Ерікті зейнетақы жарналары туралы толығырақ айтып беріңізші

      Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінде жарналардың келесі түрлері аударылады: міндетті (жұмыс беруші жұмыскердің жалақысының 10%-ын ай сайын аударады), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (жұмыс беруші өз есебінен зиянды және қауіпті кәсіп жұмыскерлері кірістерінің 5% мөлшерінде төлейді). Сондай-ақ 2024 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) енгізілді. Бұл жарна 1975 жылы және одан кейін туған барлық жұмысшылар үшін (2024 жылы 1,5% - дан, 2028 жылы біртіндеп 5%-ға дейін) төленеді. Бұған қоса жеке және заңды тұлғалар аудара алатын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бар. Жеке тұлға өзі және (немесе) жақындары үшін өз табысы есебінен, ал заңды тұлғалар – өз қызметкерлерінің және (немесе) үшінші тұлғалардың пайдасына қаражат салады. Айта кеткен жөн, ЕЗЖ-ны азаматтар өз қалауымен төлейді, мөлшері мен жиілігін дербес белгілейді Бұл – жарналардың осы түрінің артықшылықтарының бірі. 

 

Дата публикации
03 июня 2026