Жылыой аданы бойынша әлеуметтік және инженерлік инфра-құрылымдарды дамыту шаралары туралы
БАЯНДАМА
2021 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-Ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы жарияланды.
Жолдауда Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі тың инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, жаңа мемлекеттер мен компанияларды тарту, қызмет көрсету сапасын жақсарту және транзиттік бағдарлардағы жылдамдықты арттыру есебінен өсуге тиіс делінген.
Жылыой ауданы 1928 жылы құрылды, аумағы 29,3 мың шаршы шақырымға тең, ол облыс аумағынан 24,7 пайызын құрайды. Аудан құрамына 1 қала, 1 кент, 5 ауылдық округ кіреді. 1 қарашадағы жағдай бойынша ауданның халық саны – 84 785 адам.
2021 жылғы 1 желтоқсанға негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 1 триллион 805 млрд.теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 635 млрд. теңге.
Газдандыру
Жылыой ауданы 100 пайыз газдандырылған.
Құлсары қаласындағы «Болашақ» ықшам ауданын және Жаңа Қаратон кентінде жаңадан салынып жатырған ықшам аудандарын газдандыру мақсатында жобалық сметалық құжаттама жасақтау үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 3,0 млн.теңге бөлініп, құжаттары дайындалуда.
Су мәселесі
Аудан бойынша 6 су тазарту қондырғылары және 2 дана 5 мың текше метрлік су сақтауға арналған 2 резервуар бар. Аудан халқының 98,7% су желісі арқылы, ал қалған 1,3% автокөлікпен тасымалдау арқылы су тұтынуда.
Қарағай елді мекеніне су жүйесі құрылысы 2019 жылы басталып, 2021 жылдың қараша айында жұмысы аяқталды, мемлекеттік актпен қабылданды. Су жүйесі пайдалануға берілгеннен кейін тасымалдау арқылы су тұтыну 0,9 пайызға дейін төмендемек.
Аудандағы проблемалардың бірі Құлсары қаласындалас су тазалайтын (КОС) имаратын салу. Лас су тазалайтын (КОС) имараты болмағандықтан лас сулар далаға кетіп, экологиялық проблемалар туындауда.
Бүгінгі таңда КОС салу мақсатында қажетті жер учаскелері бөлініп, жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, сараптамадан өткізілді. Жобаны «Жылыойсу» МКК-нын сенімгерлік басқаруға алған «Газмунайсервис» ЖШС- мен іске асырылмақ.
Сонымен қатар, Жаңа Қаратон кентінде де лас су тазалайтын (КОС) имарат қажет. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасына жасақтауға қаржы қарастыруды қажет етеді.
Құлсары қаласында кәріз айдау станциясын қайта жаңғырту мақсатында бюджеттен қаражат бөлініп (135,2 млн.теңге) бүгінгі таңда мердігер мекеме «Сапа Құрылыс 2007» ЖШС-мен құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының жүргізу мерзімі 6 ай құрайды.
Жаңа Қаратон кенті бойынша кәріз айдау станциясын қайта жаңғырту мақсатында жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптамадан оң қорытынды алынды. Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім берілді.
Жолдар
Аудан көлеміндегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 1202 шақырым, оның ішінде республикалық маңыздағы
249 шақырым, аудандық маңыздағы 347 шақырым,жергілікті маңызы бар жолдар 606 шақырымды құрайды.
Құлсары қаласында қалаішілік жолдар 416 шақырымның, 2018 жылға дейін 139 шақырым жол қанағаттандырарлық жағдайда болатын немесе 33 пайызды құрады.
«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2019-2021 жылдар аралығында 1 кезеңмен – 45 шақырым, 2 кезеңмен – 34 шақырым жол қайта жаңғыртылып, қанағаттандырарлық жол 53 пайызға жетті.
Қазіргі таңда 3 кезеңмен 31 шақырым жолдың жобалау сметалық құжаттамасы дайын сараптамада.
Құлсары қаласында жаңадан салынған Атырау және Болашақ ықшам аудандарында автомобиль жолдарын салуды қажет етеді.
Атырау ықшам ауданында ұзындығы 22 шақырым жаяу жолы бар автомобиль жоладырын салуға (жоба қүны 4591 млн.тенге) 2021 жылы жергілікті бюджеттен 48,0 млн.теңге қаражат бөлініп, жұмыстары басталды.
Сонымен қатар, Болашақ ықшам ауданында ұзындығы 69шақырым құрайтын жоба құны 10346 млн.тенге қалаішілік автомобиль жолдарын тротуарымен қоса құрылысын бастауды қажет етеді, мемлекеттік сараптамадан қорытындысы алынды.
Жаңа Қаратон кентінде 33 шақырым автокөлік жолдарын қайта жаңғырту жүргізілуде (жоба құны 3 322 млн.теңге), 2021 жылы жұмысын бастауға 162 млн теңге қаражат бөлінді.
Ауылдық елді мекендерде ауылішілік жаңа автокөлік жолдарын салуды қажет ететін 89 шақырым жолдар бар, соның 5 ауылдық елді мекенде ауылішілік жаңа автокөлік жолдарын салуға ұзындығы 14 шақырым жолды салуға ЖСҚ дайын (жоба құны 1960 млн.тенге).
Жобалар «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасына ұсынылды.Жобалар іске асырылған жағдайда қажеттіліктің 16 пайызы қамтамасыз етіледі деп күтілуде.
