|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
1 |
Басқарма басшысы |
Басқа мемлекеттік құрылымдармен бірлесе отырып, өңірлік экономикалық саясаттың әзірленуін және іске асырылуын ұйымдастырып, қамтамасыз етеді. Өңірлік, салалық бағдарламалардың әзірленуін үйлестіреді және оларды жергілікті басқару органдарының іске асыруын бақылайды. |
Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытынан тыс мезгілде жұмыс орнында болуына ықпал ету |
|
2 |
Өңірлік даму бөлімінің бас маманы |
Қазақстан Республикасының Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері мен облыс әкімі арасындағы, аудандар мен облыс арасындағы бюджеттік несие бойынша үш жақты Кредиттік шарттардың жасақталу, бекітілу жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарлама бойынша аудандардан бюджеттік өтінімдер жинақтап, кезекті қаржы жылына және жоспарлы кезеңге міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын дайындап, министрлікке жолдау, жергілікті және республикалық бюджеттер есебінен мамандарға берілетін әлеуметтік қолдау шараларының игерілуі туралы министрлікке ай сайынғы есептілікті ұсыну, келісім шарт талаптарын бұзған мамандар және өндірілуге тиіс бюджеттік қаражаттар көлемі бойынша талдамалық ақпарат жасақтау, мониторинг жүргізу, жұмыстар ұйымдастыру. Ауылдық елді мекендердің кадрлық әлеуетін көтеру бағыты бойынша бюджеттік несие беру жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру; Әлеуметтік және агроөнеркәсіп саласының мамандықтарына қажеттілік туралы талдау жүргізу, ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуы жөнінде ақпараттарды және Дипломмен ауылға жобасы бойынша талдау материалдарын дайындау. басқарма қызметіндегі заңның сақталуын қамтамасыз ету; кадр жұмысын жүргізу, азаматтар мен ұйымдардың арыз-шағымдарын қарау; өтінішітерге берілетін жауаптарға бақылау орнату,басқарманың бұйрықтарын дайындау, статистикалық және басқа да есептік көрсеткіштерді жүргізу және дайындау; іс номенклатурасын жүргізу; қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен босату жұмыстарын ұйымдастыру, жеке істі ресімдеу, міндетті арнаулы тексеруді жүргізу, мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімін ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшінің еңбек өтілі комиссиясы мен аттестациялық комиссия жұмысын қамтамасыз ету, басқарманың мемлекеттік қызметшілерін оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөнінде жұмысты ұйымдастыру.
|
Өтініштерді қарау барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын сақтамауы |