|
№ |
Мемлекеттік орган немесе ұйым атауы |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Тәуекелді жою бойынша ұсыныс |
Қабылданған шаралар |
Ескертпе |
|
1 |
Атырау облысы мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы |
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі №418 бұйрығымен бекітілген Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларының 15-тармағымен мемлекеттік меншікке жатқызылған жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркегені үшін нөлдік ставка республикалық меншікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдары үшін ғана қолданылатыны регламенттелген. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 1-тармағымен мемлекеттік мүлік республикалық және коммуналдық мүлікке бөлінетіні анықталған.Осыған байланысты, мемлекеттік меншікке жатқызылған жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркегені (қайта тіркегені) үшін нөлдік ставка коммуналдық меншіктегі жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтарды тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер үшін де қолданылуға тиіс. Құқықтық актілер ережелерінің аталған қайшылығы мемлекеттік меншікке жатқызылған жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін бюджет қаражатын жұмсауға әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық тәуекелін білдіреді. |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне коммуналдық меншіктегі жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтарды тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер үшін нөлдік мөлшерлемені белгілеуге қатысты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі №418 бұйрығымен бекітілген Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларының 15-тармағына толықтыру енгізуге қатысты ұсыныстар енгізсін. |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне хат дайындалуда |
|
|
2 |
|
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік туралы Заңының 76-бабына сәйкес мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартына осы Заңның және Қазақстан Республикасы өзге де заңдарында белгіленген ерекшеліктерімен қоса, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің мүлікті өтеусіз пайдалану шарты (несие шарты) туралы ережелері қолданылады. Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 31-тарауында мүлікті өтеусіз пайдалануға берудің жалпы тәртібі, онымен пайдалануы бөлігіндегі жауапкершіліктің ерекшеліктері және шартты бұзу үшін негіздер ғана айқындалған. Бұл ретте, бүгінгі күнге заңнамалық актілерде мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалануға беру рәсімін реттейтін нақты ережелер айқындалмаған. Тиісінше, мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдаланудың бекітілген үлгілік шарты жоқ. Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалануға беру рәсімінің нақты алгоритмінің болмауына байланысты, аталған мән-жайларды лауазымды тұлғаның өз мүддесіне сүйене отырып шешуі бөлігіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелінің туындауына әкеп соғуы мүмкін деп есептейміз. |
Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын әзірлеу және мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдаланудың үлгілік шартын бекіту жөніндегі мүмкіндікті қарастыру туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының ҰЭМ-не жүгіну. |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне хат дайындалуда |
|
|
3 |
|
Бас мердігерлердің негізгі жұмыс көлемін орындауды ЖСҚ-да көзделгеннен төмен бағамен қосалқы мердігерлерге беру тәжірибесі бар. Әрі қарай, қосалқы мердігерлер жұмысты уақтылы және сапасыз орындап немесе басталған нысандарды аяғына дейін жеткізбей өз аймақтарына кетіп қалып жатады, бұл ұзақ сот процестеріне әкеп соғады. Бұл өз кезегінде, жұмыстардың сапасыз орындалуына және нысанды тапсыру мерзімдерін бұзуға әкеп соғады. |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығының 530-тармағына өзгеріс енгізу жөніндегі ұсынысты келесі редакцияда жазу: «Жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемдері жиынтығында орындалатын жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер көлемінің үштен бірінен аспауға тиіс. |
ҚР Қаржы министрлігіне хат жолданды |
|
|
4 |
|
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 58-4 бабы 1-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, «камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылық алынған күннен кейінгі күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды» - делінген. Алайда, уәкілетті органмен қарсылық қарау мерзімі заңнамада белгіленгеннен мерзімнен ұзап жатады. Бұл өз кезегінде, мемлекеттік сатып алу бойынша келісім-шарттардың кешіктіріліп жасақталуына, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоспарға сәйкес, белгіленген мерзімде тапсырылмауына әкеп соғады. |
Қарсылықты қарау мерзімін он жұмыс күніне дейін қысқарту туралы ұсыныстар жолдау |
Министрлікке ұсыныс жолдау |
|
|
5 |
|
2015 жылғы 28 желтоқсандағы ҚР Қаржы министрінің №694 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу қағидаларының 18-тармағына сәйкес Тапсырыс берушілер әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы заңды күшіне енген соттың шешімін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде мәліметтерді электрондық түрде веб-портал арқылы уәкілетті органға ұсынылуы керек. Алайда, кейбір мемлекеттік мекемелер аталған талаптарды сақтамауы орын алуда. Аталған бұйрықтың талаптарының орындалмауы салдарынан жоссықсыз деп танылған мердігер мекеменің басқа да мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысып, келісім шарт жасақтауға мүмкіндік беріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін орын алуын айқындайды. |
Барлық мемлекеттік мекемелердің бірінші басшылары 2015 жылғы 28 желтоқсандағы ҚР Қаржы министрінің №694 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу қағидаларының 18-тармағында көзделген міндеттемені қатаң түрде бақылауды және мемлекеттік сатып алуда жосықсыз қатысушы деп танылған мердігер мекемелердің мәліметтерді электрондық түрде веб-портал арқылы уақытылы енгізуді қадағалау. |
бағдарлама әкімгерлеріне хат жолдау |
|
|
6 |
|
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама көптеген жылдар бойы үнемі өзгеріп, жетілдіріліп отырады, бірақ тәжірибе көрсеткендей, қазіргі уақытқа дейін мемлекеттік органдар тарапынан «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабының 4-тармағында регламенттелген мерзім ішінде сотқа талап қоюды кешіктіріп, заң талаптарын сақтамай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің орын алуын білдіреді. |
Барлық мемлекеттік мекемелердің бірінші басшылары «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабының 4-тармағында көзделген міндеттемені қатаң түрде сақтауды және аталған заң талаптарын сақтамаған өнім берушілерді, уақытылы сотқа талап арызбен жүгінуді бақылау. |
бағдарлама әкімгерлеріне хат жолдау |
|