Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 баптары, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 62, 63, 64, 65 баптары, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 81, 84 баптары Жылыой аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы №26-2 «Аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №17-20 «Құлсары қаласының бас жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі және «Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі №06-03-10/482 хаты негізінде Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қараусыз қалған және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануындағы жер учаскелері аялдама орнатуға кедергі келтіруіне байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Жер учаскесінің меншік иесі мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап «Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келісу рәсімдерін жүргізу үшін өтініш білдірсін.
  3. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен алты айдан кейін 2026 жылдың 14 қазанына дейін деп айқындалсын.

          4.7«Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекетік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2.   Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудан әкімі                                                                                   Ж.Қаражанов

 

                                                                                                                              Жылыой ауданы әкімдігінің

2026 жылғы  «___» _______

№___ қаулысына қосымша

                     

Құлсары қаласында орналасқан аялдамалар тізімі

 

№

Орналасқан жері

Кадастрлық нөмері

Меншік иесі

Нысаналы мақсат

Көлемі (кв м)

1

Керей Зақарияұлы көшесі

№47 құрылыс

04:059:024:1613

Адирбекова Бакытжан

дүкен -аялдама үшін

60

2

Шафих Ізбасов көшесі

№66 құрылыс

04:059:025:156

Мукташев Куаныш және

Мукташева Гульзия


кәсіпкерлік мақсаттар үшін

73

3

Шафих Ізбасов көшесі

№57 құрылыс

04:059:024:4505

Урингалиев Берик және Кусайнова Шаттыкгул

дүкен және аялдама құрылысын салу үшін

150

4

3 ықшам ауданы Қуаныш Сатанғұлов көшесі

04:059:024:801

Азбергенова Мейрамгуль

кәсіпкерлік мақсаттар үшін

240

5

Сырым Датұлы көшесі

№330 құрылыс

04:059:025:1524

Карасаева Гулжамига

дүкен -аялдама үшін

40

6

Сырым Датұлы көшесі

№42 құрылыс

04:059:025:921

Нигматуллина Сания

және Есенов Амангельды

дүкен -аялдама үшін

28

7

Сырым Датұлы көшесі

04:059:025:3152

Бисенгужиева Курманбике

дүкен үшін

80

8

Балуан Шолақ көшесі

№60 құрылыс

04:059:025:1017

Базарова Сандугаш

дукен және шаштараз ушін

96

9

Махамбет Өтемісов даңғылы

№152 құрылыс

04:059:025:1520

Канатова Айнель

дүкен, сұлулық салоны және кеңсе үшін

150

10

Исатай Тайманов даіғылы

1-а

04:059:007:514

Кожабаева Майя және Кожабаев Тлеген

дүкен -аялдама үшін

45

11

Махамбет Өтемісов даңғылы

№145 А құрылыс

04:059:007:1116

Салов Вадим және Мухитова Салтанат

Дәріхана және аялдама үшін

40

12

Ғаббас Сарқытов көшесі

№155 құрылыс

04:059:026:4196

Натипова Айнур және Жиенкулов Аман

дүкен үшін

88

 

 

 

---------------------------

 

 

Дата публикации
20 апреля 2026