Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және БЖЗҚ-ның зейнетақы қағидаларында айқындалған тәртіп пен талаптарға сай жүргізіледі. 2026 жылғы наурыз айынан бастап елу жасқа толуына немесе мүгедектікке байланысты төлем алу үшін бұрын БЖЗҚ-ға жүгінбеген, бірақ БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары бар және зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғаларға ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін тағайындаудың өтінішсіз тәртібі енгізілді.
ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін (егер бар болса) тағайындаудың өтінішсіз тәртібі:
Өтінішсіз тәртіп зейнет жасына толған тұлғаларға қатысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға бірыңғай тәсілді қалыптастыру мақсатында енгізілді. Бұл жаңашылдық ЕЗЖ есебінен төленетін зейнетақы төлемдерін оңтайландырып, жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, бірақ елу жасқа толуына немесе мүгедектікке байланысты бұрын БЖЗҚ-ға төлем алу үшін жүгінбеген тұлғалардың ЕЗЖ есебіндегі зейнетақы жинақтарының талап етілмей қалу тәуекелін болдырмайды.
ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері, егер ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса (2026 жылы – 828 588 теңге (12 × 69 049)), біржолғы тәртіппен жүзеге асырылады немесе міндетті жарналар түрлері есебінен төленетін төлемдермен қатар ай сайынғы кесте бойынша зейнетақы жинақтары толық таусылғанға дейін төленеді. Сонымен қатар, алушы БЖЗҚ-ға ЕЗЖ есебінен төлемдерді жүзеге асыру шарттарын өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.