Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер тізбесі

№

Мемлекеттік орган немесе ұйым атауы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Тәуекелді жою бойынша ұсыныс

Қабылданған шаралар

Ескертпе

1

Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.

Басқарма Ұлттық жол активтері сапасы орталығының жергілікті филиалымен шарт жасасты, алайда іс жүзінде жолдарды пайдалануға қабылдау олардың қатысуынсыз жүзеге асырылады.  

Басқарманың бас маманы (тапсырыс берушінің өкілі) және техникалық қадағалау сарапшысы (ол болған кезде) орындалған жұмыстың аралық актілеріне қол қоюды жүзеге асырады, кейіннен орындалған жұмыс көлемі үшін қаржы қаражаты аударылады. Бұл тетік орындалған жұмыстар актісіне жалған қол қою нысанында сыбайлас жемқорлық көріністерінің мүмкіндігін жоққа шығармайды. Техникалық қадағалау мамандарын тарту тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы уағдаластық мүмкіндігін жоққа шығаратынын, жұмыстардың сапалы орындалуына ықпал ететінін атап өткен жөн. Өз кезегінде Заңның 15-бабында жүргізілген жұмыстардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын және белгіленген техникалық нормалар сақталмаған кезде жауапкершіліктің барлық түрлерін жүзеге асыратын сараптамалық ұйымды тартпай, жол жұмыстарының барлық түрлерін (құрылыс, реконструкция, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу) қабылдау рәсімін жүргізу кезінде жасырын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қамтитын норма орын алады деп санаймыз.

 

Көлік министрлігіне ұсыныс техникалық қадағалау сарапшыларының қатысуымен жол жұмыстарының барлық түрлерін міндетті қабылдауға және пайдалануға қабылдау тетігін әзірлеуге қатысты «Автомобиль жолдары туралы» Заңның 15-бабының 2-тармағына өзгеріс енгізу

 

 

2

 

Маршруттарға қызмет көрсету құқығына конкурстарды ұйымдастыру және өткізу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.

Конкурс алдындағы комиссияның қызметіне қатысты, оның мүшелері Қағидалардың 174-тармағы негізінде конкурстық құжаттамаға қоса берілетін құжаттар көшірмелерінің дұрыстығын, конкурстық ұсыныста көрсетілген автокөлік құралдары класстарының, моделінің және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің сәйкестігін (сәйкессіздігін), сондай-ақ конкурстық ұсыныста көрсетілген жылжымалы құрамды сақтау, өндірістік-техникалық базада техникалық қызмет көрсетуі және жөндеу мүмкіндігін тексереді.Тексеру кестесіне сәйкес, белгіленген күні конкурс алдындағы комиссия мүшелері конкурсқа қатысушылар ұсынған мәліметтердің дұрыстығын тексереді. Тексеру қорытындысы бойынша конкурс алдындағы комиссия қатысушы туралы ақпараттың толтырылған бланкісіне мәліметтердің дұрыстығы туралы белгі қояды және қатысушының конкурстық ұсыныстарында көрсетілген автокөлік құралдарының Қағидалардың                     13-тарауында көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы анықтаманы қоса береді.

Яғни, конкурс алдындағы комиссия мүшесінің берілген қарау алаңында конкурсқа қатысушымен тікелей байланысына жол беріледі, бұл ашық сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады.

Сондай-ақ, Қағидалардың 170-тармағына сәйкес конкурстық рәсімдер өтінімдерді қағаз түрінде оралған конвертте беру жолымен өткізіледі.

Осыған байланысты, конкурсқа қатысушылардың біріне жәрдемдесу және артықшылық беру түрінде ашық сыбайлас жемқорлық тәуекелі пайда болады.

 

 

Көлік  министрлігіне

«Мемлекеттік сатып алу» сайтына ұқсас ҚР бойынша маршруттарға қызмет көрсету құқығына арналған конкурстардың бірыңғай порталын құра отырып, конкурстарды электрондық форматқа өткізу рәсімін ауыстыру мәселесіне бастамашылық жасау туралы жолдау

 

 

Документы
Ақпарат
03 ноября 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесі
Ақпарат
15 декабря 2023
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер тізбесі
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы