрлері
- Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеуің түрлері:
- алғыс жариялау;
- грамотамен наградтау;
- ақшалай сыйақы төлеу;
- білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу;
- ұйымға, кәсіпорынға көтермелеу туралы ұсынулар жіберу;
- құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан адамдар үшін мемлекеттік наградамен және құрметті атақпен наградтау туралы ұсыныстар енгізу ;
- құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің өзге де түрлері.
- Көтермелеудің тәртібі
- Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелері Атырау қаласы мен облыс аудандарының әкімдіктерінің жанында құрылған құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) отырыстарында қаралады.
- Комиссия заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдарда қоғамдық көмекші ретінде тіркелмеген азаматтарды да көтермелеуге құқылы, егер олар құқық бұзушылықтың алдын алуға, жолын кесуге немесе ашуға ықпал еткен болса.
- Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелері мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша Комиссия отырыстарында қаралады.
- Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес Атырау облысының полиция департаменті бастығының бұйрығы құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу үшін негіз болып табылады.
Тиісті бұйрыққа қол қойылған күннен кейін бір ай мерзім ішінде қолданылған көтермелеудің түрі жүзеге асырылады.
- Құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан адамдарды мемлекеттік наградамен және құрметті атақпен наградтау үшін комиссия шешімі негізінде Атырау облысының полиция департаментінің бастығы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне тиісті ұсыну жолдайды.
- Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiнiң фото- және бейнежазбасын қоса бере отырып уәкiлеттi органдарға хабарлама жiберген азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комиссия шешiмі бойынша құқық бұзушыдан өндiрiп алынған айыппұл сомасынан ақшалай сыйақымен көтермеленуi мүмкiн.
Азамат сыйақы алушы ретінде қайырымдылық ұйымын көрсетуге құқылы.
- Ақшалай сыйақы мөлшері
- Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу үшін ақшалай сыйақы мөлшерін комиссия белгілейді және айлық есептік көрсеткіштің 10-еселенген мөлшерінен аспайды.
- Ақшалай сыйақыны төлеуді Атырау облысының полиция департаменті облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.
- Көтермелеулерді төлеуге арналған қаражат Атырау облысының полиция департаментінің шығыстар құрамында көзделеді.