Қазақстан Республикасы Президенттің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығын іске асыру шеңберінде Атырау облысының әкімі 2025 жылдың қорытындысымен халықпен 8 (жоспар бойынша - 8) көшпелі кездесу өткізді.
Жыл қорытындысы бойынша кездесуге 2244 азамат қатысып, оның ішінде онлайн форматта 700 жуық азамат қамтылды.
Жергілікті деңгейде жедел шаралар қабылдау және түсіндіру арқылы шешілетін «тұрмыстық және күнделікті тіршілік» проблемаларымен (білім беру объектілеріне, жер учаскелеріне кезекті қалыптастыру, бірқатар заңнамалық нормаларды түсіндіру және т.б.) қоса, жеке және заңды тұлғалардыңда бірқатар мәселелері көтерілді.
Жалпы кездесудің қорытындысымен халық 156 мәселе көтерді, оның негізгі тақырыптарына: сумен, электр қуатымен жабдықтау, газдандыру (14,1%), абаттандыру, санитаралық тазалау және экология мәселелері (5,1%), автомобиль жолдарын жөндеу және салу (9,6%), денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларының объектілерін жөндеу және салу (14,7%), жер қатынастары (1,3%), ауыл шаруашылығы және ветеринария (3,2%), тұрғын үй (4,4%), экономика және бюджет саласы (9,6%), мемлекеттік қызмет көрсету (4,4%), кәсіпкерлік саласының (0,6%) мәселелері және басқалары (32,6%) жатады.
Сонымен қатар, аталған кездесулер аясында 8 жеке қабылдау ұйымдастырылды, 142 азамат қабылданып, жеке мәселелері бойынша жауаптар алды.