Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ақылды қала

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижелері туралы ақпарат

Атырау облысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 5 бағытта цифрландыру жұмыстары жүргізілді.

Көлік және логистика саласын цифрландыру  - Атырау қалалық әкімдігі, электрондық билеттеу жүйесін енгізу жөніндегі ЖШС «SMART-QALA» операторымен және барлық жолаушылар тасымалдаушы мекемелерімен үш жақты келісімшартқа қол қойылып, қазіргі уақытта № 2, 4, 5, 7, 8, 10, 12, 14, 30, 30а, 52, 54, 57, 59 маршруттарына электронды билеттеу жүйесі орнатылды.

Электронды билеттеу жүйесі арқылы жолаушылар ағымының санын анықтауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты тасымаладушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеуге мемлекет тарапынан субсидия берілуде. «SmartQala» ұялы телефон қосымшасы енгізілді.

  • Білім беру саласын цифрландыру - Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру (garden.atyrau.gov.kz), мектепке балаларды қабылдауды автоматтандыру, «Kundelik» электрондық журнал ақпараттық жүйесі енгізілді, «Платонос колледж» ақпараттық жүйесі енгізілген.  
  •  Денсаулық сақтау саласын цифрландыру - КазМед ИНФОРМ ақпараттық жүйесі барлық (электрондық медициналық карта) медициналық мекемеде енгізілген, СМС тарату, медициналық қызметтерге электрондық кезегі, «К Врачу» ұялы телефон қосымшасы жұмысы жасап отыр.
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландыру - Атырау қаласында «е-КСК» (www.atyrau.opencity.kz) пилоттық жобасы және үялы телефон қосымшасы енгізілді.  

   Жер саласын цифрландыру – Атырау қаласында жер учаскесіне электрондық кезегі жұмыс жасап тұр (atyrau.gov.kz).

Қала қауіпсіздік саласын цифрландыру -  Атырау қаласында 2020 жылдың 22 қазанында Сергек (51 көше қиылысына және 153 тіке жолдарға суретке түсіру және бейне жазбаға жазу ақпараттық бағдарламалық  кешені, 774 дана қосымша бақылау бейне камераларын орнату, «Атырау қаласында жол қозғалысы ережесін бұзғандарды бейнесурет түрінде тіркеу ақпараттық жүйесі») ақпараттық жүйесі енгізілді. Қазіргі таңда 23 483 жол жүру ережесінің құқық бұзушылықтары тіркеліп, айыппұлдар салынып бюджетке өңдірілді, ақпарттық жүйе іске қосылғаннан бастап жол-көлік оқиғаларының 27%-ға азайды.

109 ақпараттық жүйесі 2020 жылдың 07 қыркүйегінде №253 Атырау облысы әкімінің  өкімімен іске қосылды. Қазіргі таңда 109 ақпараттық жүйесі арқылы 21 114 қаланың коммуналдық-тұрмыстық өтінімдері қабылданып, тиісті коммуналдық мекемелерге жолданды және уақытылы орындалып отыр. Оның 84,3%-ы жедел ауызша түрде жауаптары берілді, тұрғындардан түсетін өтініштердің қарау уақыты қысқартылды.

Геопортал ақпараттық жүйесі – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ғарыштан мониторингілеу нәтижелері (өңірде пайдаланылатын және пайдаланылмаған жерлерді анықтауға мүмкіндік берді), кең таралған пайдалы қазбалардың кен орындарын ғарыштан мониторингілеу нәтижелері, жер кадастрының атрибуттық және кеңістік мәліметтері (жер кадастрының Республикалық автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқоры), жер пайдалану шарттары бұзылған жер учаскелерін мониторингілеу мәліметтері, аэрофототүсірілім мәліметтері, инженерлік желілердің схемалары  (жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, газбен жабдықтау, байланыс), қызыл жолақтар, қаланың бас жоспары, олардың типтері мен жұмыс жай-күйі көрсетілген өрт гидранттары, су қорғау аймақтары мен жолақтары, су басатын аймақтар және т.б. жүзеге асырылды.

112 ақпараттық жүйесі - Бірыңғай диспетчерлік қызметті (бұдан әрі – 112 БҚДҚ) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының аясында               2019 жылғы 10 қазанда келесі жұмыстар жүргізілді: үй-жайлар анықталды, жөндеу жұмыстары жүргізілді, компьютерлік техникамен, байланыс құралдарымен және электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз етілген. Байланыс арнасы, қоңырауларды қабылдауға арналған E1 ағынының 30 арнасы  БҚДҚ-112 ғимаратына қосылған.

Жедел әрекет ету қызметі: өртке қарсы қызмет (101), полиция (102), жедел жәрдем қызметі (103), жедел қызмет (112) БҚДҚ 112 байланыс орталығының базасында орналасқан.

101, 112, 103 жедел қызметтері 112-Көмек  жүйесінде қоңырауларды қабылдайды, өңдейді және аударады. Далалық жедел жәрдем бригадалары, өрт сөндіру және авариялық-құтқару топтары тіркелген қоңырауларды қабылдайтын смартфондармен жабдықталған. «112 Көмек» бағдарламасының бақылау жүйесінде орналасқан жерді бақылау үшін қоңырау қызметіне қатысатын барлық көліктер GPS трекерлерімен жабдықталған.

Сондай-ақ, 103 сервис желісі арқылы ағымдағы айдың шілдесінен бастап Атырау облысының барлық 7 ауданы қосылды. 103 қызметіне қоңырау шалу «БҚДҚ 112» бірыңғай байланыс орталығына Атырау облысының барлық аймақтарынан келіп түседі.

Ауылдық елді мекендерде интернетпен қамту бойынша байланыс операторларымен (Қазақтелеком, Трантелеком және т.б.) бірігіп жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда, Қазақтелеком акционерлік қоғамымен бірігіп Атырау облысы бойынша 11 ауылдық елді мекенге 3G/4G мобильдік интернет жүйесі енгізілді. Транстелеком акционерлік қоғамымен бірігіп Мақат ауданы Ескене ауылының 19 үйіне, Құрманғазы ауданы Кигаш ауылының 10 үйіне интернет жүргізілді.

Облыста 153 елді мекен бар. Соның ішінде «Талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша ауылдық елді мекендерде интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету» жобасына сәйкес 153 елді мекеннің 120 елді мекенінде (91 елді мекенінде ADSL– 59,48%, 1 елді мекенінде–FTTx-0,65%, 28 елді мекенінде 3G, 4G) (77,8%) интернет желісі жүргізілген.  

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Ақылды қала
Цифрландыру бойынша оқыту
"Ақылды" Атырау қаласын дамыту стратегиясы мен бас жоспары
Медиагалерея
1
Ақылды басқару
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы