Қазақстан Республикасы Президенттің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығын іске асыру шеңберінде Атырау облысы әкімінің 2024 жылдың қорытындысымен халықпен барлығы – 7 (жоспар бойынша – 8) көшпелі кездесу өткізді.
Жыл қорытындысы бойынша кездесуге 1974 азамат қатысып, оның ішінде онлайн форматта 209 азамат қамтылды.
Жергілікті деңгейде жедел шаралар қабылдау және түсіндіру арқылы шешілетін «тұрмыстық және күнделікті тіршілік» проблемаларымен проблемаларымен (білім беру объектілеріне, жер учаскелеріне кезекті қалыптастыру, бірқатар заңнамалық нормаларды түсіндіру және т.б.) қоса, жеке және заңды тұлғалардыңда бірқатар мәселелері көтерілді.
Жалпы кездесудің қорытындысымен халық 131 мәселе көтерді, оның негізгі тақырыптарына: сумен, электр қуатымен жабдықтау, газдандыру (9,%), автомобиль жолдарын жөндеу және салу (14%), денсаулық сақтау және мәдениет, спорт және білім беру объектілерін салу және жөндеу (25%), ауыл шаруашылығы және ветеринария (1,5%), тұрғын үй (5%), экономика және бюджет саласы (4,5%), абаттандыру, санитарлық тазалық және экология мәселелері (5%) және басқалары (37%) жатады.
Сонымен қатар, аталған кездесулер аясында 7 жеке қабылдау ұйымдастырылды,104 азамат қабылданып, жеке мәселелері бойынша жауаптар алды.
2024 жылғы су тасқыны қаупін алдын-алу мақсатында облыс аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялануына байланысты облыс әкімінің бекітілген кестеге сәйкес 1 кездесуі өткізілмеді.