2022 жылғы 25 ақпанда аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің төрағалығымен Жылыой ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жергілікті ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Комиссия отырысына комиссия мүшелері, Жылыой ауданы құрылыс бөлімі және Жылыой ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшылары қатынасты.
Комиссия отырысында күн тәртібіне сәйкес мәселелер қаралды. Атап айтқанда: 1) құрылыс саласында сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған жұмыстар туралы; 2) денсаулық сақтау саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы; 3) әлеуметтік қорғау саласында сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылақтарға жол бермеу жөнінде қабылданып жатырған шаралар туралы мәселелер қаралды . Комиссия отырысы барысында жауапты тұлғаларға және комиссия мүшелеріне нақты тапсырмалар беріліп, хаттамада көрсетілді.