Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдармен 2025 жылы барлығы 6 493 255 қызмет, соның ішінде 6 487 781 жеке тұлғаға, 5474 заңды тұлғаға қызмет көрсетілді.
Сонымен бірге, «Мониторинг» ақпараттық жүйеде мерзімі бұзылу қаупі туындаған қызметтер мәліметі күн сайын жүктеліп, тиісті мемлекеттік органдарға жолданып, орындалысы туралы скриншоттар жинақталып, бақылауда.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мәселелері бойынша 1219 шара ұйымдастырылған.
Сонымен қатар, қажетті құрылғылары жоқ немесе электрондық порталды қолдануда көмек қажет ететін тұрғындар үшін «Электрондық үкімет» порталына қолжетімділікті арттыру мақсатында (әкім аппараттарында, орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында) 170-тен астам өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары және аудан әкімдіктерінің ғимараттарынан ашылған сервистік әкімдіктер арқылы қызметтер көрсетілуде. Барлық қызмет көрсету бұрыштарына жауапты кеңесшілер белгіленген.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалынан 2025 жылы 95 қызмет көрсетуге жауапты маманның біліктілігі арттырылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды түрде «Е-собез», «Еңбек нарығы», «Е-лицензиялау», «Gosagro.kz», «Е-архив», «gosreestr», «Шетелдік жұмыс күшін тарту», «Damumed», «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры», «ggk.kz», және тағы басқа ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілуде.