Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 1521 «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығына орай аудан әкімі Ж.Қаражанов VIII шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаттарын қабылдап, Алғыс хат табыстады.
Салтанатты қабылдау барысында аудан әкімі депутаттарға ел игілігі жолындағы қызметтеріне табыс тілеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жүрген үлестері үшін өз ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ, алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, халық мүддесі жолындағы жауапты қызметтеріне сәттілік тіледі.
Қабылдау барысында тұрғындар жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамту, ауыл шаруашылығына қажетті жер учаскесін бөлу және абаттандыру мәселелерін көтерді.
Аудан әкімі әрбір өтінішті жеке қарастырып, қолданыстағы заңнама аясында түсініктемелер берді. Сонымен қатар, қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.
Бүгін Құлсарыда Республика күні қарсаңында жаңа теміржол вокзалының салтанатты ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараға қала әкімі Қ.Адинов, Eastcomtrans ЖШС бас директоры А.Абайделдинов, «Теңізшевройл» компаниясының, ҚР Көлік министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері, теміржол саласының қызметкерлері мен ардагерлері және қала тұрғындары қатысты.
Салтанатты рәсімде қала әкімі Қ.Адинов тұрғындар мен жолаушыларды жаңа нысанның пайдалануға берілуімен құттықтады. Өз сөзінде қала әкімі вокзалдың Құлсары қаласының көлік инфрақұрылымын дамытудағы және тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттырудағы маңызын атап өтті.
Жаңа нысан 2024 жылғы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге қолдау көрсету аясында «ИсткомТранс» ЖШС-нің көмегімен салынды.
Жалпы аумағы 846,6 шаршы метрді құрайтын жаңа вокзалда жолаушыларға арналған кең күту залы, медициналық пункт, ана мен бала бөлмесі, сақтау камерасы, кафе, заманауи санитариялық тораптар, тегін Wi-Fi және кедергісіз орта қарастырылған.
Сонымен қатар, вокзал аумағы мен перрон толық абаттандырылып, автотұрақ, жарықтандыру, орындықтар, беседкалар орнатылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Жаңа вокзал жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға және теміржол инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік береді.
Бүгін аудан әкімі Жұмабек Қаражанов бірқатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында азаматтар газ жүргізу, апатты тұрғын үйлерді жол картасына енгізу, тұрғын үй кезегі және жер телімін алу, коммуналдық және жұмыссыздық мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Мәселен, аудан аумағында шаруашылық ашу үшін жер телімін сұраған тұрғынға аудан әкімі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелері конкурс негізінде берілетінін түсіндірді. Сондай-ақ, конкурсқа қатысу және тиісті құжаттарды рәсімдеу тәртібі жөнінде ақпарат берді.
Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір азаматтың мәселесін тыңдап, жауапты сала басшыларына нақты тапсырма жүктеді. Сондай-ақ, қабылдауға келген азаматтардың мәселелері жан-жақты зерттеліп, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын атап өтті.
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:
* «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
* «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;
* «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
* «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;
* «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;
* «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
* «Кітап оқитын зиялы» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.
Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытқа қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.
Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
Бүгін, 1 қыркүйек – Білім күні Жылыой ауданында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жаңа 1200 орындық заманауи мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Қазіргі таңда мектепте 850 оқушыға арналған 37 сынып-комплект жасақталған. Білім ордасында 52 оқу кабинеті, екі спорт залы, екі асхана, 260 орындық акт залы, STEM және робототехника кабинеттері, инклюзивті білім беру кабинеттері, хореография залы, оқу залы және медиатекалы кітапхана бар. Сондай-ақ мектептің материалдық-техникалық базасы заманауи цифрлық құралдармен қамтамасыз етілген.
Салтанатты шараға аудан әкімі Ж.Қаражанов қатысып, жаңа білім ордасының маңыздылығына тоқталды.
«Бұл заманауи мектеп Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес салынған. Бұл – мемлекетіміздің жас ұрпаққа, олардың сапалы білім алуына және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға айрықша мән беріп отырғанының нақты көрінісі. Мемлекет басшысының білім саласына қойған міндеттері мен бастамаларының нақты нәтижесі ретінде бой көтерген бұл білім ордасы ел болашағы – жас ұрпақтың игілігіне қызмет ететініне сенімдіміз», – деді аудан әкімі.
Мектеп құрылысын «Тұран Аскент» ЖШС жүргізді. Ашылу рәсімі барысында мердігер мекеме тарапынан мектеп директорының міндетін атқарушы К.Шығанбаеваға білім ордасының символикалық кілті табысталды.
Жаңа білім ордасының пайдалануға берілуі – ауданның білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытындағы маңызды жобалардың бірі. Мектепте оқушылардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына қажетті заманауи жағдай жасалған.
