Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдармен 2026 жылдың І тоқсанында барлығы 1 667 810 қызмет, соның ішінде 1 667 160 жеке тұлғаға, 650 заңды тұлғаға қызмет көрсетілді
Сонымен бірге, «Мониторинг» ақпараттық жүйеде мерзімі бұзылу қаупі туындаған қызметтер мәліметі күн сайын жүктеліп, тиісті мемлекеттік органдарға жолданып, орындалысы туралы скриншоттар жинақталып, бақылауда.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мәселелері бойынша 377 шара ұйымдастырылған.
Сонымен қатар, қажетті құрылғылары жоқ немесе электрондық порталды қолдануда көмек қажет ететін тұрғындар үшін «Электрондық үкімет» порталына қолжетімділікті арттыру мақсатында (әкім аппараттарында, орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында) 500-ге жуық өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары және аудан әкімдіктерінің ғимараттарынан ашылған сервистік әкімдіктер арқылы қызметтер көрсетілуде. Барлық қызмет көрсету бұрыштарына жауапты кеңесшілер белгіленген.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалынан 2026 жылдың І тоқсанында 17 қызмет көрсетуге жауапты маманның біліктілігі арттырылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды түрде «Е-собез», «Еңбек нарығы», «Е-лицензиялау», «Gosagro.kz», «Е-архив», «gosreestr», «Шетелдік жұмыс күшін тарту», «Damumed», «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры», «ggk.kz», және тағы басқа ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілуде.