|
№ |
Мемлекеттік орган немесе ұйым атауы |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Тәуекелді жою бойынша ұсыныс |
Қабылданған шаралар |
Ескертпе |
|
1 |
Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы |
Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету бағытына. Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына ішкі талдау жүргізілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен қоса осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Мемориалдық тақталар орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды (бұдан әрі - өтініш) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе «электрондық үкіметке» www.egov.kz, www.elisence.kz веб-порталдары (бұдан әрі - портал) арқылы береді. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтініш түскен күні қабылдайды, тіркейді жүзеге асырады және оны жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға жібереді. Көрсетілетін қызметтік жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінішті тіркеген сәттен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде ұсынылған құжатты тексереді құжжаттардың қолданылуы мерзімінен шыққан фактісі немесе толық ұсынылмаса бас тарту туралы қолхат беріледі. ұсынылатын құжаттар толық болған жағдайда, жауапты орындаушы 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде өтінішті "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 8) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушімен құрылған тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына енгізеді. Алайда, мемориалды тақталарды орнатуға ұсынылатын көптеген өтініштер және ұсыныстар жеке тұрғындардың есіміне беріледы. Сондықтан арнайы нормативтік – құқықтық актілерге сүйене отырып, тарихи тұлғалардың тізімі белгіленбеген. Осыған байланысты, аталған қағидада көрсетілген кейбір заң талаптары арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудыратын жағдайлар байқалды.
|
ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне ұсыныс берілді
|
29.05.2024ж, №06-01-16-03-3/561 санды хатпен ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне ұсыныс берілді
|
|