Жаңа Қаратон кентіндежаңадан салынып жатырған ықшам аудандарда 30 шақырым актокөлік жолдарын тротуарымен қоса құрылысына мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жоба құны 3 871 млн.теңгені құрайды.
2021 жылы Қарағай ауылына кірме жолдарына күрделі жөндеу жүргізу (7 шақырым) жұмыстары басталуда, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1 млн. теңге қаралды.Нысан ауыспалы.
Құлсары қаласының Құрсай өзегінен Нұрманов және Сариев көшесін жалғайтын көпір құрылысын салуға (0,8 шақырым) жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1 млн. теңге қаралды. Нысан ауыспалы.
Электрофикация
Аудан толығымен электрлендірілген.
«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» шеңберінде Құлсары қаласында электрмен жабдықтау нысанының құрылыс жұмыстары(подстанция) жүргізілуде (жоба құны 2 555 млн. теңге, мердігер–ЖШС "АЙКОМ LTD"). 2021 жылы ҚР Ұлттық қоры есебінен 1 805 млн.теңге қаражат қаралып, 1027 млн.теңгесі игерілді. Нысан ауыспалы.
«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы шеңберінде «Құлсары қаласына электр желілерін қайта жаңғырту» жобасы аясында мердігер мекеме «Электромонтаж» ЖШС-гі жеңімпаз болып анықталды. Жоба құны 1 346 млн.теңге.2021 жылы құрылыс жұмыстарын бастау үшін жергілікті бюджеттен 1 млн.теңге қаралды. Нысан ауыспалы.
Қосшағыл ауылында электрмен жабдықтау жүйелерін қайта құруға 161 млн.теңгені құрайтын жоба мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жоба «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасынан қаржыландырылуға ұсынылды.
Сонымен қатар «TNS Intec» ЖШС-мен мемлекеттік –жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында 68 шақырым көше жарығының құрылысына жергілікті бюджеттен 2,5 млрд.теңге қаралып, игерілді. Жобаның жалпы ерекшелігі мердігер мекеме мемлекеттік жекешелік әріптестік бағдарламасы шеңберінде 3 жыл (2020-2021-2022) күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізеді.
Бүгінгі таңда Құлсары қаласы бойыншакөше жарығы жүргізілмеген 80 шақырымға алғашқы іздестіру жұмыстары (ПИР) жасақталып, жобалық сметалық құжаттама жасақтау үшін облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім берілді.
Тұрғын үй мәселесі
Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттің ұдайы назарында ұсталатын маңызды міндеттердің бірі. Осы орайда, жыл басынан бері қалада 70624 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде, халықтың өз қаражаты есебінен салынған үйдің ауданы 65489 шаршы метрге немесе 103%-ға тең.
Құлсары қаласында 231 көп қабатты үй бар (132 үй-2 қабатты, 14 үй-3 қабатты, 5 үй-4 қабатты, 80 үй-5 қабатты), олардың басы өткен ғасырдың 50-60 жылдары салынған, ал соңғысы 2015 жылы пайдалануға берілген. Негiзгi бөлiгi өткен ғасырдың 60-70 жылдарына дейiн салынған үйлерден тұрады. Бұл үйлер жыл сайын тозады. Қазіргі таңда баспанаға мұқтаж 1300-ден аса адам тұрғын үй кезегіне тіркелген.
Құлсары қаласынан 100 пәтерлік 3 тұрғын үйдің құрылысы аяқталған жағдайда, 300-ге жуық аудан тұрғындары жайлы баспанамен қамтылатын болады (7 488 млн. теңге, мердігер – «Каспийская кадровая Ассоциация» ЖШС).
Сонымен қатар, аудан орталығынан тағы да осы типті 3 қатарлы 60 пәтерлік 1 тұрғын үйдің («NCOC» ЖШС-нің демеушілігімен) құрылысы басталды.
Құлсары қаласында құны 6 529,3 млн.теңгені құрайтын 5 қатарлы №4,5,6 - 3 тұрғын үй салуға мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.
Аталған жобалар іске асырылған жағдайда кезектегі 660 тұрғын үймен қамтылмақ.
Көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша 2018-2021 жылдары жол құрылысына 6 808,1 млн.теңге бөлініп, 74,9 шақырым жол салынды. 2018 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша жақсы және қанағаттанарлық күйде тұрған облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 71% -дан 88,4% -ға жеткізілді (2018-71%, 2019– 72%, 2020-88,4%).
Жобалар
Жылыой ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен "ТШО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Қоғамдық кеңістіктер" жобасы аясында 2020 жылы ауданға қарасты кент және ауылдық округтерде 12 жоба жүзеге асып, халықтың ілтипатына оранды.
Осы орайда, Жылыой ауданы әкімдігі "ТШО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне ұсыныспен шығып, "Қоғамдық кеңістіктер" жобасына 2021 жылға жоба мөлшерін 50-ге дейін көтеруге ұсыныстар енгізілді.
Енгізілген ұсыныстар "ТШО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қабылданып, қазіргі таңда Жылыой ауданы бойынша 47 жоба жүзеге асты.
Оның ішінде Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласы, Жаңа Қаратон кентінде және ауылдық округтерде қоғамдық ұйымдармен, тұрғындардың өздерінің ұсыныстарына сәйкес инженерлік, әлеуметтік нысандар (балалар ойын алаңдары, көпір, мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға қажетті құралдар т.б) пайдалануға берілді.