Жылыой ауданындағы тарихи-мәдени мұраны дәріптеу бағытындағы маңызды жобалардың бірі жүзеге асып, көне тарихтың куәсі болған «Аралтөбе қорғаны» ашық аспан астындағы музейінің ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шараға аудан әкімі Ж.Қаражанов, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ә.Жоламанов, аудан әкімдігінің басшылығы, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, ардагерлер, сала мамандары, волонтерлер мен имамдар қатысты.
Аралтөбе – ежелгі дәуірден сыр шертетін, тарихи-археологиялық маңызы зор қасиетті мекен. 1999 жылы мұнда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Қазақстан Республикасының II «Алтын адамы» табылған болатын.
Ашылу салтанатында аудан әкімі Ж.Қаражанов құттықтау сөз сөйлеп, тарихи мұраны сақтау мен насихаттаудың маңыздылығына тоқталды.
Аудан әкімі өз сөзінде 1999 жылғы археологиялық экспедицияға жетекшілік еткен көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, археолог Зейнолла Самашевтің еңбегін атап өтіп, сондай-ақ музейдің ішкі көркемдік жұмыстарын жүзеге асырған Қазақстандағы алғашқы гиперреалист мүсінші Айдос Әкімғалиұлына және жобаға атсалысқан барша азаматтарға алғысын білдірді.
Қайта түлеген «Алтын адам» экспозициясы – Жылыойдың тарихи мұрасын кеңінен танытып, тұрғындар мен қонақтарға көне дәуірдің құнды мұраларымен жақынырақ танысуға мүмкіндік беретін маңызды туристік әрі танымдық орынға айналмақ.
Бүгін аудан әкімі Ж.Қаражанов жұмыс кестесіне сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді.
Қабылдауға 12 тұрғын келіп, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Негізгі көтерілген мәселелер тұрғын үй кезегі, жер теліміне қатысты және жұмыссыздық мәселелеріне қатысты болды.
Аудан әкімі әр тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсініктемелер берді.
Тұрғын үй мәселесі бойынша жүгінген азаматтарға тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялау тетігі арқылы тұрғын үй мәселесін шешу жолдары және тұрғын үйлерді бөлу «Отбасы банкі» АҚ арқылы кезектілік тәртібімен жүзеге асырылатыны түсіндірілді.
Аймақ басшысы Б.Ақшолақов Жылыой ауданына жұмыс сапарымен келіп, ауданда жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың және құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
Жұмыс сапары барысында құрылысы аяқталған 1200 орындық «Жайлы мектеп» ғимараты, Жылыой аудандық орталық ауруханасы, «Жастар үйі», Ұ.Әбдірахманов көшесіндегі автомобиль көпіріне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары, Орталық стадион, Құрсай жағалаулары, тұрғын үй кешені және апаттық білім беру нысаны қаралды. Сонымен қатар тротуарлар мен веложолдар, электр желілері және қалаішілік жол құрылысының барысы сараланды.
Сондай-ақ Бақашы маңындағы шлюз бен Жем өзені бойындағы бөгет жұмыстарының жай-күйі сараланып, тасқын су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Ауыл шаруашылығы саласында «Аман Есен» шаруа қожалығының қызметі таныстырылып, облыс әкімі шаруашылықты одан әрі кеңейту, қайта өңдеу цехын салу және дайын өнім көлемін арттыру мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.
Бұдан бөлек, «Елырыс» мал сою пункті мен ет консервілеу цехының жұмысы таныстырылды.
Аудан әкімі Ж.Қаражанов облыс әкіміне ауданның бірқатар өзекті мәселелері бойынша баяндап, ұсыныстарын жеткізді.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша өңір басшысы аудандағы проблемалық мәселелерді жүйелі шешу, нысандардағы жұмыстарды сапалы жүргізу және белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.
Жылыой ауданында «Атырау» футбол клубы академиясының аудандық филиалының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға аудан әкімі Ж.Қаражанов пен «Атырау» футбол клубының бас директоры А.Тілеужан қатысып, «Атырау» футбол клубы академиясының Жылыой аудандық филиалын ашу және өзара ынтымақтастықты дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды.
Салтанатты рәсімде аудан әкімі Ж.Қаражанов сөз сөйлеп, футбол академиясы филиалының ашылуы балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға, бұқаралық спортты кеңінен насихаттауға және болашақта ел намысын қорғайтын талантты спортшыларды тәрбиелеуге жол ашатын маңызды қадам екенін атап өтті.
Іс-шара барысында «Атырау» футбол орталығының атынан жылыойлық жас спортшыларға сыйлықтар табысталды. Футбол клубының U-21 командасының ойыншылары мен «Атырау» футбол орталығының бапкерлері жас спортшыларға арналған шеберлік сағатын өткізіп, ойын тактикасының негізгі элементтері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай-ақ, 2014–2015 жылы туған жасөспірімдер арасында жолдастық кездесу матчы өтіп, жас футболшылар өзара бақ сынады.