Ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдерді қашан және қалай алуға болады?

ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін зейнет жасына толғанға дейін – 50 жастан бастап алуға болады. Сонымен қатар, олар мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға беріледі. 

Елу жасқа толған немесе мүгедектігі бар адамдарға ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер алу туралы өтінішті БЖЗҚ-ға enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинет арқылы, сондай-ақ Қордың кез келген бөлімшесіне барып тапсыру қажет.

ЕЗЖ есебінен төлем алу тәртібі туралы толық ақпарат БЖЗҚ сайтындағы «Қызметтер»/«ЕЗЖ есебінен төлемдер» бөлімінде жарияланған. 

Барлық жарна түрлері есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасын enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте 24/7 режимінде қадағалауға болады.

Дата публикации
03 июня 2026